Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет27/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
шектелген. Сүйектің төменгі бетінде асықты жілік шыбығының ұзын бұлшықеті 
сіңірінің жүлгесі (sulcus tend m.peronei longi) болады. 
Табан сүйектеріне (metatarsus) – адамдарда барлық приматтардағыдай 
моноэпифизарлы, қысқа түтікті бес табан сүйектері (ossa metatarsi) жатады. Олардың 
ішіде тік жүруге байланысты басқаларынан көлемімен бірінші сүйек айқын 
ерекшеленеді, сонымен қатар бұл сүйек маймылдардағыдай ішке қарай қисаймай
басқаларымен қатар орналасқан. Әр табан сүйегінің тілерсектің дисталды қатарымен 
қосылатын негізін және проксималды бақайлармен байланысатын буындық беті бар 
басын және денесін ажыратады. І табан сүйегінің табандық бетінің медиалды 
бұрышынан бұлшықеттер бекитін бұдырмақ анықталады, ал Ү табан сүйегінің негізінің 
латералды шетінде тері астынан оңай сипап табылатын бұдырмақ (tuberositas ossa 
metatarssalis V) көрінеді және ол асықты жілік шыбығының қысқа бұлшықеті бекитін 
орын болып табылады. 
Адамның аяқ басында бес башпай бар, бірақ І башпайды қоспағанда қалғандары 
жиі көлемдері өте шағын, дұрыс емес пішінді болып келеді. Ол аяқтың негізгі 
қызметінде олардың басты ролді жоғалтуының айғағы. ІІ-Ү башпайлар үш бақайдан 
(проксималды, ортаңғы, дисталды), ал І башпай ірі екі бақайдан (проксималды, 
дисталды) тұрады. Барлық бақайлар моноэпифизарлық қысқа түтікті сүйектерге 
жатады. Әр бақай негізінен, денесінен және басынан тұрады. І башпай көлемінің 
үлкенділігі мен салмақтылығына байланысы үлкен башпай (hallux) деп аталады. 
Сүйектенуі. 
Аяқ басы шеміршектік қаңқасының сүйектенуі былай өтеді: әр 
тілерсек сүйегінде бір-бірден сүйектену нүктесі пайда болады. Эмбриогенездің 
алтыншы айынды өкше сүйекте, 7-айда – асық және текше сүйектерде – 9-айда, 
латералды сына тәрізді сүйекте – 1 жаста, медиалды сына тәрізді сүйекте 2-5 жас 
аралығында, аралық сына тәрізді сүйекте – 3-4 жас аралығында, қайық тәрізді сүйекте – 
4-5 жас аралығында, бұдан басқа өкше сүйек бұдрмағында – 7-9 жас аралығында 
сүйектенетін қосымша сүйектену нүктесі пайда болады. Табан сүйектері мен 
бақайлардың денелерінде сүйектену бір уақытта – нәрестенің 2-3 айлығында 
анықталады, ал екінші реттік сүйектену – ІІ-Ү табан сүйектері бастарында, І табан 
сүйектің негізінде және барлық бақайларда - 2-3 жас аралығында айқындалады. Аяқ 
басының толық сүйектенуі қыздарда ертелеу (16-18 жаста), ал ер балаларда сәл кешірек 
(18-20 жас шамасында) аяқталады. Бірақ, есте сақтайтын жайт аяқ басының сүйектенуі 
жиі өзгеруімен ерекшеленеді. 


30 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет