41
Жер
сілкінісі болатын кезде, ал-
дын-ала бір немесе бірнеше рет же-
расты дүмпулері болады. Дүмпулер,
ондаған километрден, 300-700 км
тереңдікте,
тектоникалық жарықтар-
дың бойымен жыныстардың кенеттен
ығысу себебінен болады. Жер қырты-
сының терең қойнауындағы кенеттен
күш алып, қозғалған жерін –
жер
сілкінісінің ошағы
деп атайды. Осы
жерден өте көп кинетикалық энергия
сыртқа бөлініп шығады және
сейсмика
-
лық толқынның
, тербелмелі қозғалы-
сы пайда болады. Жер сілкінісі ошағынан жан-жаққа тараған толқынның
күші біртіндеп баяулайды. Ол Жер қыртысының үстіңгі қабатына жетіп,
жер сілкінісін тудырады.
Белгілі сейсмикалық толқындар –
бойлық
және
көлбеу
.
Жер сілкінісінің әсерінен, жер бедерінде
және жер қойнауының
құрылысында үлкен өзгерістер болады. Қатты сілкіністен ашық немесе
жабық күйіндегі жарықтар түзіледі. Дүмпудің жер бетіне шығатын жерін
эпицентр
дейміз.
Жер сілкінісі кезінде ығысудың бойлық және көлденең бағыттағы
түрлері байқалады. Оған 11-балдық,
Гоби-Алтай
жер сілкінісін мысалға
алуға болады. Бұл жағдай 1954 жылы, 4-желтоқсанда Монғолия жерінде
болған. Жер сілкінісінің әсерінен жалпы ұзындығы 270
км-ге жететін
жарықтар пайда болды. Жарықтардағы көлденең бағыттағы жер бетінің
ығысуы 8 метрге жетсе, бойлық бойынша 0,5-0,7 метрге жеткен.
17-сурет
. Жер
сілкінісі ошағының сызбасы
Достарыңызбен бөлісу: