қалдырмайтын сиякты” (Современная техника // Новая технократическая волна на Западе, 119 б.). Қазіргі техниканың пайда болуымен барлығы да өзгереді. Ең алдымен, К.Ясперстің пікірінше, адамның табиғатпен байланысы өзгерді. Адам техниканың көмегімен табиғатты бағындыра отырып, өзі табиғаттың ықпалына түседі, табиғат адамның тиранына айналады. Техника адамның барлык күнделікті өмірін өзгертіп жіберді, ол “бүкіл өмір сүруді белгісіз техникалык механизмнің әрекетіне, ал бүкіл планетаны—түтас фабриката айналдырды. Сонымен бірге адамның өзінің түбірінен толық ажырауы жүзеге асты жэне бүл бүгінгі күні де жалғасуда. Адам отансыз жердің тұрғынына айналып, дәстүр жалғастығын жоғалтгы. Рух пайдалы функцияларды орындау мен окып-үйрену қабілетіне айналды” (Современная техника, 121 б.). Ары карай К.Ясперс былай деп жазады: “Мына нэрсе күмәнсіз: техника адамның өзін ѳзгертуге бағытталған. Адам енді өзі калыптастырған техниканың ыкпалынан босанып шыға алмайды. Жэне техникада шексіз мүмкіндіктермен катар, шексіз кауіп- катердің де бар екендігі күдік туғызбайды. Адам өзінің техниканың билігі астына кашан жэне калай түскенін аңғармай да калды” (Современная техника, 145 б.). К.Ясперстін пікірінше, техниканың маңызы мен рөлінің кұдіреттілігі сонша, оның мэнін ашпай казіргі акуалды пайымдау мүмкін емес. Техниканың нактылыты адамзат тарихындаты үлкен бетбұрыска экелді, біз адамзат өмірін механикаландырудың нағыз дер кезінде түрғанымызбен оның барлык