Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет245/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

II
түрге 
аралас гуморалдық және жасушалық иммунитет жауаптарының 
ақаулары жатады. Мұндай түрi бар балалар 1 жасқа дейiн өмiр сүредi. 
III түрі 
– гуморалдық жауаптың ақауы. Толық гипогаммаглобулинемиясы бар 
екi науқас туралы жазылған.
Болжамы:
түріне және иммундық тапшылықтың ауырлық дәрежесiне 
байланысты.
Соңғы жылдары, тұқымқуалаушылықтың аутосомды-рецессивтiк түрi бар, 
тағы бiрнеше генетикалық негiздлеген арнайы бiрiнiшiлк ИТЖ анықталды. 
Солардың iшiнде тек бiрнешеуiн қарастырайық:

Иммуноглобулиндердiң ауыр тiзбек генiнiң делециясы. 
Бұл мутация 
14 хромосомада орналасқан. Берiлген ақау кейбiр иммуноглобулиндер изотипiнiң 
болмауына әкеледi.
 

IgG изотипiнiң (топшалар) селективтiк тапшылығы. 
Патогенездiң 
негiзiнде бiр немесе бiрнеше IgG топшаларының жетiспеушiлiгiне әкелелтiн, 
изотиптер айналуының бұзылыстарын шақыратын мутация жатыр.
 

«Жалаңаш» лимфоциттер синдромы
патогенезiнiң негiзiнде МНС II 
класс антигендердiң жетiспеушiлiгiне әкелетiн бiрнеше гендердiң мутациясы 
жатыр. Осындай науқастардың иммунограммасында CD4
+
Т-лимфоциттер 
санының күрт төмендеуi негiзгi бұзылыстар болып табылады. Ол тимустағы оң 
сұрыптау үрдiстерiнiң бұзылыстары нәтижесiнде пайда болады.
 

CD4-жасушасының бiрiншiлiк тапшылығы. 
Патогенездiң негiзiнде
 
CD4 нәруызын қадағалайтын гендердiң мутациясы жатыр. Бұл ауруда сәйкес 
клиникалық нәтижелерге әкелетiн, Т-хелперлер санының күрт төмендеуi 
байқалады.
 

CD3 тiзбегiнiң тапшылығы 
(Т-лимфоциттердiң антигенді танушы 
рецепторынан цитоплазмаға белсендi белгi беретiн корецептор). Патогенездiң 
негiзiнде белгiлi CD3 полипептид тiзбегiн түзетiн гендер транскрипциясының 
бұзылысы жатыр. Осы аурудар, шеткерi қанда Т-лимфоциттердiң қалыпты 
мөлшерi қалыпты болса да, оның қызметi терең бұзылыстарға ұшыраған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет