Оқулық Егорина А. в., т б. Е25 География


физикалық географияның маңызы



Pdf көрінісі
бет3/246
Дата07.02.2022
өлшемі3,77 Mb.
#94823
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   246
Байланысты:
География 7 сынып Егорина
Excel for KZ 7 Stud B (3), шаблон Нархоз
2. физикалық географияның маңызы. 
Адамдардың тіршілігі мен 
шаруашылығында табиғаттың ролі жетекші орын алды. Табиғат матери-
алдық өндірістің көзі – (табиғи және жаратылыс ресурстары), тіршіліктің 
ортасы (табиғат жағдайы). Сондықтан да табиғатты танып білу қоғамға 
және жеке адамға да қажет.
Табиғат, тұрғын халықпен және оның айналысатын шаруашылығымен 
тікелей байланысты. Оның негізгі қозғаушы күші – адам. Бір жағынан 
қарасақ, адам – табиғаттың бір бөлшегі және оның өзгертушісі. Екінші 
жағынан қарасақ, оның қолайлы тіршілік етуіне жағдай жасайды.


6
Физикалық және әлеуметтік-экономикалық география аумақтарды 
біріктіре отырып зерттейді. Оны зерттеуге картаны құрастырушы және 
пайдаланушы – картография ғылымы көмектеседі. География карта жа-
саудан басталады. Бір жерді оқып-үйреніп зерттеу үшін ол жердің қайда 
орналасқанын білуіміз керек. Географияның қайда? – деген басты сұрағына 
географиялық карта жауап береді. Картаны «географияның екінші тілі» 
деп атайды, сондықтан да бұл тілді үйрену керек. Оқулықтың келесі 
параграфтарында әртүрлі карталардың түрлерімен, аумақты бейнелеудің 
картографиялық әдістерімен танысатын боласыңдар.
Сонымен, физикалық географияның басты міндеті – Жердің және 
жеке бөліктерінің табиғатын және табиғи ресурстарын оқып үйрену. Та-
биғатты оқып үйренудің екі жолы бар. 
Бірінші жолы
– табиғаттың жеке 
компоненттерін тыңғылықты зерттеу, яғни оның қасиеті, ерекшелігі және 
кеңістіктегі өзгерісі. Бұл жұмысты географияның әртүрлі мамандары 
зерттейді: климатолог және гидролог, геоморфолог (жер бедерін зерттейді), 
топырақтанушы, геоботаниктер және зоогеографтар.
Екінші жолы
белгілі бір аумақтағы кез-келген компонент, бір-бірімен 
тығыз байланыс жасайды деген негізде құрылған. Осындай бір-бірімен 
тығыз байланыстағы компоненттер табиғи кешенді қалыптастырады. 
Табиғи кешендерді жан-жақты зерттеп сараптау зерттеудің екінші жолы 
болып есептелінеді. Бұл зерттеумен физгеографтар айналысады. Зерттеудің 
екі жолы да ғылымда қолданылады. Жеке аумақтың немесе мемлекеттің 
табиғатын және табиғи ресурстарын танып білуде, зерттеудің екі жолы 
бірін-бірі толықтырып, кең көлемде зерттеуде септігін тигізеді.
География – жаратылыстану ғылымы туралы білімді, Жердің біртұ-
тастығы жайлы ұғымды, табиғат, қоғам, экономика арасындағы бай-
ланыспен, одан туындайтын заңдылықты зерттейтін ғылым. Географияны 
оқып үйрену барысында сендер Жер бетін қалыптастырушы сыртқы және 
ішкі күштердің әсерінен болатын табиғи құбылыстардың заңдылығын 
білетін боласыңдар. География – «табиғат байлығын қалай тиімді пайда-
лану керек» деген сұраққа жауап беруі керек. Ол үшін келешекте топы-
рақ құнарлығының жойылмауын, өзен суларының тартылмауын, орман 
алқаптарының жойылмауын қадағалай отырып, адам әрекетінен кейін 
табиғатты қалпына келтіру жолдарын іздестіруі керек. Сондықтанда гео-
граф-ғалымдар экологтармен бірлесіп, табиғатқа адамның әрекеті болған-
ның өзінде, табиғи ресурстарын және қоршаған ортаны тиімді пайдаланып 
болашақ ұрпаққа табиғи күйінде қалдырудың жолдарын қарастыруда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   246




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет