Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет125/214
Дата05.11.2023
өлшемі7,26 Mb.
#189890
түріОқулық
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   214
Байланысты:
1 балалар хирургиясы кітап

Жалған сыздауық (псевдофурункул)
Жас нәрестелерде немесе емшек жасындағы балаларда көптеп кездесетiн терi ауруы. Терiнiң, тер және май шығаратын бездерiнiң ұшы жабылып қалғанда терiнiң iшi торсиып, домалық iрiңдiктер пайда болады. Оның соқтасы болмайды. Жарған кезде iшiнен сап-сары iрiң шығады және шектелген iрiңдiк қалтасы көрiнедi.
Жалған сыздауықтар баланың желкесiнде, бас терiсiнде, мойнында жиi кездеседi. Жалпы жағдайы аса қатты нашарламаса да дене қызуы 37-380С шамасына дейiн көтерiледi, бозарып, анемия бiлiнедi. Ұзаққа созылған жағдайда бауыр, көкбауыр iсiнуi мүмкiн.
Емдеу - баланы ауруханаға жатқызу арқылы жүргiзiледi. Бiрен-саран iрiңдiктердi жансыздандырмай-ақ жара бередi, ал iрiңдiк көп болса, әрине жалпы наркоз беру пайдалы. Тiлу, жара абсцестерiнiң көлемiне сәйкес. Ірiңдiктiң iшiн 3% сутегi тотығымен тазалап, 5-10% гипертониялық ас тұзының ерiтiндiсiмен таңып тастайды. Күнде немесе күн ара марганцовкамен балаға былау жасалып, қоздырушы емдеу тәсiлдерi пайдаланылады. Витаминдер мен сыра ашытқысы берiледi. Қан, плазма құйылады. Егер жалған сыздауық-тар толық кетпей қойса, донорлардан тiкелей қан құюға болады. Бұл үшiн арнайы иммундаудан өткен донорлады пайдаланған жөн.
Жұмсақ тiндердiң шел қаптап қабынуы (жұмсақ тiндер флегмонасы). Бұл ауруға көбiнесе жұмсақ тiндердiң iшiнде жарақаттан кейiн ұйып қалған қандардың iрiңдеп қабынуы немесе терең жатқан бездердiң қабынуы себепші болады. Iрiңнiң белгiлi шекарасы болмайды, ол етаралық кеңiстiктер арқылы жан жаққа тарала бередi. Аурудың клиникалық белгілері, жұмсақ тiндердiң флегмонасының орналасқан жерi мен тереңдiгiне тiкелей байланысты. Етаралық флегмонаның басты белгiсi қабынған жердiң көлемiнiң үлкейiп, бiлеуленiп, iсiнуiмен, аздап жергiлiктi ауданның ыстығының көтерiлуiмен бiлiнедi. Егер флегмона жамбас қуысына орналасса, онда қасаға тұсы бiлеуленiп iсiнедi, үлкен жамбастың ауруға шалдыққан тұсы үлкейiп, терiсi жылтырайды. Шат арасы да iсуi мүмкiн. Осы жергiлiктi өзгерiстермен қатар баланың ыстығы көтерiледi, тамаққа тәбетi нашарлайды, денесi бозарып, анемияның белгiлерi байқалады.
Объективтi тексеру кезiнде флегмонаға шалдыққан ауданның функциясы аса қатты бүлiнбейдi. Егер iсiк санда немесе жiлiншiктiң тұсында болса, ол аяғымен еркiн басып қимылдай алады, т.б. Сүйектi бойлай салған күш ауру синдромын қатты қоздырмайды. Iсiктi басып көргенде оның iшi былқылдап, iрiңнiң қозғалысы анықталады.
Диагнозды анықтау үшiн түсiрiлген рентген суретiнде сүйектiң сынықтың белгiсi байқалмайды. Шел басқан ауданды жуан инемен шаншығанда одан қою ақ немесе сұрғылт түстi iрiң шығады.
Емдеу - жалпы наркоз беру арқылы шелге шалдыққан ауданды тiлiп, ашуға негiзделген. Кейде 2-3 тілік салуға тура келедi. Iрiңдi антисептик дәрiлермен жуып, iшiне резеңке салып, сыртына жоғары концентрациялы ас тұзының ерiтiндiсiн қойып, байлап тастайды. Iрiңдi ыдыратып, бөліп шығару үшiн - трипсин, химотрипсин, химопсин, рибонуклеаза т.б. ферменттердi де пайдалануға болады. Таңып болған соң, сыртына қайықша түрiндегi гипспен қозғалтпайтын етіп бекiтеді. Екi-үш күннен кейiн, жарада iрiң азая бастаған кезде, әртүрлi терең қыздыратын физиоем (УВЧ, УФО) қолданылады, майлармен таңылады. Антибиотиктер, витаминдер, иммуностимулятор дәрiлерi де кеңiнен қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет