367
дамиды). Емдеу курсы аяқталған соң ауру асқынуы дамуы мүмкін,
сол себепті науқасты кем дегенде 1 жыл бақылауда ұстаған жөн.
Антивирусты терапия жүргізгенде резистенттілік деңгейі төмен
препараттар таңдаған дұрысырақ, мысалы адефовир, энтекавир
немесе тенофовир, әсіресе бауыр циррозы бар науқастарда.
Дегенмен экономикалық шектелген жағдайларда ем ламивудинді
ерте деңгейінде адефовирмен қосу арқылы тағайындаудан
басталуы мүмкін (немесе телбивудин), резистенттілік анықталған
жағдайда немесе HBV ДНК ≥ 104 МЕ/мл немесе ≥ 105 копий/мл
деңгейін 24 апта терапия кезінде сақталса (Бүкіләлемдік
Гастроэнтерологиялық Ұйымның тәжірибелік ұсыныстары, 2008).
Резистенттілік дамуының алдын алу мақсатында келесі
стратегиялар
қолданылуы
мүмкін
(Бүкіләлемдік
Гастроэнтерологиялық Ұйымның тәжірибелік ұсыныстары, 2008):
• Бірінші қатарлы ем үшін мықты антивирусты препарат
немесе белгілі уақыт аралығында төмен резистенттілігін дәлелдеген
препарат (генетикалық тосқауылы жоғары) таңдалады.
• Емдеу курсы барысында жиі вирустық жүктемені зерттеу
қажет (әрбір 3–6 ай сайын ) және резистенттілікке зерттеу
(генотиптеу), олар вирусологиялық жарылыс жағдайларында немесе
субоңтайлы вирусты супрессия кезінде жүргізілуі тиіс,
клиникалық
көрініс
пайда
болғанға
дейін
генотиптік
резистенттілікті анықтау үшін.
• Егер HBV ДНК > 105 МЕ/мл немесе ≥ 106 копий/мл немесе
препаратқа резистенттілігін анықтау барысында АЛТ жоғарлаған
болса, басқа препаратпен емдеуге көшкеннен гөрі басқа
антивирусты препарат қосқан дұрыс (интерферонға резистенттілік
дамуы жайлы мәліметтер жоқ, алайда кейбір пациенттерде HBV
ДНК деңгейі төмендеуі анықталмайды. Мұндай жағдайларда
терапия тоқтатылған жөн.)
Достарыңызбен бөлісу: