Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және


Қыз балалардың жыныс ағзаларындағы қабыну аурулары



бет127/214
Дата05.11.2023
өлшемі7,26 Mb.
#189890
түріОқулық
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   214
Байланысты:
1 балалар хирургиясы кітап

Қыз балалардың жыныс ағзаларындағы қабыну аурулары
Ғылыми басылымдарда қыз балалардағы жыныс мүшелерінің қабыну аурулары туралы мәлімет жоқтың қасы. Қазіргі кезде лапароскопияның көмегімен сол ауруларды зерттеу оң жолға қойылып келеді.
Аднексит – жатыр айналасындағы ағзаның жедел қабынуы тек лапароскопия кезінде анықталады.
Клиникалық өзіне тән белгілері жоқ, тек тік ішекті саусақпен қараған кезде жатыр өсіндісінің ауырсынуы байқалады. Қалыпты белгілері – құрсақ қуысының, көбінесе оң жақта, төменгі бөлігінің ауырсынуы, кей кезде іш пердесінің тітіркену симптомы болады. Балада субфебрильді дене қызуы, қанында лейкоцитоз болуы мүмкін.
Аднексит, әдетте, 7-14 жастағы қыз балаларда кездеседі. Сырқаттану анамнезінде суық тиіп қалу, жедел респираторлық инфекция анықталады.
Сальпингит – жатыр түтікшесінің жедел қабынуы. Бұл аурға да диагноз лапароскопия арқылы қойылады.
Негізгі белгісі аднекситке тән болады. Эндоскопиялық белгісі – жатыр түтікшесінің қызарып, ісінуі, оның қанталап ісінуі көрінеді, егер іріңді сальпингит болса – іріңді сұйықтық анықталады.
Лапароскопиялық әдіспен кіші жамбас қуысы тазаланып, жуылады. Операциядан кейін антибактериалдық және жабысқаққа қарсы ем жүргізілген дұрыс. Асқынулары: 1) кіші жамбас қуысындағы жабысқақ; 2) бедеулік; 3) жабысқақ ішек өтімсіздігі.
СҮЙЕКТЕРДІҢ ҚАБЫНУ АУРУЛАРЫ


Гематогендік остеомиелит.
«Остеомиелит» термині медициналық әдебиетте XIX ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап кездеседі. Латын тілінен аударғанда сүйек миының қабынуы деп аталады. Алғашқы рет оның түсіндірмесін XIX ғасырдың 60-шы жылдары Н.И. Пирогов берген.
Бұл мәселенің маңыздылығына байланысты, болашақ педиатрлардың оны білуі өте қажет. Біріншіден, бұл ауру жиі кездеседі. Екіншіден, аурудың ауыр түрлеріне уақытымен диагноз қоймаса, ол мүгедектікке әкелуі, немесе өліммен аяқталуы мүмкін,. Соңғы 5 жылдың ішінде жедел гематогендік остеомиелиттен жылына бір науқас қайтыс болған. Үшіншіден, гематогендік остеомиелиттің емінің нәтижесі дер кезінде диагноз қою мен оперативтік емге байланысты. Олар өз кезегінде науқас қаралған бірінші дәрігердің хирургиялық аурулар диагностикасындағы біліктілігііне байланысты. Ал бұл бала хирургы емес, емханалық педиатр немесе жедел жәрдем дәрігері болады, сондықтан, осы ауруды диагностикалай білу барлық емгерлер үшін маңызды.
Гематогендік остеомиелит – балалардағы көп таралған іріңді ауыр аурулардың бірі болып саналады. Балалар хирургиясында жатқан аурулардың 6-10%-ы гематогендік остеомиелит құрайды. Гематогендік остеомиелит түтікше сүйектердің 70-80%-ін зақымдайды (Н.В.Венгеровский, 1964; В.С.Кононов, 1974;К.Д.Дикова, 1976; Т.Ж.Сұлтанбаев, 1984; Г.Н.Ақжігітов, 1986; В.А.Кудрявцев, 2000). Жалпақ кемік сүйектер остеомиелиті жалпы санның 10-15%-н алады. Ортан жілік пен үлкен жіліншік сүйегі 50-55%-да остеомиелит ауруына шалдығады. Одан кейін иық сүйек, асықты жілік шыбығы қабынуға ұшырайды.
Жедел гематогендік остеомиелитпен тек балалар және жасөспірімдер ауырады, себебі: остеомиелит, олардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты, өсіп келе жатқан сүйектерді зақымдайды. Анатомия курсынан есте қалғандай, сүйек - эпиметафизарлы шеміршек пластинкасы , яғни өсу зонасы арқылы ұзарады. Бұл жерде қарқынды түрде пайда болатын сүйектің қан мен қамтамасыз етуі жақсы болады, әсіресе метафиз жағынан. Метафизда болатын қан тамырларының көп болуы, сүйек қуысына бойлаған сайын азайып, ортасында қан айналысы баяулайды. Осының нәтижесінде, осы маңайда микроорганизмдердің тұнуы болады.
Жедел гематогендік остеомиелиттің негізгі қоздырғыштары -стафилококк. Басқа қоздырғыштардың ішінде стрептококк та табылған. Инфекцияның негізгі көзі - терінің іріңді аурулары, жара және тыртықтардың инфекциялануы. Аурудың, созылмалы тонзиллит-пен немесе одонтогендік инфекциямен байланысы байқалмайды.
Жедел гематогендік остеомиелиттің патогенезінің бірнеше теориясы бар: олардың ең ескісін Е.Лексер ұсынған. Ол тромбоэмболиялық деп аталады. Бұл теория бойынша, инфекция біріншілік ошақтан инфекция гематогенді жолмен тарайды. Ары қарай, ол инфекция микробты эмбол ретінде, ұзын түтік тәрізді сүйектердің метаэпифизарына орнығады.
Инфекцияның гематогендік жолмен тарауы остеомиелиттің неге метаэпифизде басталатынын түсіндіреді. Лексер теориясы аурудың науқас жасына байланыстығын түсіндіреді: алғашқы айдағы нәрестелер, бес-жеті және 12-14 жастағы, яғни қарқынды өсу кезеңіне сәйкес. Остеомиелит дертімен зақымданудың жиілігі: науқастардың 35%–нда - сан сүйектері, 31%-нда - жіліншік сүйектері және 7,5-10%-нда иық сүйектері.
Остеомиелитпен ауырғанда тек бактерияның болуы ғана жеткіліксіз. Совет патофизиологы С.М. Дерижанов қояндардың қанына таза стафилококктарды енгізіп остеомиелит туғызған. Ол, қояндардың тері астына өлген микротәндерді енгізу арқылы, алдын ала сенсибилизация жасағаннан кейін ғана пайда болды. Профессор В.А. Башинская сенсибилизацияланған қояндарға ганглерон енгізу арқылы остеомиелиттің алдын алу мүмкіндігін көрсетті. Олар осылай остеомиелиттің бактериясымен қатар организмнің жедел гиперергиялық реакциясы болғанда ғана туындайтының дәлелдеді. Бұлай тек қана экспериментте ғана емес, өмірде де болады. Жедел гематогендік остеомиелитпен күшті, сау, әсіресе ұл балалар ауырады. Оларда инфекцияның енуінде күшті гиперергиялық реакция байқалады.
Т.Ж.Сұлтанбаев (1984 ж.) клиникалық және экспериментальдық ізденіс жүргізе отырып, остеомиелиттің патогенезін былай деп түсіндіреді. Егер бала ағзасында біріншілік іріңді ошақ болса, микроорганизмдер сүйектің ми қабатына байлана отырып көбейе бастайды. Бұл жағдай жергілікті қабыну үрдісінің дамуына және некрозға әкеліп соғады. Сүйектің спецификалық тітіркенуі оның микроциркуляциясының және сүйек тамырларының өткізгіштігінің бұзылуына әсер етеді. Осы кезде сүйекке оттектің келуі нашарлайды да, тіндік гипоксия дамиды. Сүйек арнасында ацидоз және осмотикалық заттар (гистамин тәріздес) жиналады. Осы өзгерістердің барлығы жергілікті гемодинамиканың бұзылуына және сүйек ішінің қысымының артуына әкеледі. Бұл үрдістер біртіндеп гипоксияны арттырып, коллагенді талшықтардың буферлік қасиетін төмендетіп, одан барып коллагендер ісініп, декальцинацияға және деминерализацияға ұшырайды. Сонымен сүйектің кристалды торшасы бұзылып, оның физико-химиялық қасиеттері өзгеріп остеонекрозға ұшырайды. Сүйек арнасында пайда болған іріңді заттар басқа ағзаларға таралады (өкпе, бауыр, жүрек, бүйрек).
Айтылғандарды ескере отырып, дәрігер педиатрдың практикалық қызметіне мынандай нұсқаулар беруге болады: балалар мен жасөспірімдердегі тері ауруларын, тыртықтарды мұқият емдеу керек. Олар болған жағдайда толық жазылмағанша баланы мектептен, дене шынықтыру сабағынан босатып, жартылай төсектік ем, антибактериальдық препараттар беру керек.
Сүйек миының метафиз бөлігінде қабыну үрдісі басталысымен қабыну экссудаты жиналады. Сүйек - тұйықталған кеңістікті болғандықтан экссудаттың жиналуы сүйек ішіндегі қысымды жоғарылатады, ол клиникада ауырсынумен сипатталады. Сүйектің ішкі қысымының аса жоғарылауы қан тамырларының басылуына және сүйек аймақтарында ишемияның пайда болуына әкеледі.
Некроз ошақтарының (секвестрлердің) пайда болуына ықпал етеді. Олардың түзілуіне іріңді қабыну ошағындағы қан тамырларда тромбтардың түзілуі де әсер етеді. Секвестрдің пайда болуы – жедел үрдістің созылмалы остеомиелитке айналғанын көрсетеді. Некроз ошақтағы секверстлер болмакуы үшін ерте хирургиялық әрекет жасау керек. Хирургиялық әрекет, сүйек ішіндегі қысымды төмендетуге бағытталған.
Сүйек кеңістікті тұйықталған болса да, ол уақытша. Ол сүйектен қабаттанып бөлінеді және оның астында басында серозды-геморрагиялық ісіну, ол шіриді де субпериостальды абсцеске айналады. Сүйек тысы астында ірің бірнеше күн сақталуы мүмкін, одан кейін ол бұлшықетаралық кеңістікке өтеді де, бұлшықетаралық флегмонаны түзейді. Ол бірнеше күн аяқтың өзіндік фасциясымен шектеледі, ал одан кейін сол арқылы ірің теріасты май қабатына өтеді – теріасты клетчаткалық флегмонасы дамиды. Теріде гиперемия пайда болады және флюктуация анықталады. Осы кезеңінде ғана балалар хирургиясындағы мамандардың дайындығы жеткіліксіздіктен кесу әрекетін қолдану керек екендігін санайды. Бірақ осы белгілер кеш пайда болады: мысалы, санның қалың бұлшық ет қабатының астындағы остеомиелит кезінде, терідегі белгілер аурудың басталуы-нан кейінгі 12-14-ші күндері ғана пайда болады. Бұл кезеңде тіпті науқасты сақтап қалатын болсақ та, арты мүгедектікке әкеліп соғады.
XIX ғасырдың 30 жылдары Т.П.Краснобаев жедел гематогендік остеомиелиттің клиникалық түрлерінің жіктелуін ұсынған. Ол үш түрін қарастырған:

  • Токсикалық (адинамикалық, найзағай тәрізді, тиф тәрізді)

  • Септико-пиемиялық

  • Жергілікті (жеңіл).

Токсикалық түрі ең ауыр. Ол өте сирек кездеседі. Соңғы 10 жыл ішінде кездестірген жоқпыз. Осы түрі кезінде клиникалық көрінісінің ауырлығы токсикоз дәрежесімен сипатталады – қанға токсиндер қабыну ошағынан келеді. Сепсис әлі жоқ, қан себіндері стерильді. Осы түрінің клиникалық көрінісін сипаттау жеңіл, науқас есін жоғалтқан, адинамикалық, өте жоғары тифке ұқсас қызба болады. Диагностикасы өте қиын: ауру еш нәрсеге шағымданбайды, аурудың жергілікті белгілері дамып, көрініп үлгіре алмайды, өйткені найзағай тәрізді өтеді (емделмеген науқас екі-үш күнде қайтыс болады). Тек сүйектің пальпациясы кезінде байқауға болады, екеуінің біреуін сипау кезінде науқас есіне келмей тұрсада, тез қимылдап тынышсыздық көрінісін береді. Мәйітті ашу кезінде сүйектегі үрдісті ыждағытты түрде қарамаса дұрыс диагноз қою өте қиын. Сүйек трепанациясы кезінде ірің қалыптаспаған болуы мүмкін, сүйек миы шырынды, ісінген, оның беткейінен көп мөлшерде газды, қан аралас (геморрагиялық) экссудат ағуы мүмкін, ал гистологиялық зерттеу кезінде сүйек миының гранулоциттермен имбибициясын көруге болады.
Септико-пиемиялық түрі – жедел гематогендік остеомиелиттің өте ауыр түрі болып келеді, ол кезде аурудың жалпы мен жергілікті белгілері айқын көрінеді. Аурудың жағдайы өте ауыр, бірақ оның есі анық болады. Дене температурасы өте жоғары таңертең мен кешке 39-400С-қа көтеріледі және одан да жоғары болады. Бала аяғындағы солқылдататын ауырсынуларға шағымданады, ауырсыну метафиз аймағындағы болғандықтан ол буынның ауырсынуына шағымданады. Аяқтың ауырсынуға байланысты контрактурасы байқалады және таяу арадағы сүйек буынының қимылы шектеледі. Аяқ ауырсынатын буында сәл бүгілумен мәжбүрлі жағдайда. Әдетте, сирек кездесетін осындай балаларға жалпы хирургтар артрит диагнозын қояды.
Буынға жақын тұрған аяқтың зақымдалған сегментінің көлемі ұлғайған. Сүйек тысының қабаттанып алуынан және оның астында экссудаттың жиналуынан болатын ісінуге байланысты айырмашылығын ауру бөлімдердің симметриялық аумағының айырмашылығын сантиметрлі лентамен ғана өлшеуге болады, ал кейін көлемінің ұлғайғанын кәдімгі көзбен көруге болады. Аяқтың терең көктамырларының күшейген суретін көруге болады. Гиперемия мен флюктуация аурудың өте кеш белгілері болып келеді. Сүйектің зақымдалған сегментінің пальпациясында қатты ауырсыну байқалады. Бірақ та осы симптом жеңіл және ұғынықты болса да, оның сипаты остеомиелитке тән болса да, өкінішке орай, әрқашан мұқият бағаланбайды. Осы симптом жедел гематогендік остеомиелиттің артриттердің әртүрлі түрлерімен дифференциялануында негізгі диагностикалық белгі болып келеді, артрит кезінде сүйек пальпациясы ауырсынусыз болады.
Жедел гематогендік остеомиелиттің септико-пиемиялық түріне пиемиялық іріңді ошақтар болуы тән. Алғашқыда олар өкпеде пайда болады. Көп ұсақ қараю ошақтары түрінде (екі жағынан да), ол «қарлы боранды» еске түсіреді. Ол өкпенің екіншілік септикалық деструктивті пневмония көрінісі. Одан кейін іріңді метастаздар басқа қаңқа сүйекте, теріде және тері асты майында және басқа мүшелер мен тіндерде пайда болады.
Жедел гематогендік остеомиелиттің жергілікті түрі кезінде бір сүйек қана зақымдалады, сондықтан клиникасында сипатталған жергілікті симптомдар басым болады. Септико –пиемиялық ошақтар болмайды, бірақ та жеңіл түрі деп айтуға болмайды. Болгар зияткерлерымен аталған «антибиотиктік» остеомиелиттің ғана жеңіл ағымы болады. Ол кезде басқа бір ауруға байланысты балаға антибиотиктерді берілегендіктен, сүйекте қабыну үрдісі үзіледі. Осындай жағдайда остеомиелит диагнозын рентгенограмма арқылы қояды, оны емнен кейін өткізеді, өйткені балада сүйектегі ауырсынулар алаңдатады.
Жедел гематогендік остеомиелиттің клиникасында қан талдамасында: гиперлейкоцитоз, нейтрофильді формуланың солға жылжуы, токсикалық дәнді цитоплазма. Эритроциттердің тұну жылдамдығының айқын жоғарылауы аурудың бірінші аптасының соңында байқалады.
Жедел гематогендік остеомиелиттің рентгенологиялық белгілері өте типті. Бірақ та осы белгілер аурудың басталуынан кейінгі үшінші аптада ғана көрінеді, ал екі апта рентгеннегативтік фазада болады. Осыны білмеу салдарынан жедел гематогендік остеомие-литтің диагнозы аурудың ерте уақыттарында қойылмайды.
Алғашқы рентгенолгиялық белгілер аурудың 14 күні ғана пайда болады – ұсақ ұялы остеопороз және периостальды реакция: рентгенограммада сүйек тысының қабаттарының алынуы көрінеді.
Егер дер кезінде хирургиялық ем қолданылса қабыну үрдісі сүйекте ерте тоқтап, рентгенологиялық белгілер минимальды болады.
Көрсетілген белгілер неге кеш көрінеді? Бұл ұсақ ұялы остеопороз сүйек құрылымының іріңді үрдіспен бұзылғанын көрсетеді. Қабыну үрдісі бұл жерде емес, сүйек миында пайда болатындықтан мұндай өзерістер көрінуі үшін уақыт керек. Стафилококтар сүйек құрылымын өзінің ферментімен бұзып және рентгенограммада олардың орынында құрылымдық ақаулар пайда болу үшін 2-3 апта керек.
Сүйек үсті қабатының бұзылуы ауру басталғаннан кейін 2-3 күн болады. Сүйек үсті қабаты арқасында сүйек жуандығы өседі, тіпті сүйек үсті қабаты сыдырылып түскеннен кейін де ол өз жұмысын жалғатырады. 2 аптада ол жеткілікті жиналып, рентгенограммада периостальды реакция ретінде көрінеді. Жедел гематогендік остеомиелиттің рентгенологиялық суретінің алдағы динамикасына мән беру керек. Бала жазылысымен сүйек балкалары бұзылған жерде остеобласттар жас сүйек тінін өндіре бастайды. Бастапқы кезде ол ірі талшықты сүйек - әктастық массалар талшықтар бойымен белгілі тәртіпсіз орналасады. Бұл тін рентген сәулелерін жақсы өткізеді. Остеопороз бөліктерінің орынында тығыз остео-склероз бөліктері реттеледі сүйек бұл жерде құрылымсыз, бормен боялған сияқты.
Склероз орындарында остеокластар «жұмыс істейді» - олар іріталшықты сүйекті бұзады. Ол остеобластар оның орынында сүйек пластинкаларын құрады. Баяулап сүйек қалыпты түрін қабылдайды. Бұл үшін көп уақыт қажет – 2 жылға дейін.
Дәрігерлер остеосклероз ауруының басталғанынан 6 айдан кейін рентгенограмма арқылы негіздемей, созылмалы остеомиелитті диагностикалайды және соған байланысты шаралар қолданады. Созылмалы остеомиелит белгілері мүлдем басқа, ал мұнда созылмалы остеомиелит жоқ. Сүйекте қалдық құбылыс ретінде жедел остеомиелит құбылыстары бар және сүйек тінінің қалыпты құрылымы ем талғап өспей жүреді.
Аурудың ерте стадияларында диагнозды рентгенологиялық нақтылай алатын, әдістер бар. Бұл әдістер сипатталған және жарнамаланған.
Осындай әдістердің бірі сүйекті контрастты тексеру – остеомедуллография болып табылады. Сүйекке пункция жасап суда еріген контрастты зат еңгізіледі. Сүйекке дәрілік заттарды енгізудің маңызы зор. Бұл әдісте дәрілік зат әсер ету жалдамдылығы бойынша қантамырішілікке аналогты – кейде қан құяды. Контраст 15-20 минут енгізілгеннен кейін рентегнография жүргізіледі. Сау сүйекте 2-3 минуттан кейін контраст табылмайды, остеомиелитте 20 минуттан кейін де анықталады.
Аурудың басынан бастап өте ерте мерзімдерде екі науқасқа остеомедулография жүргізілген. Олардың диагноздары нақтылаған және мерзімінде сәйкесті ем тағайындалған. Екі науқаста да ауру ауыр өткен. Аурудың қиындығын қан қысымының жоғарылығы көрсетеді. Сонымен, енгізілген контрастты ерітінді концентрациясы 60-70% болды. Диффузия және осмос заңы бойынша қан арнасынан сүйекке қосымша сұйық ағымы пайда болады.
Ядролы-магнитті-резонансты томографияны қолданудың бірінші тәжірибесі остеомиелиттің диагностикасында перспективтілігін көрсетті: 4-6 күнде өзгерістер көрінбеген рентегнограммада 14-15-ші күндері көрінді.
Сонымен, жедел гематогендік остеомиелиттің ерте диагностикасы нақтылы клиникалық мәліметтерге негізделеді.
Инструментальді әдістер ішінде сүйектің пункциясы кезінде сүйекішілік қысымның неғұрлым айқындалуы және пунктаттан жағындыны зерттеуде макроскопиялық ірік, ол микроскопта гранулоциттер, остеомиелитті нақтылайды.
Ажыратулық диагностика. Жедел гематогендік остеомиелитті ең алдымен артриттен ажырату керек. Жедел гематогендік остеомиелитте ең қате диагноз- ол ревматизм. Педиатрға келгенде бала буындағы ауырсынуға шағымданады. Дәрігер аяқ қолдың ауырсынуын, жалпы жағдайының ауырлауы жоғары температурамен және тахикардиямен көрінеді. Үрдісс генерализациясы кезінде септикопиемия дамиды. Қан анализінде және ревмопробалар сондай көмек көрсетпейді. Бірақ гиперлейкоцитоз ревматизмы тән болмаса да, ол остеомиелиттің бірінші күндерінде жоғары эритроциттердің тұну жылдамдығы байқалмаса да нақты және қарапайым диагностикалық белгілер бар: ревматизм дәнекер тінін және синовиальды қабықтарды зақымдайды және сүйекті зақымдамайды. Ревматизмде буынның ауырсынуы қимыл кезінде байқалады.
Әрқашан есте сақтайтын нәрсе, инфекцияланған жаралар және сырылулар ешқашан ауыр жағдай тудырмайды, аяқ қолдағы ауырсынумен жүрмейді. Себебі хирургтар қателік жасайды. Бұл симптомдар бұндай жараларда, сырылуларда немесе терінің іріңді ауруларында болмайды олар тек гематогенді остеомиелитке тән.
Өте жиі травматологтар остеомиелитпен сырқат балаларды аяқ-қолдың соғылуы, байламдардың созылуы сияқты диагноздарымен емдейді. Айталық, остеомиелитке жиі аяқ-қол соғуы, 1-2 күн бұрын алған сәйкес келер. Бірақ жарақат өзінен өзі температураның себеп болуы мүмкін емес. Егер жарақат алғаннан соң науқастың дене қызуы көтерілген болса, бұл остеомиелит.
Жедел гематогендік остеомиелитте хирургиялық ем қажет. Мұндағы мақсат сүйекішілік қысымды төмендету. Ол үшін сүйектен сыртқа қабыну экссудатына жол салу болып табылады.
Операция жалпы наркозбен жүргізіледі. Теріні және теріасты май қабатын сүйектің зақымдалған метафизі аймағында тілінеді. Бұлшықттері кесілмейді, бөлінеді. Содан кейін сүйектысы кесіледі, егер кесілмесе – оны скальпельмен кеседі. Егер операция уақытында жасалса, сүйек тысының астынан серозды-геморрагиялық экссудат алынады, егер уақытында болмаса ірің алынады. Бұнда хирург сүйекті жалаңаш сияқты сезінеді, оның бетімен инструмент немесе скальпельмен тайқып кесуге болады. Бұл «жалаңаш» сүйек сезімі – жедел гематогендік остеомиелитке тән тағы бір тұжырым болады.
Сүйек тысын кескенен кейін диаметрі 0,5 см тесумен сүйек трепанациясы жүргізіледі. Немесе кіші диаметрлі инструменттермен бірнеше тесіктер жасалады. Сүйектен ағыммен геморрагиялық экссудат немесе ірің ағады. Оны себуге алады және антибиотиктерге қоздырғыштық сезімталдығы анықталады. Метафиздік қарама-қарсы жағынан тері арқылы сүйекке операциядан кейінгі кезде антибиотиктер енгізу үшін жуан ине қойылады. Жара дренаждалады, кептіретін антисептиктермен таңулар қойылады. Аяқ немесе қолға терең гипстік лонгет қойыла-ды. Операциядан кейін науқаста ауырсынулар бірден басылады.
Егер науқас стационарға асқынған жағдайда түссе және іріңді үрдіс метафиздан диафизға тараса, онда фрездік тесіктер диафиз аймағында жасалады. Аса радикальді оперативті көмектер жедел остеомиелитте көрсетілмеген. Ол үрдіс ағымын ауырлатады, созады және нәтижені ауырлатыды.
XX ғасырдың 30-шы жылдары Т.П.Краснобаев остеомиелит кезінде сүйекке трепанация жасалуына қарсы болған, ол «аялау» операциясын ұсынған – тек периостомия. Бұл остеомиелиттен өлімділікті 4 есе төмендетті. Бұл операция Т.П. Краснобаевпен 60-шы жылдарда таңдалған, бұл кезде қайта сүйек трепанациясына қайтқан, бірақ, бұл кезде аялау фрездік тесікпен шектелді.
Жедел гематогендік остеомиелит ауыр іріңді-септикалық ауру болғандықтан операциямен қатар жалпы қарқынды емдеуді қажет етеді. Қарқынды емдеу - төсектік режим және құнарлы тамақтану бірнеше күнге созылады. Осыған қоса антибактериальдік, дезинтоксикациялық және физиоем қосылады.
Антибактериальдік терапия науқас стационарға түскеннен кейін басталады. Оған екі антибиотик белгіленеді, екіншісін міндетті түрде тамыр ішіне енгізеді. Мұның негізгі мақсаты қоздырғыштың осы препаратқа сезімталдығын анықтау, әдетте оны анықтауға ұзақ уақыт қажет. Экспресс-талдама жүргізуге мүмкіндік жоқ. Кейде кең спектрлі препараттар тағайындайды. Бірінші курста (ұзақтығы 7 күн) цефалоспориндерді аминогликозитермен бірге тағайындайды. Сүйекке ине салған соң сүйек ішіне енгізу үшін антибактериальді препараттар белгіленеді. Ол әдетте қан тамырларына түспейді. Ұзақтығы 7 күн болады.
Екінші кезеңде 7 күндік курс сезімталдығына байланысты, сүйек тініне ерекше тропты линкомицин тағайындалады. 3 курста антибиотиктер таблеткалы белгіленеді. Қоздырғыштыққа әсер үшін пассивті иммунотерапия – иммуноглобулиндерді енгізеді.
Дезинтоксикациялық терапия баланың тәуліктік қажеттілігінен артық белгіленбейді. Дезинтоксикациялық әсері бар қан алмастырушы заттар белгіленді. Дезинтоксикациялық функцияны антигистаминді препараттар да атқарады. Зақымдалған ошақта стафилококк токсині болып табылатын протеолитикалық ферменттер ингибиторы да сол функцияны атқарады.
Ауыр жағдайларда экстракорпоральды детоксикация әдісі – плазмоферез, гемосорбцияны пайдалануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет