Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым


КӘРІЛІК АЛДЫ ЖӘНЕ КӘРІЛІК ЖАС КЕЗЕҢ ІНД ЕГІ



Pdf көрінісі
бет200/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

КӘРІЛІК АЛДЫ ЖӘНЕ КӘРІЛІК ЖАС КЕЗЕҢ ІНД ЕГІ 
ПСИХОЗДАР ЭТИОЛОГИЯСЫ МЕН ПАТОГЕНЕЗІ
Пресенильді психоздар жеке нозологиялық бірлік ретінде өткен ғасырдың 
соңында, ж асқа байланысты белгілері бойынш а бөлінді. Пресинильді 
психоздардың жеке формаларының психопатологиялық айырмашылықтары, 
басқа психикалық аурулармен ұқсастығы олардың нозологиялық жекелігін 
теріске шығаруға себеп болды. Олар шизофренияның, маниакальды-депрессивті 
психоздың, атресклероздың немесе т.б. ж асқа байланысты психикалық 
ерекшеліктердің арнайы көріністерімен байланысты жүретін аурулардың көрінісі 
ретінде қарастырыла бастады. Пресенильді психоздардың нозологиялық 
табиғатына деген тұрақсыз көзқарас осы кезге дейін сақталып келді. Бірақ, 
көптеген психиатрлар пресенильді психоздың нозологиялық жекелігін мойын- 
дайды және бұл психикалық аурулардың қолданыстағы жіктеуінде белгіленген.
Пресенильді психоздардың пайда болуы тек жасқа байланысты емес, басқа 
да факторларға тәуелді: соматикалық және инфекциялық аурулар, тұрмыстық 
қолайсыздықтар, өмірлік стереотиптің өзгеруі (жаңа пәтерге көшу, жұмыстан 
шығу және т.б.). Пресенильді психоздар дамуына бейімдеуші мінез-құлықтық 
ерекшеліктер де бар: күмәншілдік, үрейшілдік, сенімсіздік, жоғары жауапкершілік 
сезімі. Б ірақ экзогенді зияндылықтар ж әне науқастардың преморбидтік 
ерекшеліктерінің рөлі жөніндегі пікірлер арнайы зерттеулерге емес, эмперикалық 
мәліметтерге сүйенген.
Пресенильді психоздар әйелдерде климакс алды және климакс кезеңінде 
жиі пайда болады. Осыған байланысты кейбір авторлар ағзадағы инволюциялық 
ауытқуларды эндокринологиялық өзгерістерге сайып, осы арқылы психикалық 
аурудың сипатын түсіндірмек болды. Пресенильді психоздармен сырқат 
науқастарды арнайы зерттеу ж әне эндокринді препараттармен емдеудің 
нәтижесіздігі бұл теорияның сенімсіздігін дәлелдеді. Сонымен қатар, эндокринді 
ауытқулар эмоциялықбұзылыстар дамуында аса маңызды деп санауға негіз бар.
Инволюциялық және кәрілік психоздарының этиологиясы мен патогенезі 
м әселесі аз зерттелген. О ны ң шешуі биологиялы қ ж ән е әлеуметтік- 
психологиялық аспектілерді, зат алмасу бұзылыстарын, интоксикацияларды 
қоса алғанда, қартаюдың жалпы мәселелерін зерттеумен тығыз байланысты. 
Кәрілік алды және кәрілік кезеңдегі психикалық бұзылыстар дамуында жалпы 
жасқа байланысты өзгерістермен қатар, психогенді жарақаттар мен соматикалық 
зияндылықтардың рөлі де көрсетілген.
Соңғы жылдарда психоз дамуының себебін түсінуде қартаю аспектілерінің 
генетикалық мәліметтері қолданылуда.
Ми атрофиясы, соның ішінде, кәрілік ақылкемдігімен сырқат науқастарда 
психикалық бұзылыстардың болмысын анықтау үшін олардың миындағы


Кэрілік алды жэне кэрілік жас кезеңіндегі психоздар этиологиясы мен патогенезі
351
морфологиялық өзгерістер жөніндегі мәліметтер маңызды. Кәрілік ақылкемдігі, 
атрофиялар кезінде ОЖЖ-де белгілі бір макро- және микроскопиялық өзгерістер 
анықталады. М акроскопиялы қ зерттеу кезінде мидың әр түрлі бөлігінде 
атрофиялық өзгерістер, ми қабықтарының жабысулары және бұлыңғырлығы 
байқалады. Бұл атрофиялық өзгерістер компьютерлік томография және пнев- 
моэнцефалографияда анықталады. М икроскопиялық зерттеуде ганглиозды 
жасушалардың дегенерациясы, майлы қайта түзілуі анықталады. Қарттық пси- 
хозбен сырқат науқастар миынан сенильді табақшалардың табылуы типті болып 
саналды, бірақ мұндай пікір толық негізделмеген.
Пик және Альцгеймер аурулары кезіндегі бас миындағы өзгерістер қарттық 
ақылкемдігіне ұқсас келеді. Бірақ олар локальдылығымен, мидың белгілі бір 
бөліктеріндегі атрофиялық үрдістермен ерекшеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет