келсе, Гегель болмысты субъект ретінде түсінеді. Қозғалмайтын, өзгермейтін жэне түрақты деп түсіндіріліп келген болмысты Гегель эр түрлі формалардағы түзілімдерге айнала отырып, тарихи козғалысты 111
жүзеге асыратын субъект-субстанция ретінде негіздейді. Гегельдің ойынша аласталған күйдің субъекті жэне формалық түзілімдердің сыртка айналған шыайы субъекті - Абсолюттік Идея болып табылады. Абсолюттік Идея үшін болу - өзінен шығып, өзгеде өзін тыстандыру. Сондықтан табиғат Абсолютгік Идеяның бөтен болмысы болып табылады, ал мәдениет әлемі оның тарихи козғалыста өзінен өзіне айналуының ең күрделі формаларының бірі болып табылады. Әрбір табиғи зат, коғам жэне адамның рухани өмірінің кұбылыстары Абсолюттің өзіндік өзгеруінің диалектикалық үдерісі ретінде көрінеді жэне ол қажетті, зандылықты жэне телеологиялы болып табылады. Осылайща, Гегель Канттың табиғат жэне еркіндік деген салаларға бөлген жіктеуін қабылдамай, жаңа нұсқа ұсынады. Ол бойынша бұл салалар жалғыз бастау - Абсолюттік Идеяның өзіндік дамуының эр түрлі кезеңдері болып табылады. Мұндай жағдайда индивидтің санасы өз-өзінен дамупш Абсолюттік Идеяның бір жағдайы жэне оның болмысы Абсолюттік Идеяны өзіндік тану мен өзіндік дамудың негізгі кезендерін кайта қалпына келтіруден тұрады, яғни өзінің индивидуалды болмысьгада ол интеллектуалды түрде өзінше дамуы тиіс жэне сол аркылы тектік интеллектуалдык кабілеті тарихын кайта туындатады. Адам материалдық қауашак қана, әлемдік рух адамның накты істеріне сырттай айнала отырып, осы кауашакта өзінің интеллектуалдық кабілетін байкатады. Әлемдік рухтың интеллектуалдык әрекетінің сырткы көріністері -