Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет65/214
Дата05.11.2023
өлшемі7,26 Mb.
#189890
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   214
Байланысты:
1 балалар хирургиясы кітап

ПОРТАЛЬДЫҚ ГИПЕРТЕНЗИЯ

Портальдық гипертензия деп қақпалы көктамырда қан айналымы қысымының жоғарлауыын айтады. Қақпалы көктамыр, барлық асқазан-ішек жолдарынан қанды жинап, оны бауырға жеткізеді. Бауыр ағзадағы тазалаушы орталық ретінде қанда күрделі биохимиялық зат алмасу үрдісінде түзелген токсикалық заттардан және экзогенді улардан тазартады. Қақпалы көктамыр, бауыр қақпасы маңында көк бауыр, жоғарғы және төменгі шажырқай тамырлардың түйілісуінен түзіледі, оның ұзындығы 2 см-дей.


Портальдық гипертензия – қақпалы көктамыр жүйесіндегі қан айналымының бұзылуымен, қысымының жоғарылауымен сипатталатын симптомдар кешені. Оның балаларда пайда болу себептері:

  • туа біткен және жүре пайда болған, бауырдың диффуздық аурулары

  • портальдық жүйедегі магистралдық тамырлардың тромбозы

  • бауыр көктамырындағы даму ақаулықтары

Портальдық қан айналымының тосқауыл (блокада) түріне байланысты ең толық жіктелуді М.Д.Пациора (1974) ұсынды:

  • портальдық қанайналымының бауырүстілік блокадасы, Бадда-Киари синдромы, тыртықпен және ісікпен қысылуы

  • бауырішілік блокада

  • бауырдан тыс блокада

  • аралас блокада.

Бауырасты түрінде, қан айналымына кедергі, қақпа көктамырында немесе көкбауыр көктамырында болады және соның нәтижесінде ақау немесе тромбоз пайда болады. Балаларда, портальдық гипертензияның осы түрі 90%-қ жиілікте кездеседі. Себептерідің ішінде ең жиі кездесетін іріңді омфалиттің асқынуы болып табылатын кіндік көктамыр флебиті жатады. Кіндік көктамыр флебитінің себептеріне, нәрестелерге инфузиялық терапия жүргізу кезінде кіндік көк тамырында катетердің ұзақ уақыт тұруы жатады. Кіндік венасына тек қана дәрілік заттарды 1 рет енгізуге немесе алмастырушы қан құюларын өткізуе болады, содан кейін міндетті түрде катетер алыну керек. Кіндік көктамыр флебиті өте қауіпті. Кіндік көктамырында түзілген тромб қақпа көктамырына немесе оның сол тармағына өтіп, портальдық қан айналымының бұзылуына және портальдық гипертензияның бұзылысының себепші болады. Бір аудандық аурухананың перзентханалық бөлімінде кіндік сепсисының таралуы болған. Осы кезде 11 бала ауырып 6-уы қайтыс болды. Қалған 5 бала сауығып шықты, бірақ 1 жаста бірінен бірі соң портальдық гипертензиямен жұтқыншақтан қан кетіп ауруханаға түсе бастады.
Портальдық гипертензияның келесі түрі - бауырүсті түрі (Бадда-Киари синдромы). Ересектерде оның себебі, бауыр көктамыр флебиті, ал балаларда олардың саңылауларының атрезиясы болып табылады. Балаларда ол каузистикалық түрде, өте сирек кездеседі.
Қақпа көктамыр жүйесінде қысым жоғарылағанда, ағза қан айналымының басқа жолдарын іздейді. Олардың түзілуі үшін анатомиялық бейімділік ықпал болады – ол табиғи портокавалдық анастомоздар деп аталады. Олар қалыпты жағдайда қызмет атқармайды, ал портальдық гипертензия кезінде ашылып, портальдық қанның бір бөлігін үстіңгі немесе төменгі қуыстық көктамырлар жүйесіне өткізеді.
Ең бейімді анастомоз топтары асқазан көктамыр арасында және өңеш пен асқазанның кардиальдық бөлігінде орналасқан. Портальдық жүйеден қанның таралуының көлемді болуынан өңеш көктамыры бірден кеңейіп, варикозды түйіндерге айналып, олардың қабырғалары жұқарады. Көктамырлық қанның тоқырауынан өңештің шырышты қабығында дистрофиялық өзгерістер болады. Толық шайналмаған тамақ көктамыр қабырғасы және шырышты қабығын зақымдап, профузды қан кетуге әкеледі.
Табиғи портокавалдық анастомоздардың басқа топтары, тоқ ішектің ректосигмоидтық бөлімінде, сигма тәрізді және тік ішектің кіші жамбас және шат көктамырында. Ал олар төменгі қуысты көктамыр арасында орналасқан.
Көктамырлардың осы бөлігінің кеңеюін ректороманоскопия немесе колоноскопияда анықтауға болады. Балаларда қан кету болмайды, соған байланысты оның тек қана диагностикалық мәні бар.
Табиғи портокавалдық анастомоздардың үшінші тобы кіндік көктамырының толық облитерацияланбаған саңылауымен және төменгі қуыс көктамыр жүйесіне жататын құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасының көктамырлары арасында орналасады. Портальдық гипертензия кезінде олар арқылы қосымша қан таралымы артқандықтан, олар кеңейіп, тері арқылы көрінеді. Ол портальдық гипертензия симптомы «медуза басы» ретінде сипатталады.
Анастомоздардың төртінші тобы шажырай көктамыр ағындарында жататын шажырқай түбір көктамыр және төменгі қуысы көктамыр жүйесіне жататын бел аймағының көктамыр арасында орналасады. Олардың кеңейуін диагностикалау мүмкін емес.
Портокавалдық анастомоздардың соңғы үш тобының жеткілікті ашылуы, өңеш пен асқазанның кардиальдық бөлімінің көктамыр арқылы портальдық қанның қысымынан сақтайды. Сонымен қатар, науқастардың бір бөлігін, портальдық гипертензияда жұтқыншақтан қан кетуден сақтайды.
Көкбауыр көктамырынан өтетін қан ағымының қиындауы салдарынан ол қанға толық толады да, көкбауыр көлемінің ұлғайып, қандағы гиперспленизм көріністеріне әкеледі. Соңғы фактор, өңештің варикоздық көктамырларынан басталған қан кетуді тоқтатуға әсер етпейді. Бауыр портальдық гипертензияда бауырасты түрінде ұлғаймаған, ал бауырішілік түрінде ұлғайған және тығыз келеді.
Бауырдың қанайналым жағдайына және клиникалық көріністері байланысты қақпа көктамыр жүйесінде М.Д.Пациор портальдық гипертензияның үш кезеңін ажыратады:

  1. компенсацияланған (бастапқы кезең – шамалы портальдық қысым, компенсацияланған бауырішілік қан айналым, спленомегалия гиперспленизммен)

  2. субкомпенсацияланған (жоғары портальдық қысым, спленомегалия, өңеш және асқазан көктамырының варикозды кеңейуі, қан кетумен, қан кетусіз, қақпа көктамыр жүйесіндегі бауыр қан айналымы)

  3. декомпенсацияланған (спленомегалия, өңеш және асқазан көктамырының варикозды кеңейуі, қан кету, қан кетусіз, асцит, қақпа көктамыр жүйесіндегі бауыр қан айналымы мен орталық қанайналымының айқын бұзылуы).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет