Құрал -жабдықтар: Бинт, ені 5 см.
Іс-әрекетінің алгоритмі: Пациентті бет жағын өзіне қаратып отырғызу, жарақаттанған қолдың жағынан білекті столдың үстіне орналастыру, қолдар бос болу керек.
Тыныштандыру, өткзілетін манипуляцияны түсіндіру.
Бинттің бас жағын жақ қолға алу, бинттің басын – оң жақ қолға, сол жақтан оң жаққа қарай бинттеу.
Бинтті білезік буынға орналастыру.
Білезік буында 2 бекітетін тур өткізу.
Есте қалдыру:оң жақ қолға бірінші саусақтан, сол жақ қолға – бесінші саусақтан байлам салынады.
Білезік буыннан бастап, қолдың сыртымен саусақтың негізіне дейін бинт жүргізіледі.
Бинтті спираль тәрізді жолдармен бас жағына апарып әрі қарай негізіне қайту.
Саусақтың негізінен бастап, крест тәрізді тур арқылы білезік буынына апару.
Білезік буыннан бастап қолдың сыртымен келесі саусаққа жылжу.
6-7 ші пунктер қайталанады.
Білезік буында бекітетін турлармен байламды бітіру.
Бинттің шетін кесіп, түйінге байлау.
Есте қалдыру: осындай тәсілмен түгел саусақтарға байлам салынады. Егерде байлам дұрыс салынса, алақан ашық болу керек.
31.Омырауға салған кезде іс-әрекет алгоритмі Көрсеткіші:сүт безінің қабынуы, жарақаттар, күйіктер, операциядан кейін.
Құрал -жабдықтар: Бинт, ені 20 см Іс-әрекетінің алгоритмі: Пациентті бет жағын өзіне қаратып отырғызу керек.
Тыныштандыру, өткізілетін манипуляцияны түсіндіру.
Бинттің бас жағын сол жақ қолға алу, бинттің басын - оң жақ қолға, сол жақстан оң жаққа қарай бинттеу.
Омырау астында, кеудеге 2 бекітетін тур жасау.
Арқа мен қолтық астына бинтті жылжыту.
Сүт безін, асты жағынан бекітіп, бинтті қиғаш түрінде қарама-қарсы иық жаққа көтеру.
Арқа мен қолтық астына арт жағынан (ауырған сүт безі жағынан өткізу.
Сүт безін жоғарғы жақтан айналып бинтті саау сүт безден қолтық астына жылжыту. 4-5-6-шы пункттер қайталанады.
Омырау толық жабылғанша бинттің турлары салынады.
Омырау астынан 2 бекітетін турмен жүргізіп, байламның шетін қиып, түйінмен байлау.
Есте қалдыру: оң жақ омырауға байлам салынады, сол жақтан – оңға, сол жақ омырауға – оң жақтан – солға.