болмысының мынадай формуладан білінетін жаңа түсіндірмесін береді: «Құдайға деген сүйіспеншілік (chazitas) жэне тіршілікке деген сүйіспеншілік (cupiditas)». Элемдегі адам болмысының шынайылығы оның сүйіспеншілігі салмагымен жэне сүю кабілетімен анықталады. Егер сүйіспеншілікте ол шынайы махаббатын көрсетсе, яғни сыйлау мен жарата алатын кабілеті болса, онда сүйіспеншіліктің осындай сыйы аркылы күнэдан тазаруға болады. Аугустин элемдегі адам болмысын түсінудің жаңа алгоритмін ұсынады. Оның болмысының шеткі түпнегізі Құдай болып табылады, тек сонда ғана (сүйіспеншілікте, кадірлеуде, діни сенімде) адам өзінің өткіншілігінің сүйеніші мен берік негізін таба алады. Өзінің бұл фәнилік болмысын игеруге ұмтылу немесе сонын шеңберінен шыға алмау, хрисгиандык универсалдылыкка, яғни Бүтіндік ретіндегі Құдайга деген сенімнің басымдылығы, күнэһар дүниедегі қасіретті болмыс немесе одан бас тарту, өз дегенінде түру менмендігі мен әлемді күшпен өзгертуге ұмтылу - міне, элемдегі ортағасырлык адам болмысының ішкі кайшылықтары осындай. Сонымен, діни философияда абсолюттік болмыс Қүдай болып табылады. Ол нағыз птынайы болмыс, ал табиғи әлемнің барлық нәрселері жэне адамның өзі де оның жаратылысы ғана, сондықтан олар шектеулі, жалған және тэуелді. Батыстың философиялык ойлау мэдениетіне кезінде Парменид зор рухани-интеллектуалдык эсерін тигізіп, дүниетанымдык бағдарды белгілі дәрежеде өзгертсе, эсерінің күші мен көлемі осыған жакындайтындай дүниетанымды Гегель де үсынады. Өзіне дейінгі ойшылдармен салыстырғанда Гегель болмыстың жаңа түсінігін береді. Егер оған дейін болмыс тұракты субстанция, абстрактылы жалпылык жэне түлғасыз казуалдык ретінде пайымдалып