ІІ. Сирақ бұлшықеттерінің латералді тобы
Асықты жілік шыбығының ұзын бұлшықеті, т peroneus longus:
басталатын жері: fibula (жоғарғы үштен екі бөлігі);
бекитін жері: tuberositas ossis metatarsalis I; basis ossis metatarsalis II et os cuneiforme mediale (табандық бет);
қызметі: flexio plantaris, табанды пронациялау және әкету.
Асықты жілік шыбығының кіші бұлшықеті, т. peroneus brevis:
басталатын жері: facies lateralis fibulae (төменгі бөлігі);
бекитін жері: tuberositas ossis metatarsalis V;
қызметі: flexio plantaris,табаннды пронациялайды және әкетеді.
Сирақтың артқы топ бұлшықеттері Беткей қабаты:
Сирақтың үшбасты бұлшықеті, т. triceps surae:балтыр және камбалатәрізді бұлшықеттерден тұрады:
Балтыр бұлшықеті, т. gastrocnemius:
басталатын жері: caput mediale - epicondylus medialis femoris:
caput laterale — epicondylus lateralis femoris;
Камбалатәрізді бұлшықет, т. soleus:
Басталатын жері: caput fibulae: fibulae-ның жоғарғы үштен бір бөлігі; linea musculi solei tibiae:
бекитін жері: балтыр бұлшықетімен бірігіп, tuber calcanei-ға бекитін өкшелік (Ахилл) сіңір түзеді.
қызметі: сирақ пен аяқ ұшін бүгу (flexio plantaris); caput laterale m. gastrocnemii –
сирақты сыртқа айналдыру: caput mediale m. gasirocnemii – сирақты ішке айналдыру
Сирақ бұлшықеттері (артқы топ).
1 - tendo calcanei (Ahiilis); 2 - caput mediale m.gastrocnemii; 3 - m.plantaris;
4 - caput laterale m. gastrocnemii; 5 - m. soleus; 6 - m.fexor digitorum longus; 7- m. popliteus; 8
m. tibialis posterior; 9 - m. flexor hallucis longus.
Табан бұлшықеті, т. plantaris:
басталатын жері: epicondylus lateralis
бекитін жері: Ахилл сіңіріне бітіседі;
қызметі: тізе буынын бүгу.
2. Терең қабаты
Тақым бұлшықеті, т. poplitetеus:
басталатын жері: epicondylus lateralis femoris;
бекитін жері: tibia-ның артқы бетіне linea m. solei-ден жоғары;
қызметі: сирақты бүгу; сирақты ішке айналдыру.
Бақайлардың ұзын бүккіші, т. flexor digitorum longus;
басталатын жері: tibia (ортаңғы үштен бір бөлігі);
бекитін жері: бақайлардың қысқа бүккішінің сіңірін тесіп өтіп, II-V бақайлардың дисталды бунақтарына бекиді;
қызметі: табанды бүгу, аяқ басын сыртқа айналдыру; ІI-V бақайлардың дисталды бунақтарын бүгу.
Асықты жіліктің артқы бұлшықеті, m. tibialis posterior
- басталатын жері: membrana interossea cruris, tibia мен fibula-ның бір-біріне қараған беттері;
бекитін жері: tuberositas ossis navicularis; ossa cuneiformia mediale, intermedium et laterale;
қызметі: flexio plantaris, табанды супинациялайды және әкеледі.
Үлкен бақайдың ұзын бүккіші, m. flexor hallucis longus:
басталатын жері: fibula-ның төменгі үштен екі бөлігі;
бекитін жері: phalanx distalis hallucis;
қызметі: үлкен бақайды бүгу; табанды бүгуге, супниациялауға және әкетуге
қатысады.
Аяқ басының бұлшықеттері
Аяқ басы бұлшықеттерінің топографиясы бойынша жіктелуі:
I – Аяқ басы сыртының бұлшықеттері: тт. extensores digitorum longus et brevis:
ІI- Табан бұлшықеттері:
Медиалды топ - тт. abductor hallucis, flexor hallucis brevis et adductor hallucis;
Латералды топ - mm. abductor digit i minimi et flexor digifi minimi brevis;
Ортаңғы топ - mm. flexor digitorum brevis, quadratus plantare, lumbricales, interossei plantares et dorsales.
І. Аяқ басы сыртының бұлшықеттері
Бақайлардың қысқа жазғышы, т. extensor digitorum brevis:
басталатын жері: calcaneus (латералді және жоғарғы беттері):
бекитін жері: II-IV бақайлардың ортаңғы және дисталді бунақтары;
қызметі: II-IV бақайларды жазу.
Үлкен бақайдың қысқа жазғышы, т. extensor hallucis longus;
басталатын жері: calcaneus-тің жоғарғы беті;
- бекитін жері: үлкен бақайдың проксималды бунағының негізі;
қызметі: үлкен бақайды жазу.
ІІ. Табан бұлшықеттері
Медиалді топ
Үлкен бақайды әкететін бұлшықет, т. abductor hallucis:
басталатын жері: tuber calcanei;tuberositas ossis navicularis et retinaculum mm. flexorum;aponeurosis plantaris;
бекиті жері: үлкен бақайдың проксималды бунағының негізі
қызметі: үлкен бақайды әкету.
Үлкен бақайдың қысқа бүккіші, т. flexor hallucis brevis:
басталатын жері: os cunеiforme mediale; т. tibialis posterior-дың сіңірі;
бекитін жері: caput mediale;
үлкен бақайдың проксималді бунағының негізі мен медиалді дәнтәрізді сүйек; caput laterale – үлкен бақайдың проксималді бунағының негізі мен латералді дәнтәрізді сүйек.
- қызметі: үлкен бақайдың проксималді бунағын жазу.
Үлкен бақайды әкелетін бұлшықет, т. adductor hallucis:
- басталатын жері: caput оbliquum - lig. plantare longum: т. peroneus longus- тің сіңірі; os cuneiforme laterale; ІІ және III ossa metatarsalia-нің негізі; caput transversum - capsulae articulares articulationes metatarsophalangeae III - V;
бекитін жері: латералді дәнтәрізді сүйек; үлкен бақайдың проксималді бунағы;
қызметі: үлкен бақайдың проксималді бунағын әкелу.
Табан бұлшықеттерінің латералды тобы
Кіші бақайды әкететін бұлшықет, т. abductor digiti minimi:
басталатын жері: calcaneus-тің табандық беті; aponeurosis ptantaris;
- бекитін жері: tuberositas ossis metatarsalis V; кіші бақайдың проксималды бунағының негізі;
қызметі: кіші бақайдың проксималді бунағын әкету және бүгу.
Кіші бақайдың қысқа бүккіші, т. flexor digiti minimi brevis
басталатын жері: os metatarsale V-тің негізі; tig. ptantare longum;
бекитін жері: кіші бақайдың проксималді бунағының негізі;
қызметі: кіші бақайдың проксималді бунағын бүгу.
Табан бұлшықеттерінің ортаңғы тобы Бақайлардың қысқа бүккіші, т. flexor digitorum brevis
басталатын жері: tuber catcanei; aponeurosis plantaris;
бекитін жері: II-V бақайлардың ортаңғы бунақтарының негізі;
қызметі: II-V бақайлардың проксималді және ортаңғы бунақтарын бүгу. Табанның шаршы бұлшықеті, т. quadratus plantae:
басталатын жері: calcaneus;
бекитін жері: т. flexor digitorum longus-тің сіңірі.
қызметі: бақайларды бүгу.
Құрттәрізді бұлшықеттер, тт. lumbricales:
басталатын жері: т. flexor digitorum longus-тің сіңірі;
бекитін жері: II-V бақайлардың проксималді бунақтарының табандық беті мен ортаңғы және дисталді бунақтарының сыртқы беті;
қызметі: II-V бақайлардың проксималді бунақтарын бүгу; ортаңғы және дисталді бунақтарын жазу.
Табандық сүйекаралық бұлшықеттер, тт. interossei plantares
басталатын жері: І II -V ossa metatarsalia (медиалді беттері);
бекитін жері: ІII-V бақайлардың проксималді бунақтарының негізі (медиалды беттері).
қызметі: III-V бақайларды ІІ-ге әкелу; осы бақайлардың проксималды бунақтарын бүгу.
Сыртқы сүйекаралық бұлшықеттер, тт. interossei dorsales
басталатын жері: екі көршілес табан сүйектерінің бір-біріне қараған беттері;
бекитін жері: бірінші сүйекаралық бұлшықет – екінші бақайдың медиалді бетіне; қалған үшеуі - II-IV бақайлардың латералді беттеріне;
қызметі: екінші бақайдың бекуі орта жағдайда; ІІІ және IV бақайларды екіншіден әкету; көрсетілген бақайлардың проксималді бунақтарын бүгу, ортаңғы және дисталді бунақтарын - жазу.
Аяқтың топографиясы
Жамбастың топографиясы
M. piriformis үлкен шонданай тесігі, for.ischiadicum majus-ты алмұртүстілік және алмұртастылық тесіктер, for.suprapiriforme et for.infrapiriforme-ге бөледі.
тесіктен өтетін құрылымдар:
for.suprapiriforme-ден: a.iliaca interna-ның тармағы a.glutea superior; аттас веналар; plexus sacralis-тен n.gluteus superior;
for.infrapiriforme-ден: а.iliaca internaның тармақтары a.pudenda interna et a.glutea inferior; аттас веналар; п.ischiadicus, п.pudendus, п.cutaneus femoris posterior, n.gluteus inferior - plexus sacralis-тің тармақтары.
Достарыңызбен бөлісу: |