ОҚулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 Әож 78(574)(075)



бет17/17
Дата05.11.2016
өлшемі7,09 Mb.
#526
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Ән жанры. Бұл салада С. Мұхамеджанов, Ә. Еспаев, Ш. Қалдаяқов, М. Маңғытаев, Е. Хасанғалиев, Ә. Бейсеуов секілді талант иелері жемісті еңбек етті. Солардың қатарынан Шәмші Қалдаяқов әндері ерекшеленеді. Олар қазақ музыкасындағы ән жанрының елеулі бір кезеңін құрады. Ш. Қалдаяқов сонау 1942 жылғы «Екі той» атты радиоқойылымға музыка жазған Л. Хамидиден бастау алатын вальс жанрын одан әрі дамытып, оған жаңа сипат, соны мазмұн берді; биік белеске көтерді. Композитордың «Қайықта», «Ақ маңдайлым», «Кешікпей келем деп ең», «Қаракөз», «Сыр сұлуы», «Ақ бантик» секілді лирикалық әндері сол жылдарғы жастардың эстетикалық талап-талғамдарына жауап берген туындылар ретінде қазақ музыкасының алтын қорынан орын алса, «Менің Қазақстаным», «Ана туралы жыр», «Бақыт құшағында» секілді әндері бірде патриотизм, бірде ана, енді бірде нәзік те сұлу сезімді жырлады.

Ш. Қалдаяқов әндері – 60-70 - жылдардағы қазақ музыкасындағы аса елеулі құбылыс. Оның шығармалары қазақ ән жанрының бүтін бір кезеңін құрады.

Бұл кезеңдегі ән жанрының дамуына Нұрғиса Тілендиевтің қосқан үлесі де елеулі. Композитордың «Құстар қайтып келеді», «Саржайлау», «Әке туралы жыр», «Куә бол», «Алатау» атты көркем шығармалары бүкіл қазақ қауымының сүйіп орындайтын шығармаларына айналды. Сол сияқты Әблахат Еспаевтың «Ақ Сәуле», «Маржан қыз», «Қайдасыңдар, достарым», «Ұстазым», «Жайық қызы», Е. Хасанғалиевтің «Атамекен», «Анаға сәлем», «Елігім-еркем», «Асыл арман», «Гүлсезім», «»Әдемі-ау», «Сағындым сені», «Жанарым», Әсет Бейсеуовтің «Армандастар», «Алтыным», «Сырласу», «Мұңайма», «Жеңеше», Өмірбек Байділдаевтың «Туған ел», «Қимаймын сені», Теміржан Базарбаевтың «Ауылым», Илья Жақановтың «Әсел», Бекен Жамақаевтың «Қазақ вальсі» де ел назарына іліккен шығармалар қатарынан орын алды.

Бұл кезеңде Қазақстанда орындаушылық шеберлік те дамыды. Белгілі өнер шеберлері Венгрия (1970, 1973), Германия (1970, 1972, 1975), Польша (1971, 1975), Моңғолия (1971), Чехословакия (1972, 1974), Куба елдерінде болып, өз өнерлерін көрсетті. Азияда - Сингапур, Малайзия, Шри-Ланка, Пәкістан (1973), Үндістан; Еуропада - Финляндия (1971), Франция, Германия (1972), Италия (1976), Швеция (1970, 1984) елдерінде өткізілген мәдениет күндерінде Қазақстанның еңбек сіңірген ұжымдары - Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрі, хор капелласы, ән-би ансамблі, классикалық би ансамблі, "Отырар сазы" фольклорлық-этнографиялық оркестрі, "Гүлдер", "Дос-Мұқасан", "Арай" ансамбльдері, "Сазген" этнографиялық ансамблі, т.б. қатысты. КСРО халық артистері - Р. Бағланова, Б. Төлегенова, Е. Серкебаев және Р. Жамановалардың қатысуымен қойылған концерттерді шет ел көрермендері аса жоғары бағалады.

70-жылдары қазақ музыкасына көптеген талантты жастар келіп қосылып, Бүкілодақтық және республикалық бәйгелердің жүлдегерлері атанды. Олардың қатарында Паганини атындағы халықараралық скрипкашылар байқауының (Италия, Генуя, 1971) лауреаты Э. Накыпбекова, Глинка атындағы бүкілодақтық әншілер бәйгесінің (Мәскеу, 1976) лауреаты М. Мұсабаев, осы байқаудың дипломанты Р. Жұбатырова, бүкілодақтық дирижерлер байқауының (Мәскеу, 1976) лауреаты Т. Мыңбаев, Герберт фон Кароян қорының халықаралық байқауының дипломанты (1978) Т. Әбдірашев, Глинка атыңдағы бүкілодақтық әншілер байқауы (1975) мен Р. Шуман атындағы халықаралық әншілер байқауының (Германия, Цвиккау, 1977) және Рио-де-Жанейрода өткен әншілердің халықаралық байқауының (Бразилия, 1979) лауреаты Ә. Дінішев, халықаралық скрипкашылар байқауының (Белград, 1977) дипломанты және халықаралық скрипкашылар байқауының (Жапония, Токио) лауреаты А. Мұсаходжаева, Глинка атындағы бүкілодақтық әншілер байқауының (Мәскеу, 1977) лауреаты, әнші Ғ. Есімов, Болгарияда өткен халықаралық эстрада әндері байқауының (Болгария, София, 1977) "Алтын Орфей" жүлдесін жеңіп алып, "Алтын микрофон" атты халықаралық байқауда (Түркия, Стамбул, 1979) екінші орыңды иеленген әнші Р. Рымбаева бар.

Бұл кезеңде ән жанры ерекше қарқынмен дамып, көпшіліктің ізгі ой-армандарын білдіретін, сүйіп орындайтын шығармалар санатына қосылды.

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ МУЗЫКАСЫ

ХХ ғасырдың аяғы - қазақ музыкасының биік белеске көтеріліп, классикалық жанрлардың барлығын дерлік еркін меңгеріп әкеткен мерзімі саналады. Бұл кезеңде қазақ музыкасы өмір шындығын дыбыстық көркем бейнелермен сомдайтын өнердің ұлттық саласына айналды. Қазақ музыкасы әлем сахнасына одан әрі танылда түсті.

Қазақстан композиторлары ірі музыкалық жанрларды одан әрі игеріп, опера, оратория, симфониялық шығармалар жазды. Солардың қатарында Ғ. Жұбанованың Жеңістің 40-жылдығына орай жазылған «Жиырма сегіз» атты операсының салмағы елеулі болды. Опера КСРО мемлекеттік сыйлығына үміткер туындылар санатында Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қаласында қойылды.

Осындай даму, жетілу үстіндегі музыка өнері күрт өзгерістерге душар болды. XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басы еліміздегі ғылым, әдебиет және өнердің құлдырау кезеңі деп бағалауға болады. Кешегі алып мемлекет - КСРО ыдырап, жеке республикалар егенмендігін алып жатты. Оның өзі бұрынғы орталықтандырылған ірі завод, фабрикалардың тарауына ұласып, жаппай жұмыссыздыққа әкеліп соқтырды. Осы жылдары ғылым мен өнердің басқа салалары секілді музыка өнері де құлдырау кезеңін бастан кешірді.

Осы себепті 90-жылдары қазақ музыкасының дамуы белгілі дәрежеде тежелді. Бұрын музыкалық шығармасы үшін авторға төленетін қаламақы жүйесі жойылып, көркем шығармаларға мемлекет тарапынан қамқорлық жасалмады. Композиторлар одағы да мемлекеттік бюджеттен шығарылып, қоғамдық ұйымға айналып кете барды. Мұны көрген бірқатар композиторларымыз бен өнер қайраткерлеріміз шетел асты.

Бұл – бұрын қалыптасқан мәдени құндылықтарымыздың таным таразысына қайта түскен кезі. Оның зардабы жеке шығармашылық тұлғаларға да тиді. Мысалы, осы кезеңде мемлекеттік симфониялық оркестр, Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрі, республикамыздағы хор капелласының тәжірибелі жетекшілері – бас дирижерлары ауысты.

Дегенмен, аға буын композиторларымыз шығармашылық жұмыстарын жалғастыра берді. Мысалы, композитор Б. Жұбаниязов ұзақ жылдар бойы «Махамбет» (либреттосын жазған Б. Аманшин) операсын жазып, еліміздегі мәдени тоқырау жылдарына қарамастан жемісті еңбек етті. Егемендігімізді орнықтыра түсу мақсатында көрнекті композитор Е. Рахмадиев «Абылай хан» (либреттосын жазған Ә. Кекілбай) операсын жазуға кірісті. 2003 жылы мамыр айында Базарбай Жұманиязовтың "Махамбет" операсының беташар қойылымы өтті. Араға бірер жыл салып «Абылай хан» операсы да сахналанды. Бұл екі операны XXI ғасырдың бас кезіндегі қазақ музыкасының ірі туындылары қатарында бағалауға болады.

Композиторларымыз өздерінің шама-шарқына қарай еңбектеніп, ұлт аспаптар оркестрі мен фольклорлық-этнографиялық оркестрге шығармалар жазды. Солардың қатарында Н. Тілендиев шығармашылығын ерекше атауға болады. Оның алғаш домбыра аспабына жазылған «Ата толғауы» кейін «Отырар сазы» оркестріне түсіріліп, жұртшылықтың көңілінен шықты.

Композитордың «Махамбет» атты поэмасының да көркемдік қуаты жойқын. Фольклорлық-этнографиялық оркестрдің бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, Н. Тілендиев ұлттық сипаты басым көркем де қуатты шығарма берді. Оны ұлт аспаптар оркестріне жазылған шығармалардың басына қоюға болар еді.

Уақыт өткен сайын Қазақстан композиторларының құрамы да жасара түсті. Бұрын Е. Г. Брусиловскийдің класын бітірген аға, орта буын композиторларымыздың ізін Жолан Дастенов, Тілес Қажығалиев, Алмас Серкебаев, Жоламан Тұрсынбаев, Кеңес Дүйсекеев, Төлеген Мұхамеджанов, Бахтияр Аманжолов, Балнұр Қыдырбек, Бейбіт Дәлденбаев, Қуат Шілдебаевтар басты. Олардың артынан Омархан Несіпханов, Әділ Бестыбаев, Серік Еркімбеков, Жұматай Тезекбаев, Артық Тоқсанбаев, Исламбек Мамақов, Тынысбек Қоңыратбаев, Әліби Мамбетов, Ақтоты Райымқұлова, Регул Жүнісов, С. Әбдінұров, т.б. жас авторлар шықты. ХХ ғасырдың 80-жылдары Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның композиторлық бөлімін аяқтаған бұл жас авторлардың барлығы дерлік ірі оркестрлік шығармалар, ән, аспаптық шығармалар жазды. Камералық, аспаптық, вокалдық шығармалары да концерттік сахналардан орындалып, музыкалық-репертуарлық жинақтарға еніп келеді.

Егемендік жолына түскен елімізде орындаушылық шеберлігі одан әрі дами түсті. Ж. Виотти атындағы халықаралық пианистер байқауының (Верчелли, 1980) үздік I сыйлығына ие болған Г. Кыдырбекова, М. Лонг және Ж. Тибо атындағы байқаудың (Франция, Париж, 1983) жеңімпазы атанған Ж. Ж. Әубәкірова, халықаралық скрипкашылар байқауының (Париж, 1985) лауреаты Г. Мырзабекова есімдері осы кезде алғаш танылды.

ХХ ғасырдың аяқ шенінде Францияда өткен қазақ күндерінде Ж. Әубәкірова жеке концертімен, М. Бисенғалиев (скрипка), А. Бөрібаев (виолончель), Т. Ормантаев (пианино), әншілер М. Мұхамедқызы мен Н. Үсенбаева өз өнерлерін көрсетті.


Музыкатану ғылымы. Қазақ мәдениетінің аясында музыкатану ғылымы да қанатын кең жайып келеді. Арғы жердегі А. Затаевич, А. Жұбанов, Б. Ерзакович, И. Дубовский, Ю. Аравин, М. Ахметова секілді аға буын ғалымдарымыздың қазақ музыкасын зерттеуге қосқан үлестерін былай қойғанда, З. Қоспақов, С. Күзембаева, Н. Кетегенова, Т. Бекхожина, Ә. Мұхамбетова, С. Елеманова, Б. Қарақұлов, Қ. Жүзбасов, Ү. Жұмақова, П. Шегебаев сияқты көптеген музыка зерттеушілерінің табыстары да аз емес.

Бүгінде қазақ музыкасы бірнеше салада зерттеліп келеді. Бірі – музыкалық фольклор, екіншісі – халықтық-аспаптық музыка, үшіншісі – халықтық-әншілік өнер, төртіншісі – бүгінгі музыкалық үдрісті қамтып жатады. Кезінде А. Жұбанов негізінен XIX ғасырдағы халық әншілері мен күйшілерінің ғұмырбаянын зерттеген болса, Б. Ерзакович – халық әндерін, З. Қоспақов - музыка фольклорын, Ә. Мұхамбетова - домбыра музыкасын, С. Елеманова - Арқаның әншілік дәстүрін, Б. Қарақұлов - халық музыкасындағы симметрия мәселелерін, Н. Кетегенова - аға және жас буын композиторлар шығармашылығын зерделеп келеді. Өзге ғалымдарымыз да қазақ музыкасының жекеленген өзекті мәселелерін зерттеумен шұғылдануда. Құрманғазы атындағы консерватория ұжымы шығарған «История казахской музыки» (2000), С. Джансеитованың «Казахская музыкальная терминология» (1992), С. Даукееваның «Философия музыки Абу Насра Мухаммада аль-Фараби» (2002), Г. Бегалинованың «Казахский музыкальный язык» (2001) атты еңбектері музыкатану ғылымының өсу, даму белестерінен хабар береді.

Соңғы кездері қазақ музыкасын аймақтық негізде зерттеу ісі де қолға алынып отыр. Жетісу, Шығыс, Қаратау өңірі, Сыр бойындағы күйшілік өнерге арналған еңбектер жазылды. Қазақстанның түрлі аймақтарындағы музыкалық-эпикалық дәстүрге қатысты зерттеулер де бой көрсетті. Б. Оспановтың «Дад» дастаны» (2001), М. Әбуғазының «Шығыстың шыңырау күйлері» (2009), т.б. басылымдар соның айғағы. Бұл бағыттағы ізденістердің кемшіліктері де жоқ емес. Оны Махамбеттің музыкалық мұрасы тұсында арнайы сөз еткеніміз бар («Махамбет және өнер». – Алматы, 2004).

90-жылдары құлдырауға душар болған қазақ музыкасының қайта жандануына Құрманғазы атындағы Ұлттық консерватория мен Астана қаласындағы өнер университетінің қосқан үлесі ерекше. Бұл арнайы музыкалық білім беретін жоғары оқу орындары республика шеңберінде маман даярлау ісімен үздіксіз шұғылданып келеді.

Қазіргі музыка мәдениетінің дамуына Қазақстан Композиторлар одағының тигізіп отырған ықпалы да елеулі. Б. Қыдырбек жетекшілік жасайтын шығармашылық ұйым соңғы жылдары Композиторлар одағының пленум, съездерін тұрақты түрде өткізіп, композиторларымыздың шығармаларын насихаттауға өз үлесін қосып келеді. Осындай музыкалық форумдар арқылы композиторларымыздың тың, жаңа туындылары көпшілік назарына ұсынылып жүр.

Қайта түлеген қазақ музыкасының жетістіктерін насихаттау мақсатында 2004 жылдан бастап «Музыка әлемінде» - «В мире музыки» атты журнал екі тілде шыға бастады. Ұйымдастырушысы әрі бас редакторы – Т. Қоңыратбай. Журнал бетінде қазақ музыкасының өзекті мәселелеріне орын беріліп, ұлттық музыка тарихы мен теориясы, орындаушылық шеберлік, музыканы оқыту мәселелеріне қатысты мақалалар жарияланды.

Осы кезеңде республикамыздағы музыкалық білім беретін жоғары оқу орындарына арнап оқулық шығару ісі де қолға алынды. Т. Қоңыратбайдың «Ел мұрасы» (2004), «Әлемдік өнертану» (2010), Ә. Әбдікәрімовтің «Музыка теориясы» (2006), «Родному вузу – наш талант» (2005), Н. Кетегенованың «Творческие портреты композиторов Казахстана» (2009) атты еңбектері соның бір парасы.

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының аясында көп томдық «Қазақ музыкасы» атты ноталық антология жүзеге асып жатыр. Басылымның ғылыми жетекшісі – С. Ә. Күзембаева. Оның алғашқы бес томы жарық көріп болды. Оған қазақ халқының көне музыкалық сарындарынан бастап күрделі де көркем күйлеріне дейін еніп келеді. Олар белгілі бір хронологиялық жүйеге түсіріліп, жанрлық негізде топтастырылған.

Осының бәрі бүгіңде қазақ музыкасының аяғынан тік тұрған, әлем мәдениетінен алатын өзіндік орны бар өнер саласы екенін айғақтайды. Оның көтерілер биіктері, алар асулары әлі алда.

Тест сұрақтары
1. Бүкілқазақстандық халық өнерпаздарының 1 слеті қай жылы өтті?

А) 1934


Ә) 1936

Б) 1945


В) 1975

Г) 1977


2. «Жалбыр» операсының авторы кім?

А) Жұбанов

Ә) Брусиловский

Б) Хамиди

В) Коцых

Г) Рахманинов

3. "Аққұс туралы аңыз" қандай шығарма?

А) Балет


Ә) Кантата

Б) Опера


В) Симфония

Г) Сюита


4. "Әлия" балетінің авторы кім?

А) Жұбанов

Ә) Затаевич

Б) Иванов

В) Сокольский

Г) Сағатов

5. Халық аспаптар оркестрі қай жылы

құрылды?


А) 1926

Ә) 1934


Б) 1946

В) 1979


Г) 1989

6. Қазақ мәдениетінің Москвадағы 1онкүндігі қашан өтті?

А) 1927

Ә) 1945


Б) 1948

В) 1984


Г) 1936

7. БКП(б) ОК-нің музыка өнеріне қатысты қаулысын көрсет?

А) 1948, 1958ж.

Ә) 1926, 1932 ж.

Б) 1950, 1966 ж.

В) 1960, 1999 ж.

Г) 1973, 1978

8. А. Жұбановтың өмір сүрген жылдары?

А) 1906-1968

Ә) 1904-1973

Б) 1897-1952

В) 1900-1986

Г) 1907-1921

9. "Қазақ композиторларының өмірі мен творчествосы" қай жылы шыққан,

авторы кім?

А) Ерзакович, 1933

Ә) Жұбанов, 1942

Б) Затаевич, 1936

В) Иванов-Сокольский, 1964

Г) Иванов, 1954

10. "Гүлденген Қазақстан" симфониясының авторы кім?

А) Ерзакович

Ә) Брусиловский

Б) Қашаубаев

В) Жұбанов

Г) Жақаев

11. Қашаубаев Парижге қай жылы

барды


А) 1918

Ә) 1955


Б) 1931

В) 1925


Г) 1911

12. "Тұтқын қыз" қандай шығарма?

А) Опера

Ә) Кантата

Б) Симфония

В) Балет


Г) Оратория

13. "Ризвангүл" қандай туынды?

А) Ән

Ә) Романс



Б) Симфониялық поэма

В) Опера


Г) Баллада

14. «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрін құрған кім?

А) Қажығалиев

Ә) Тілендиев

Б) Жұбанов

В) Дугашев

Г) Мұратбаев

15. "Қазақ вальсінің" авторы кім?

А) Брусиловский

Ә) Баяхунов

Б) Мусин

В) Хамиди

Г) Тілендиев

16. "Қамар сұлу" қандай шығарма? Авторы кім?

А) Симфония, Рахмадиев

Ә Опера, Рахмадиев

Б Балет, Қожамияров

В Романс, Брусиловский

Г Кантата, Тілендиев

17. "Біржан-Сара" қандай шығарма?

А) Симфония

Ә) Опера


Б) Балет

В) Романс

Г) Фуга

18. "Айсұлу" кімнің шығармасы?



А) Жұбанов

Ә) Мұхамеджанов

Б) Хамиди

В) Брусиловский

Г) Хмельницкий

19. "Алпамыс" операсының авторы кім?

А) Брусиловский

Ә) Ерзакович

Б) Қожамияров

В) Рахмадиев

Г) Чайковский

20. "Қыз Жібек" қай жылы жазылды?

А) 1934

Ә) 1937


Б) 1942

В) 1966


Г) 1988

21. «Ғасырлар үні» қандай шығарма?

A) Оратория

Ә) Симфония

Б) Кантата

В) Балет


Г) Балет

22. Москвадағы қазақ өнерінің 2-ші онкүндігі қай жылы болды?

A) 1956

Ә) 1958


Б) 1959

В) 1976


Г) 1928

23. «Абай» операсының авторын көрсет?

A) Брусиловский

Ә) Затаевич

Б) Мұхамеджанов, Сағатов

В) Иванов-Сокольский

Г) Жұбанов, Хамиди

24. «Ғасырлар үні» неше бөлімнен тұрады?

A) Тоғыз

Ә) Алты


Б) Төрт

В) Сегіз


Г) Он екі

25. «Жас қазақ» әнінің авторы кім?

A) Затаевич

Ә) Елебаев

Б) Хамиди

В) Брусиловский

Г) Егізбаев

Студенттердің өзіндік жұмысы






Тақырып атауы мен мазмұны


1.

Қазақ музыкасы шетел ориенталистерінің еңбектерінде.

А. Затаевичтің музыкалық-этнографиялық қызметі.

БКП(б) ОК 1932 жылғы қаулысы туралы. Қазақстанда кәсіби музыка өнерінің тууы.


2.

30-жылдарғы симфониялық музыка.

Қазақ мәдениетінің москвадағы алғашқы он күндігі.



3.

Е. Брусиловский.”Қыз жібек” операсының драматургиясы. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ музыкасы.


4.

А. Жұбанов, Л. Хамиди. ”Абай” операсы.

Композициясы мен драматургиясы, көркемдік ерекшеліктері.



5.

40-50-жылдарғы симфониялық музыка.

Қ. Қожамияров. Ризвангүл” симфониялық поэмасы




6.

М. Төлебаев. ”Біржан-Сара” операсы.

Операның драматургиялық ерекшеліктері.




7.

БКП(б) ОК 1948 жылғы 10 ақпан күнгі музыка өнеріне қатысты қаулысы. СОКП ОК 1958 жылғы 28 мамырдағы қателіктерді түзеу туралы қаулысы.


8.

1957 жылғы ҚП ОК-нің әдеби-музыкалық мұраға қатысты қаулысының мәні. 50-жылдарғы симфониялық музыка.

9.

60-70-жылдарғы қазақ операсы.

С. Мұхамеджанов. ”Айсұлу”.




10.

60-70-жылдарғы қазақ балеті. Оратория, кантата.


11.

С. Мұхамеджанов. ”Ғасырлар үні” ораториясы.

Е. Рахмадиев. ”Конституция туралы поэма”.




12.

Қазақ өнері мен мәдениетінің екінші он күндігі.

«Құрманғазы» атындағы және «Отырар сазы» оркестрлері.



13.

80-90-жылдарғы музыка өнері.

Қазақ музыкатану ғылымы. А.Жұбанов – музыка зерттеушісі


ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ:

1. Қоңыратбаев Ә., Қоңыратбаев Т. Көне мәдениет жазбалары. - Алматы: «Қазақ университеті», 1991. – Б. 400.

2. Қоңыратбай Т. Қазақ халқының музыкалық мәдениеті мен фольклоры. - Алматы: «МерСал», 2003. - Б. 278.

3. Жұбанов А. Ғасырлар пернесі.- Алматы, 1975.

4. Жұбанов А. Замана бұлбұлдары.- Алматы, 1975.

5. Қоңыратбай .Т.Ә. Әлем музыкасы. – Алматы: «Өлке», 2009. – Б.480.

6. Қазақ музыкасы. Антология, 1-т. - Алматы, 2005. – Б.516.

7. Қазақ музыкасы. Антология, 2-т. - Алматы, 2005. – Б.514.

МАЗМҰНЫ
Кіріспе………….......................................................................................…............3


Бірінші бөлім
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ФОЛЬКЛОРЫ

Фольклор туралы ұғым...........................................................................................7

Фольклор шығармаларының белгілері мен сипаттары.....................................9

Музыка фольклорын зерттеушілер......................................................................11

Халық әндері..........................................................................................................14

Музыкалық-айтушылық өнер..............................................................................33

Фольклорлы аспаптар...........................................................................................37

Тест сұрақтары.......................................................................................................47

Студенттің өзіндік жұмысы..................................................................................52

Әдебиет тізімі.........................................................................................................53


Екінші бөлім
ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ МУЗЫКА МӘДЕНИЕТІ
Түркі дәуірінің музыкалық мәдениеті.................................................................54

Орта ғасырлардағы музыка өнері........................................................................57

Шығыс жазбаларындағы музыкалық-эстетикалық ой-сана.............................61

Музыкалық трактаттар.........................................................................................64

Хандық дәуір музыкасы.......................................................................................99

XIX ғасырдағы қазақ музыкасы.........................................................................111

Халықтық кәсіби-әншілік өнер..........................................................................111

Ақан сері........................................................................................................113

Біржан сал......................................................................................................118

Абай Құнанбайұлы.......................................................................................122

Жаяу Мұса.....................................................................................................125

Майра Уәлиқызы...........................................................................................127

Халықтық кәсіби-аспаптық музыка.................................................................142

Ықылас Дүкенұлы..........................................................................................142

Сармалай.........................................................................................................143

Төкпе күй дәстүрі................................................................................................144

Құрманғазы Сағырбайұлы............................................................................145

Дәулеткерей Шығайұлы................................................................................150

Қазанғап..........................................................................................................151

Дина Нұрпейісова............................................................................................152

Шертпе күй дәстүрі.............................................................................................153

Тәттімбет..........................................................................................................154

Тест сұрақтары....................................................................................................163

Студенттердің өзіндік жұмысы.........................................................................166

Әдебиет тізімі.................................................................................................168
Үшінші бөлім
ХХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ МУЗЫКАСЫ
Қазақ музыкасының 20-жылдарғы дамуы..................................................170

А. Затаевич..................................................................................................170

30-жылдарғы қазақ музыкасы........................................................................177

А. Жұбанов...................................................................................................178

40-50-жылдардағы қазақ музыкасы...........................................................182

60-70- жылдарғы қазақ музыкасы................................................................189

Қазіргі қазақ музыкасы...................................................................................194

Тест сұрақтары................................................................................................197

Студенттердің өзіндік жұмысы......................................................................201

Әдебиет тізімі..................................................................................................202



ҚОҢЫРАТБАЙ Тынысбек Әуелбекұлы
ҚАЗАҚ МУЗЫКАСЫНЫҢ ТАРИХЫ

оқулық

Басуға **.**.2011 ж. қол қойылды. Формат 60х90.

Қағазы офсеттік. Қаріп түрі «Times». Көлемі ** б.т.



Таралымы **** дана. Тапсырыс №**.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет