жэне жекелеген ұғымдар арасындагы сәйкестік емес, белгілі бір түйіндер, яғни, пікірлер жэне істің объективті жағдайы арасындағы сәйкестік болып табылады. Акикат түсінігінде философия тарихында да, казіргі философиялык ағымда да эр алуан пікірлер бар. Мысалы, акикаттың когерентгі (латынша cohaerentia - тіркесу, байланыс) концепциясын жактаушылар рационалистер көзкарастарын біржақты колдай отырып, егер берілген түйін алдындағы акикат деп есептелген пікірлерден белгілі логикалык ережелерге сэйкес туындайтын болса, дұрыс деп санайды. Математикадағы шарт осындай. Теорема біркатар аксиомалардан келіп шығады. Аксиоманың шынайылығына біз күмэн келтіре алмаймыз, ал теорема болса (тұжырым), егер ол логикалык түйіннің дэл ережесіне сэйкес аксиомадан туындайтын болғанда дәлелденген немесе акиқат деп саналады. Алайда, «акикат» жэне «жалған» ұгымдары көп мағыналы, білімнің эр саласына катысты эр түрлі мэнге ие болады. Мысалы, математикада акикат ұғымы мынадай тұжырымның - «теорема дегеніміз мынадай да, мынадай ережелермен дәлелденеді» деген тұжырымньщ синонимі ретінде көбірек колданылады. Жэне мұнда ешкандай қателік жоқ. Бұл ерекше сөз тіркестері, математика үшін формальды дұрыстык, формальды есептеу немесе корытынды шығару ең негізгі мэселе (жалғыз болмаса да) екендігін баса көрсетеді. Алайда математиканы практикада - ғылым мен техникада колдануға келгенде мэселе түбірімен өзгереді. Мысалы, көп өлшемді геометрияда жалаң формальды жолмен ғана бекітілген жэне формальды акикат деп есептелетін теоремалар мен тұжырымдар бар. Әзірше олар ешкандай