Сабақты аяқтау. Оқытушы сабақты аяқтайды: «Сабақта немен шұғылдандық? Сабақта қандай жаңа нәрсені білдік» Оқушылармен бірге жаңа ереже қайталанады.
Оқушыларды жұмылдыру. Бағаны бірге қою, оқушының өзіне-өзі беретін бағасын пайдалану мүмкін. Қойылған баға оқушының өзіне берген бағасымен бірдей болғанда ең жоғары нәтижеге қол жеткізіледі.
Білімді бұлай бағалаудың тәсілі сабақ бойынша балл атауымен аталады.
Сабақ бойынша рейтинг балл жәрдемімен оқушыны әділ бағалау үшін жауаптарды кестенің көмегінде есептеу пайдалы саналады:
-
№№
|
Аты-жөні
|
Тапсырманың түрлері
|
Ауызша
санау
|
Үй
тапсырмасы
|
Сұхбат
|
Өзіндік
жұмыс
|
1.
|
Алимов У.
|
4
|
5
|
3
|
5
|
2.
|
Аюпов Д.
|
-
|
5
|
-
|
4
|
3.
|
Баратов Ф.
|
5
|
3
|
5
|
4
|
Сабақ бойынша рейтинг (балл) оқушылардың білім, оқу және біліктіліктерін жан–жақты тексеру мүмкіндігін береді, сабақ барысында
балалардың белсенді түрде жұмыс істеуіне себеп болады, бірақ мұнда басқаша тексеру тәсілдері де қайтарымайды.
Бақылау сұрақтары
Қазіргі заман оқыту технологиясы, сабақтың мазмұны мен маңызы неде?
Сабақтың түрлерін айтыңыз.
Үлгілі сабақтың жоспарын түзу. Оқу кестелерінің талқылануы.
10-§. Бастауыш сыныптың математикасынан сабақтың түрлері. Сабақта индивидуал және топпен жұмыс жүргізу
Өзіндік жұмыс сабағы
Сабақта бұрын жүзеге асырылған барлық жұмыстар оқытушының жеке түрде жаңа баяндалған ережелері негізінде мәселе шешуге бағытталуы тис. Оқушылармен жаңа тақырыпқа тиісті өзінідік жұмыс орындау оқытушыға жаңа тақырыпты оқушылар қалай меңгергені, оқушылардың білімінде қандай кемшіліктердің бар екені туралы мәлімет береді. Бұл кезде оқушылар өздерінің білімін нығайтады, біліктіліктерін пайда етеді, үй тапсырмасын орындауға дайындайды, жаңа тақырыпты меңгерумен байланысты болған қиындықтарды жеңеді.Өзіндік жұмыс тексеру және жалпылайтын қорытындыны қайталаумен аяқталады. Үйге тапсырма. Үй тапсырмасының мазмұны бірінші жағынан сабақта өтілген жаңа материалды нығайтуға бағытталған болса, екінші жағынан кейінгі сабаққа дайындалуға бағытталуы тиіс.
Мысал ретінде. Санға 3-ті қосу және саннан 3-ті азайту.
1-сынып оқушыларын жаңа материалмен таныстыру сабағын алайық. Сабақтың тақырыбы. Санға 4-ті қосу және саннан 4-ті азайту.
Сабақтың мақсаты. Бірліктердің тобымен, яғни 4-ті азайту және қосу амалдарымен бірінші рет таныстыру, біліктілік пен дағдыларын нығайту.
Көрнекі құрал: есептеу үшін дидактиалық материалдар, есептеу таяқшалары, кішкене квадраттар.
Сабақтың жоспары:
үй тапсырмасын тексеру және оқушыларды жаңа материалды меңгеруге дайындау, үшті бірліктерге бөліп қосу және азайтуды қайталау;
тақырыпты жариялау және сабақтың мақсаты;
Достарыңызбен бөлісу: |