Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


VІ-VІІІ ғасырларда Шу алқабында түркі, соғды, сириялықтар



бет9/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А

VІ-VІІІ ғасырларда Шу алқабында түркі, соғды, сириялықтар мен парсылар қоныстанған 20-ға жуық ірі қалалар мен қоныстар болды. VII ғасырдағы қытай саяхатшысы Жетісу қалалары мен олардың халқы туралы сипаттап жазды. Жер өңдеушілер және қолөнершілер мен көпестер санының басым болғандығы айтылған. Мұның өзі Жетісу қалаларында сауда, қолөнер және жер өңдеу кәсібінің дамығанын білдіреді.
Шығыс Түрік қағанаты. Түрік қағанаты бөлінгеннен кейін олардың дамуы әртүрлі болды.



682 жылы Қытаймен соғыс нәтижесінде шығыс түркілер өздерінің мемлекетін қайта құрды. Қалпына келген мемлекет осы күнгі Монғолия аумағында құрылды.

Шығыс Түрік қағанаты Қапаған қаған (691-716 жылдар) тұсында Орталық Азияны бағындырды.





716 жылы Білге қаған Шығыс Түрік қағанатының билеушісі болды. Білге қаған мен оның інісі Күлтегін Түрік қағанатын қайта өркендетті. Білге Қытаймен соғыстағы жеңісі арқылы ұтымды бейбіт келісімге қол жеткізді. Сауда кеңейтіліп, Қытай императоры Түрік ордасына үлкен көлемде жібек жіберді. Бұл Қытайдың солтүстік шегарадағы бейбіт өмір үшін төлемі еді.



731 жылы Күлтегін, көп ұзамай Білге дүние салды. Орхон өзені маңында Білге мен Күлтегінге арналып құлпытастар орнатылды. Бұл құлпытастар Түрік қағанаты тарихының жылнамасы болып табылады.
Білге қаған мұрагерлері кезінде қағанат құлдырады. 744 жылы біріккен ұйғыр және қарлұқ күштері Шығыс Түрік қағанатын талқандады. Ашина әулеті өмір сүруін тоқтатты.


§ 3. Түргеш қағанаты (704-756 жылдар)


Халқы және жер аумағы. Түргештер VI ғасырда Батыс Түрік қағанатының құрамында болды. Олар Іле, Шу өзендерінің аралығын қоныстанып, Шу түргештері (сары түргеш) және Іле түргештері (қара түргеш) болып бөлінді. VII ғасырдың соңында түркілердің Қытайға қарсы күресі түргеш тайпаларының күшеюіне әкелді. 704 жылы түргештер Жетісуда өз саяси үстемдігін орнатты.



Түргештер әулетінің негізін Үшлік қаған қалады. Үшлік елді 20 әкімшілік аймаққа бөлді, оның әрқайсысы әскер шығарды. Ол бас орда етіп Шу өзені бойындағы Суяб қаласын белгіледі. Екінші ордасы Іле өзені бойындағы Күнгіт қаласында болды.

Түргеш қағанаты тарихындағы әйгілі билеушілер: мемлекеттің негізін қалаушы Үшлік және Сұлық (Сұлу). Олардың тұсында түргештер нығайып, Жетісудағы ең қуатты мемлекетке айналды.


Түргеш мемлекетінің жағдайы құрылған кезінен бастап күрделі болды. Оңтүстік-батыста олар арабтармен қиян-кескі күрес жүргізді. Оңтүстік-шығыста Қытай басқыншылығына төтеп берді, шығыстан Шығыс Түрік қағанаты қауіп төндірді.
Арабтармен күрес. VII ғасырдың екінші жартысында арабтар Орта Азияға басқыншылық жорықтарын бастады. VIII ғасырдың басында араб әскерлері түргештердің шегарасына жақын келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет