Байланысты: Balalar khirurgiasy kaz medical students
«Д» және «С» витаминдерінің жетіспеушілігі. Аталған витаминдер жеткіліксіз болғанда, мысалға, рахит пен цингада азғана жарақаттаушы күштің әсерінен сүйек сынығы туындайды. Көбінесе «Д» витамині жетіспегенде сан сүйегінің төменгі бөлігі және білек сүйектері сынады. Көбінесе, олар сүйек қабаты астындағы сынық болғандықтан, клиникалық көрінісі шамалы болады. Сынық дер кезінде анықталмай, аяқ-қол қисайғанда ғана білінеді. Рахитте туындайтын сынықтар тез бітпейді, сондықтан иммобилизация уақыты ұзағырақ болады. Сүйек цинга және Меллер-Берлоу ауруларында да кездеседі.
Егер де «С» витамині жетіспеушілігі 6 айдан асқан немесе бір жастағы балаларда туындаса, эпифиз бен сүйек қабы астында қан жиналып эпифизеолизді, немесе сүйек сынығын туындатады. Көбінесе мұндай сынықтар сан, жіліншік сүйектерінің эпифиздерімен, қабырға сүйектерінде кездеседі.
Клиникалық көрінісі: эпифиз маңында, қабырға маңайында ауырсыну, ісік, терең дем алғанда, қолмен басқанда ауырсыну байқалады. Рентгенограммада эпифизеолиз немесе сынықтың бар екендігі анықталады.
Емі иммобилизация: қаңқа сүйектен тарту немесе гипстен лонгета салынып, «С» витамині, құнарлы тамақ беріледі.