8
ғалымдар ежелгі Шығыс, Месопотамия, Парсы,
Египет және Финикия
халықтарынан тапқан. Б.з.д. IV–II мыңжылдықтардағы географиялық
білім, алғашқы жорық кезінде, шаруашылық іс әрекеттерге сәйкес жерді
өңдеу, суармалы жерлер, жабайы өсімдіктер мен жануарларды қолға үй-
рету сияқты алғашқы географиялық құжаттар пайда болды. География
ғылымы осылай біртіндеп қалыптасып, дамыды. Мысырлықтар жылдың
ұзақтығын анықтап күн күнтізбесін жасады, қытайлық астрономдар
күннің тұтылу заңдылығын оның қайталану мерзімін анықтап оны ал-
дын-ала болжай білген.
Ұлы
географиялық ашылулар
XV-XVII ғасырлардың ортасында ба-
сталды. Испания, Португалия, Ұлы-
британия, Франция және Ресей сая-
хатшылары сол кезге дейін беймәлім
болып
келген Африка, Солтүстік
Америка, Азия жерлерін ашты. Ат-
тары әйгілі саяхатшылар М. Поло,
Васко да Гама, Х. Колумб, А. Веспуч-
чи, Ф. Магеллан, Д. Кук, В. Беринг,
Ф.Ф. Беллинсгаузен, М.П. Лазарев,
Н.М. Пржевальский, П.П.
Семенов-
Тянь-Шанскидің ұлы географиялық
ашылулары жердің табиғатын зерт-
теуге және дүние жүзіндегі геосаяси
жағдайлардың өзгеруіне ықпал етті. Қазіргі
XXI ғасырда жер бетінде
белгісіз болып жатқан ақтаңдақ жерлер жоқ деседе болады. Ғалым гео-
графтар тек қана табиғаттың заңдылығын танып зерттеп қоймай, оны та-
биғатқа зиянын тигізбей қалай пайдалануға болатын жолдарын да білді.
Қазіргі заманауи география «Ол қай жерде орналасқан» деген сұраққа
жауап бермей, оның орнына «Ол қалай қалыптасқан», «Барлық табиғи
құбылыстардың бір-бірімен байланысын және ол қалай дамуда» деген
сұраққа жауап бере алады. Қазіргі география ғылымы сипаттама беретін
ғылымнан, түсініктеме беретін ғылымға айналды.
Қазіргі таңдағы гео-
графтар құрлықты, мұхитты, атмосфераны зерттеуде. Жұмыстар ғылы-
ми станцияларда, экспедицияда, ғарышта күрделі
заманауи аспаптар
арқылы жүргізілуде.
Достарыңызбен бөлісу: