22
көмекші сөздер, кейде оған үшінші топ – одағай сөздер деп бөлудің
тілдегі грамматикалық құбылыс пен лексикалық құбылыстың өзара
айырмашылығын, сөздердің грамматикалық сипатын толық ашып
бере алмайтындығы айтылады. Сөйтіп сөздер атаушы, көмекші
жəне одағай сөздер деп грамматикалық белгілерінің негізінде емес,
лексикалық сипаттарының, семантикасының негізінде бөлінетіндігі
туралы тұжырым жасалып, сөздерді сөз таптарына жіктеудің негізгі
қағидаттарының атауыш сөздерге ғана қатысты екендігіне баса
назар аударады.
Сонымен, қазақ тіліндегі сөздер атауыш сөздер, көмекші сөздер
жəне одағай сөздер болып үлкен үш топқа бөлінеді. Бұл топтағы
сөздер
бір-бірінен мағынасы, дербестігі, түрлену я түрленбеуі,
сөйлемдегі қызметі тұрғысынан ерекшеленеді.
Өмірде кездесетін ұғымдар мен түсініктерді не тікелей, не жанама
білдіріп, олардың атауы ретінде қабылданатын жəне қолданылатын,
өздеріне тəн толық лексикалық мағынасы, қалыптасқан дыбыстық
құрамы мен тұлғасы бар, сөйлемде өздігінен мүше бола алатын
сөздер атауыш сөздер деп аталады. Атауыш сөздер,
мағыналық
дербестігі бар сөздер болғандықтан, басқа сөздермен тіркесіп те,
тіркеспей жеке-дара тұрып та қолданыла береді. Олардың түрлену-
түрленбеуі де тілдің белгілі бір грамматикалық заңдылықтары
арқылы жүзеге асады.
Дербес лексикалық мағыналары солғынданған немесе мүлдем
жойылған, соның нəтижесінде мағыналық дербестігінен айрылған,
сөйлемде өз алдына дербес мүше бола алмайтын, атауыш сөздермен
селбесіп жұмсалатын сөздер көмекші сөздер деп аталады. Олар
грамматикалық даму нəтижесінде лексикалық мағыналарынан ай-
рылып, көмекші сөздер қызметін атқарады.
Көмекші сөздердің лексикалық мағыналары қаншалықты солғын
болғанымен, керісінше, олардың грамматикалық
мағыналары басым
болады. Соның негізінде көмекші сөздер атауыш сөздермен тіркесіп,
грамматикалық жағынан əр алуан қатынастарды білдіреді. Атауыш
сөздер мен көмекші сөздер бір-бірінен төмендегідей белгілері арқылы
ажыратылады: 1) атауыш сөздердің толық лексикалық мағынасы
бар, көмекші сөздердің лексикалық мағынасы солғындаған не одан
біржола қол үзген; 2) атауыш сөздер сөйлем ішінде де, сөйлемнен
тыс та дербес қолданылады, көмекші сөздерде ондай дербестік бол-
майды. Олар тек атауыш сөздермен
селбесіп қана қолданылады;
3) атауыш сөздер ойға қазық, негіз болса, көмекші сөздер атауыш
23
сөздердің негізгі ойды жеткізуіне жанама қызмет етеді; 4) атауыш
сөздер түрленіп те, түрленбей де қолданылады, ал көмекші сөздер,
негізінен, түрленуге бейім емес; 5) кейбір атауыш сөздердің өздеріне
тəн грамматикалық
категориялары болады, ал көмекші сөздерде
грамматикалық категориялар мүлдем болмайды.
Сөз топтарының ішінде одағай сөздердің өз алдына дербес бөлініп
алынуы олардың ешбір сөз тобына ұқсамайтын ерекшеліктерімен
түсіндіріледі. Ғалым Н. Оралбай одағай сөздердің сөйлемдегі ай-
тылатын ойды білдіруіне қатыспауы, грамматикалық категориялар
көрсеткіштерін қабылдамауы жəне грамматикалық мағына білдірмеуі
мен сөйлем мүшесі қызметін атқармауы тəрізді ерекшеліктерін
бөліп көрсетеді. Осы белгілері негізінде одағай сөздер атауыш жəне
көмекші сөздерден дербес топ ретінде қарастырылады.
Сөздердің бұл топтары өзара ерекшеленгенімен,
олар бір-бірімен
тығыз байланыста, грамматикалық жағынан қарым-қатынаста бо-
лады. Олардың арасындағы мұндай байланыс, қарым-қатынасқа
бір кезде атауыш сөз қызметінде жұмсалған сөздердің тілдің
даму барысында көмекші немесе одағай сөздер қатарына ауысып,
тұрақтанғандығы негіз бола алады. Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: