246
Шартты түрде барлық микроағзаларды жасушадан тыс және
жасушаiшiлiк деп бөлуге болады. Жасушадан тыс қоздырғыштарға қарсы
күресте негiзгi эффекторлық жасушалар нейтрофилдер болып табылады.
Олардың жұту және бактерицидтiк қызметтерi, комплемент және
антиденелердiң
қатысуымен,
сонымен
қатар,
макрофагтар,
NK-
жасушалары
және
Т-лимфоциттер
өндiретiн
iсiк
некроздаушы
факторлармен (TNF-α), ИЛ-1, ИЛ-6 және т.б. цитокиндермен күшейедi.
Жасушаiшiлiк қоздырғыштарға қарсы күресте негiзгi эффекторлық
жасушалар макрофагтар болып табылады. Олар NK-жасушаларымен және
Т-хелпер-1 жасушаларымен кооперацияда жұмыс iстейдi. Макрофагтардың
бактерицидтiк және цитотоксикалық қасиеттерi, қоздырғыштардың
антигендерiмен белсенгеннен кейiн, Тх1 және NK-жасуша бөлетiн
интерферондардың, TNF- α және т.б. цитокиндермен жоғарылайды.
Шырыш
немесе
терi
жабындылары
арқылы
енген
кезде
қоздырғыштардың алғаш кездесетiн жасушасы тiндiк макрофаг болып
табылады. Макрофаг микробты ұстап алғаннан соң белсенденiп, жаңа
моноциттер/макрофагтардың, нейтрофилдердiң және NK-жасушалардың
функционалдық белсендiлiгiн жоғарлататын бiрқатар монокиндер түзе
бастайды. Макрофагтар жұқпалы агенттердi өңдеп, Т- және В-
лимфоциттерге таныстыратын маңызды қызмет атқарады. Нәтижесiнде Т-
және В-лимфоциттердiң қызметiн бақылайтын бiрқатар цитокиндердi түзе
отырып, арнайы гуморалдық және жасушалық иммундық жауаптың
дамуын ынталандырады.
Демек,
Достарыңызбен бөлісу: