Жүре пайда болған гемолитикалық анемия. Бұл үрдістің ұзақтығы организмдегі әр түрлі факторларға – физикалық, химиялық, вирустық, бактериальдық, дәрілік заттар және басқаларға байланысты. Бұлар, антиэритроцитарлық аутоантидене түзілуіне әкелуі мүмкін, науқаста эритроциттердің гемолизі және агглютинациясын шақырады. Антидене табылуы Кумбс реакциясына көмектеседі. Реакция оң нәтиже бергеніне байланысты болады.
Клиникалық көрінісі. Жүре пайда болған гемолитикалық анемия көп жағынан туа біткен микросфероцитарлық гемолитикалық анемияға ұқсас келеді: сарғаюдың циклді (соқпалы) өтуі, көк бауырдың ұлғаюы, тура емес билирубин есебінен қан сарысуындағы билирубиннің жоғарылауы, уробилинурия, анемия, ретикулоцитоз, сүйек кемігінің эритробласты реакциясы, жағдайының нашарлауы, криз кезінде дене қызуының жоғарылауы. Жүре пайда болған гемолитикалық анемияның клиникалық көріністері ауыр өтуімен ерекшеленеді, эритроциттердің осматикалық төзімділігі төмендеген немесе қалыпты, микроцитоз болмайды, макроцитоз жиі болады, сирек Кумбс реакциясы оң болады.
Бұл анемияның болжамы, туа біткен формасына қарағанда, ауыр.
Емдеу. Емдеу негізі - жүре пайда болған гемолитикалық анемияны тудырған факторға қарсы ем (егер ол анықталса) және организм реактивтілігін төмендету. Стероидты гормондар қолданады (кортизон, преднизолон, триамцинолон, дексаметазон және басқа), көкбауыр мен лимфоидты тіндегі антидене өнімін басу. Гормоналдық ем көмектеспесе, жалпы жағдайының нашарлауы болса, анемияның жоғарылауы, гиперспленизм анықталса, спленэктомия жасалады. Мұндай ауруларда операцияға дейін, және одан кейін кортикостероидтық терапия қолданады.
Туа біткен макроцитарлық гемолитикалық анемия. Аурудың клиникалық көріністері микроцитарлық гемолитикалық анемияның клиникасына ұқсас. Микросфероцитоз болмайды, эритроциттің осматикалық төзімділігінде өзгеріс жоқ. Сфероцитарлық емес гемолитикалық анемияның екі түрі бар. Эритроциттердің диаметрі аздап ұлғайған, немесе айқын макроцитозбен, қалыпты анемия. Бірінші тобында науқаста спленэктомиядан кейін жағдайы жақсарады. Айқын макроцитоз кезінде спленэктомия нәтижесіз, осыған байланысты консервативтік ем жүргізіледі.