11. Жер қыртысындағы тектоникалық қозғалыстардың бедер құрудағы р´лі
Соңғы кездерге дейін ғалымдар тектоникалық озғалыстарды үш түрге бөлетін: атпарлану қозғалыстары, үзілмелі дислокациялары және қабаттардың жатыс пішінін бұзбай өтетін, кең аумақты кеңістікті қамтитын баяу тік бағыттағы тербелмелі қозғалыстар. Кейіннен тектоникалық озғалыстардың негізгі бағыттарына сәйкес, ғалымдар жер ыртысының екі типті тектоникалық қозғалыстарын бөлетін болды, олар - тік бағыттағы (радиалдық) және жазық бағыттағы (тангенциалдық) қозғалыстар. Осы екі қозғалыстар жеке өз алдына бөлінуімен атар, өзара байланысты, әдетте қозғалыстардың бір түрі екіншісінің қалыптасуына себепкер болады. Бұлар жер қыртысы ірі блоктардың тік бағытта және жазық бағытта жылжып ауысуымен ғана сипатталып қоймай, әр масштабты қатпарлы және үзілмелі дислокацияларын да туғызады (О.Леонтьев, Г.Рычагов, 1988).
Литосфералық таталар тектоника деп аталған тұжырымдарға сәйкес балқыған мантия заттарының конвекциялық ағындары су астында ірі орта мұхиттық жоталардың қалыптасуына әкеліп соқтырады. Конвекциялық ағындар дамуының келесі көзендерінде осындай жоталардың орталық бөлігінде үзілмелі процесіне байланысты грабен іспетті теріс бедер пішіндері - рифтер қалыптасады (мысалы, орта Атлант жотасының рифт зонадері). Рифт түбіндегі тектоникалық жарылымдар бойымен мантия заттарының үздіксіз жоғары шығуы "спреддинг" құбылысын тудырады, яғни рифтердің орталық осі бөлігінен литосфералық таталар бөлшектеніп, бір-біріне қарама-арсы жақа ысырылады. Сонымен, мұнда тік бағыттағы тектоникалық қозғалыстардың жазық бағыттағы қозғалыстарға ауысқанын көреміз (13-сурет).
Астеносфера қабатының бетімен, жазы бағытта жылжыған литосфералы тақталар бір-бірімен кездесіп, қақтығысып-содығысу кезінде бір тақтаның екінші тақтаның астына сүңгуіне, яғни "субдукция" құбылысына немесе бір тақтаның екіншісінің үстіне жылжып шығуына, яғни "обдукция" құбылысына әкеп соқтырады. Сөйтіп, орта мұхиттық жоталар аймағында түзілген мұхиттық литосфералық тақталар Құрлықтік татаға қарай дамылсыз жылжи отырып, мұхиттар мен Құрлықттердің жапсарлау өңірінде қайтадан еңіс бағытта жер қойнауларына батып кетеді. Соның нәтижесінде мұхиттектік және Құрлықтектік тақталар жапсарласу өңіріңде мұхит жағынан терендігі 11 км-ге жететін шұңғыл науалар (Мариан, Филиппін шұңғыл науалары), оларды қамтитын аралды иіндер (Филиппін - Жапон - Курил - Камчатка аралды тізбектер), құрлық жағында зәулім тау жоталары (Анд, Кордильер) түзеледі. Осы мұхитпен құрлы жапсарында терең, мантияға дейін жеткең, мұхиттан материкке қарай құлаған көлбеу жарықтар зонаін Вадати -Заварицкий -Беньоф зонаі деп атайды. Тектоникалық жарылымдар бойымен әр тереңдікте жер сілкіну ошақтары таралған. Мұнда мантияға кірген мұхит қабығы балқып, базальт құрамды магмаға көшеді. Міне, сол магма қысымының әсерінен балқыған заттар көтеріліп жанартаулар тізбегін құрады. Ал екі Құрлықтектік литосфералық, мысалы Үндістан, Австралия және Евразия тақталарының соқтығысуы нәтижесінде Гималай сияқты биік доға тәрізді иілген зәулім таулар қалыптасады. Субдукция және обдукция процестері нәтижесінде кең көлемді таулар құрылуымен қатар қатпарлану және үзілмелі деформациялары да байалады.
12. Қатпарлы (иілмелі) деформациялар және олардың жер бетіндегі көрінісі.
Таужыныстарының бастапы жазық бағыттағы жату жағдайының бұзылуы дислокация (лат. dislokatio - ауысуы) деп аталады. Тектоникалық дислокациялар көбіне екі түрге бөлінеді - атпарлы, яғни пликативтік (лат. plicatio - бүктеу) және үзілмелі, яғни (лат. disjunctio - ажырату) дислокациялар. Қатпарлы дислокация таужынысы қабаттарының иілуі барысында өз тұтастығын сақтау нәтижесінде қалыптасқан.
Қатпарлы деформациялардың жай түрлері антиклиндік және синклиндік құрылымдары екеңі белгілі. Бұлар қабаттардың толқын тәрізді иілуі. Антиклиндік құрылымы деп иіні жоғары қараған қанаттары қарсы жаққа көлбеген оң мағыналы, (дөңес) иілімді атайды. Синклиндік құрылымы иіні төменге қараған, қанаттары бір-біріне қарай еңкіш келген, теріс мағыналы (ойыс), иілім.
Қатпарлар өздерінің жату пішініне байланысты сызықты және үзілмелі болып екі түрге бөлінеді. Созылмалы қатпарлардың ұзындығы көлденеңнен әлдеқайда арты, сондытан олар көпке дейін бір-біріне параллелъ бағытта ұзаққа созылып, геосинклиндік аймақтарда тұтасып жатады. Үзілмелі, қыска пішінді қатпарлар немесе брахиантиклиндар мен брахисинклиндар және күмбез тәріздес геологиялық құрылымдар платформа аймақтарына тән. Әдетте антиклиндар мен синклиндар көп жағдайда жер бетінде көрініс береді, бірақ көбінесе қатпарлы құрылымдар мен бедердің өзара байланысы өте күрделі (14-сурет).
Қатпарлы айматардың бедері тек қана атпарлардың түрлеріне және олардың кескініндегі және пландағы сыртқы бейнесіне ғана емес, сонымен қатар таужыныстардың құрамы мен сыртқы күштер әрекетінің қарқындылығына және тектоникалық жағдайларға байланысты. Кішігірім және қарапайым қатпарлы құрылымдар жер бетінде биік емес аласа жоталар түрінде байқалады. Әр түрлі иілімдерден құралған, жер қыртысының көтеріле даму нәтижесінде түзілген, ішкі құрылысы өте күрделі, ауқымы біршама ірі (жүздеген километрге созылатын) жалпы пішіні антиклинды болып келетін құрылымды антиклинорий дейді. Жер бетінде антиклинорий кең ауқымды жоталарды құрады (15-сурет).
15-сурет. Антиклинорий және синклинорий ұрылымдарынан ұралған тау жоталарының сұлбасы (В. О. Мильничук , М. С.Арабаджа, 1979).
Бұлардың мысалдары - Кавказдағы Басты және Шеткі жоталар, Маңғыстаудағы Қаратау және Ақтау, Орталық Қазақстандағы ¡лытау және Шыңғыстау, Шығыс Қазақстандағы Тарбағатай таулары. Бірнеше антиклинорий мел синклинорийдан құрылатын бұлардан да ірі тектоникалық көтерулерді мегантиклинорий деп атайды. Олар бедердің бірнеше жоталардан және жоталарды бөлетін ойыстардан тұратын зор ауымды тау алқаптарын құрайды (мегантиклинкрийға тиісті атты Үлкең және Кіші Кавказдың тау алқаптары жатады). Қатпар құру процестері жер қыртысының қозғалмалы зонадерінде - геосинклинды аймақтарда кеңінен дамыған. Мұндағы атпар құрылу құбылыстары үзілмелі процестерімен, интрузивті және эффузивті магматизммен қосарласа жүреді.
Күмбез (купол) тәріздес немесе диапирлік құрылымдардың өзегінде (ядросында) әдетте тұз, саздар гипс және англдрист секілді созылмалы таужыныстар орналасады. Бастапқы кезде тұз қабаттары жер бетінен біршама төмен өңірлерде шоғырланады. Олардың меншікті салмағы, көмкерме таужыныстармен салыстырғанда аз болады. Соның нәтижесінде олар жоғары көтеріліп, көмкерме қабаттың тұтастығын жарып өтеді, сөйтіп жердің бетінде аны байқалатын күмбездерді (шоқаттарды) немесе төбешіктерді құрады (16-сурет). Тұз күмбездердің пішіні мен мөлшері сан түрлі болып келеді; жекеленген тұз күмбездерінің ауқымы 1-100км2 аралығында болса, биіктігі жүз метрден бірнеше километрге шейін жетеді. Күмдезді құрайтын тұз қабаттарының еңістену бұрышы 100-тан 60-700-қа шейін жетуі мүмкін. Осындай диапирлы құрылымдардың ең айқын мысалы Каспий маңы ойпатының көптеген тұз күмбездері және Шу-Сарысу алабындағы Көктөбе, Бөріойнақ, Рахметнұра, Үшарал, Кемпіртөбе, Тантай, Кеңтарал және т.б. күмбездер (17-сурет). Тұзды күмбездер және брахиантиклиндік ұрылымдары әдетте мұнай және газ шоғырларының тұтқыштары болып саналады (18-сурет). Сол себептен қарастырып отырған диапирлік және брахиантиклиндік құрылымдарды құрылымдық-геморфология арқылы іздеуіндегі едәуір практикалық маңызы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |