Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология(Таным мәселелері) Әлеуметтік философия



бет172/231
Дата23.12.2022
өлшемі5,05 Mb.
#164080
түріОқулық
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   231
Байланысты:
философия Серик Мырзалы

§ 7. Қозғалыс
Санның сапаға, соңғының санға өтуі қозғалыс арқылы жүреді. ал оның өзі кеністік пен уақытты талап етеді. Олай болса, қозғалыс - бүкіл болмыстағы дүниенін өмір суру тәсілі болып шығады да, кеңістік пен уакыт - қозғалыстағы дүниенің формасы ретінде қаралуға тиіс.
Жалпы түрде қозғалысқа қысқаша аныктама беруге болады. ол Дүниедегі қайсыбір өзгеріс, байланыс, іс-әрекет. Әрине, мұндай анықтаманың мазмұн жағынан тұрпайы екенін де жасыруға болмайды. Бүкіл философия тарихындағы ізденістер оның аса қиындығын көрсетеді.
Қарапайым тәжірибенің нәтижесінде сонау көне заманда-ақ ойшылдар Дүниенің ағым екенін, бір нәрсе дүниеге келіп, екіншісі кетіп жатқанын байқаған. Тіпті ұлы Гераклит қозғалыстың астарында қарама-карсылықтың күресі жатыр деп меңзеген. Соны-мен катар, Пармснид пен Зенон оған қарсы шыгып, қозғалыстың ішкі сырын ашуға мүмкін еместігін дэлелдеуге тырысқан. Мысал ретінде Зенонның «Садақтан атылған оқ қозғалмайды» деген апориясын (арогіа - грек сөзі қиындық, шешімі жоқ деген мағына береді) келтіруге болады. Зенонның ойынша, атылған оқ әрбір сәтте кеңістіктің бір бөлігінде тұрақтайды, келесі сәтте - келесі орында, оны әрі қарай шексіз жалғастыра беруге болады. Ал тұрақтауға тұрақтауды қосқанда қозғалыс шықпайды, яғни, ол - жоқ.
Мұндай көзқарасты уақытында Аристотель сынға алған болатын. «Қателік - уақытты бөлек-бөлек «сәттен» тұрады деп есептеуде», - дейді үлы ойшыл. Әрине, мұндай пікірмен келісуге болады. Осы ойшыл қозғалысты талдауға аса үлкен үлес қосқан болатын. Болмысты талдаудағы ең қиыны - Дүниенің өтпелілігі, бір нәрсенің туып, екіншінің өтуі. Оны Аристотель екі жаңа категория кіргізіп, талдайды. Олар шындық пен мүмкіндік (грекше - еnеrgеіа, шындық, dinamis - мүмкіндік, латынша - асtus - шындық, роtеntіа -мүмкіндік). Қозғалыс - заттың ішіндегі мүмкіндіктің шындықта іске асуы, ал оның қайнар көзі форманың белсенді әрекетінде жатыр. Мысалы, қайсыбір дүниеге келген тіршіліктің ішінде оның болашақ өлімінің ұрығы жатыр, ол оны өмірдің шеңберінен тыс шығармай қоймайды. Кірпіштің үйге айналу мүмкіндігі бар, сонымен қатар ол саз, я болмаса құмның шындығы т.с.с. Ұлы ойшыл қозғалыстың біршама түрлерін ерекше алып зерттейді. Олар: үлкею, кішірею, пайда болу, жоғалу, сапалық өзгеру, кеңістіктегі орын алмастыру.
Орта ғасырдағы ойшылдар қозғалыстың қайнар көзін Құдайдың іс-әрекетінен іздейді (Өзі қозғалмайтын, бірақ басқаның барлығын қозғалысқа түсірген - Құдай).
Жаңа дэуірдегі ойшылдардың ішінде Ф.Бэкон козғалысты ма-терияның ішкі табиғатынан шығатын белсенділік ретінде түсінеді.
Гегельдің түсінігінше, козғалыс «өміршеңдік», «әрекеттік», «ешқашанда бітпейтін үрдіс», ол ішкі қажеттіктен туып, «өзіндік қозғалыс» ретінде қаралуы керек.
Маркстік философияда козғалыс категориясы егжей-тегжейлі талданады. Қозғалысты материяның ішкі кайшылығынан шығатьщ өмір сүру тэсілі ретінде түсініп, Ф.Энгельс өзінің «Табиғат диалектикасы» деген көлемді еңбегінде оның 5 түрін ашады. Олар: механикалық, физикалык, химиялық, биологиялық жэне элеуметгік қозғалыс формалары.
Әрине, қазіргі ғылым бүл түсініктерді әрі қарай дамытып, байытты. Қозғалыстың ең қарапайым түрі ретінде механикалық, яғни кеңістікте орын ауыстыру үрдістері жатады.
Бүгінгі ядролык физикада ерекше қозғалыс формасына элементарлық бөлшектердің бір-біріне өтуін, электромагниттік, гравитациялык, нейтрондық өрістер, атом өзегінің ішіндегі күшті және әлсіз тартыстарды т.с.с. жатқызады.
Атомдар мен молекулалардың қозғалысы мен өзара бір-біріне өтуі химиялық қозғалыс формасын құрайды.
Заттар мен қүбылыстар құрылымының өзгеруі, қысым, жылу, дыбыс пен жарықтың тарауын т.с.с. физикалық козғалыс формасына жатқызуға болады.
Мегагалактикадағы ғарыштық үрдістерді, жұлдыздардың пайда болуы, сөнуін астрофизика зерттейді.
Жер бетінде тарихи пайда болған тіршілік әлемі - ерекше ғажап биологиялық қозғалыс формасына жатады. Оған тірі организмдегі үрдістер, айнала қоршаған ортамен зат пен энергия аумасуына түсуі, өзгеру мен түқым куу, ассимиляция мен диссимиляция, өз-өзін ретке келтіру т.с.с. жатады.
Ғалымдар жер бетіндегі тіршілік пайда болғаннан бергі (3,5 млрд.ж.) өзгерістерді ерекше геологиялык қозғалыс формасына жатқызу керек деген пікір айтады. Өйткені осы уақыттың шеңберінде жер бетінде био-физика-химия-механикалық байланыс-тардың нәтижесінде әртүрлі бірінің үстінде бірі орналасқан страталар (қабықтар) пайда болды. Бұл пікірмен келісуге болады.
Бүгінгі таңдағы белгілі ең соңғы қозғалыс формасы - ол элеуметтік, Оның ерекшелігі - адамдардың саналы өмірінде, олар өз алдына неше түрлі мақсат қойып, бір-бірімен бірігіп, айнала коршағы ортаны өз ойына сай етіп өзгертуінде.
Тарихи, қозғалыстың жоғары формалары төмендегілердің негізінде пайда болады. Химиялық жер бетіндегі үрдістер физика-лык қозғалыстың негізінде пайда болды. Ол дами келе тіршіліктің дүниеге келуіне себеп болды. Әлеуметтік қозғалыс формасының дүниеге келуі жер бетіндегі басқа тіршіліксіз мүмкін емес еді.
Сонымен қатар жоғары қозғалыс формасын төменгі арқылы түсіну мүмкін емес: ол өз заңдылықтарының негізінде өмір сүреді. Бірак төменгі формалар оның ішінде бағынышты түрде сақталып қала береді. Оны көрсететін ең айқын мысалдардын бірі - адам өмірі- Көркемдеп айтсақ, адам - коғамның атомы. Ол саналы түрде өмір сүреді, оның жан дүниесі, руханияты бар. Ол өзінің алдына неше түрлі мақсаттар қойып, оларға жетуге тырысады, ішкі табиғи дарындарын сыртка шығарып, талантқа айналдырады.
Сонымен қатар ол — биологиялық пенде, оның басқа тірші-ліктер сияқты дене қажеттіктері бар. Оның бауырында өте күрделі химиялық үрдістер өне бойы жүріп жатады, адам басқа заттар мен құбылыстар сияқты кеңістікте орын ауыстырады, оның денесінен неше түрлі физикалык өрістер өтуде т.с.с. Бірақ бұл үрдістердің бәрі де әлеуметтік қозғалыс формасына тәуелді болып өмір сүреді. Егерде біз адамды оның биологиялық табиғатына теңесек, онда нәсілшілдік, әлеуметтік дарвинизм, ломброзиандык т.с.с. сияқты кертартпа көзқарастарға тап болар едік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   231




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет