жүйе кұра алмайды. Алайда эрекет пен таным үдерісінде біз бүл ажырамас түтастыктың белгілі бір жағына ғана көңіл аударып, ал екінші жагын көлеңкеде калдырып коя береміз. Бұл максатта «форма» жэне «мазмұн» категорияларын колдану кажет. Форма - бұл берілген күрылымның түрақты катынастарын олар камтитын жай жүйелер мен элементтерден бөлек алып карастыратын категория. Мысалы, ньютондык тартылыс заңы Ft=y(mixm 2
)/r2 жэне кулондык электростат заңы Fe=k(qixq2)/r2 күрылымдарын салыстырғанда олардың алгебралык формаларының ұксас екендігін оңай байкауға болады (бұл бізді электр жэне гравитация күштерінің арасында қандай да бір терең тұтастық бар деген ойға жетелейді). Мазмұн - берілген күрылым күрамындағы элементтер мен жай жүйелердің накты жиынтығын білдіретін категория. Мысалы, жоғарыда келтірілген күрылымдардың физикалык мазмұны аспан денелері (Ньютон заңы үшін) жэне электр зарядтары (Кулон заңы үшін) болып табылады. Объективті нактылықта форма мен мазмұн бір-бірінен ажырамайды. Оларды ажырату тек таным үдерісінде ғана жүргізіледі. Сондыктан да олар диалектикалык тұтастыкта деп айтьшады. Гегельдің айтуынша, «мазмүн — форманың мазмүнға айналуы, ал форма - мазмұнның формаға айналуы». Форма мен мазмұн түтастығы, өзара байланысы туралы айтканда, мазмұнның бұл тұтастықта жетекші, аныктаушы кырымен көрінетінін ескеру кажет. Tipi ағзаны динамикалык жэне кызмет етуші жүйе ретінде карастыра отырып, оның эр түрлі органдары мен олардың функциялары - мазмүнды, ал олардың өзара байланысы мен тәуелділігі - ағза формасын күрайды деп есептей аламыз. Екеуінің бір-бірімен түтастығына карамастан, шешуші ыкпалды мазмұн жасайды. Дэл осы