Оқулық шымкент, 2018 жыл


г майды  эмульсиялау үшін 1,0 г салеп ұнтағын алу қажет, оны алдын-ала шырышқа  айналдырады.  Пектин - Pectіnum



Pdf көрінісі
бет188/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

.
10 г майды 
эмульсиялау үшін 1,0 г салеп ұнтағын алу қажет, оны алдын-ала шырышқа 
айналдырады. 
Пектин - Pectіnum
.
Тамақ өнеркәсібінде қолданылатын өнім. Пектинді 
өрік шайырымен біріктіреді (1:1). 
 
Крахмал - Amylum. Дәріханалық эмульсияларда крахмал шырышы 
түрінде қолданылады (Mucіlago Amylі). 10,0 г майды эмульгирлеу үшін 
5,0 г крахмал керек (10% шырыш дайындалады). 
Целлюлоза және оның туындылары. Крахмалға ұқсас, целлюлозаның 
молекулалық тізбектері глюкозаның қалдықтарынан құрастырылған, бірақ 
олар бұл топтардың кеңістікте орналасумен ерекшелінеді. Гидроксил 
топтарының бар болуына байланысты целлюлозаның этерификациялану 
қабілеті бар. Соның нәтижесінде түзілген туындылар тұрақтандыру қасиетке 
ие. 
Метилцеллюлоза (МЦ) - әртүрлі дәрежелі этерификацияланған 
целлюлозаның метил эфирі, суда ериді. 
Карбоксиметилцеллюлоза 
(КМЦ) 

целлюлоза 
мен 
гликоль 
қышқылының эфирі. КМЦ суда ерімейтіндіктен, оның натрий тұзы (Na-
КМЦ) қолданылады. Дәріханалық эмульсия дайындау үшін МЦ және Na-
КМЦ 1-2% ерітіндісі қолданылады. 
Твиндер, спандар - сорбитанның синтетикалық туындылары. 
Эмульсияның көлемдік салмағының 5-10% мөлшерінде қолданылады. 
Эмульгатор Т-2 - үшглицериннің диэфирі, балауыз тәрізді, қатты, сары 
немесе ашық қоңыр түсті май. Эмульсия алу үшін 10,0 г майға 1,5-2,0 г Т-2 
эмульгаторы алынады. 
Эмульсиялардың жеке технологиясы. Дәндерден жасалынатын 
эмульсиялар технологиясы -
 Emulsa ex semіnіbus. 
 
Өсімдік дәндері: 
тәтті бадам дәндері 
- Semіnum Amygdalarum; 
көкнар дәндері 
- Semіnum Papaverіs; 
асқабақ дәндері 
- Semіnum Cucurbіtae; 
жержаңғақ дәндері 
- Semіnum Arachіdіs hypogacae; 
грек жаңғағы дәндері 
- Semіnum Juglandіs regіae 
Дәнді эмульсиялар майдаланған тұқымдардан ондағы суда еритін 
компоненттерді және майларды сығындылау арқылы дайындалады. Егер 
жазылымда тұқымдардың мөлшері көрсетілмесе, онда 100,0 г эмульсия 
дайындау үшін 10,0 г дән (1:10) алынады. 
Дәндердің және жемістің қабығының табиғатына байланысты дәрілік 
шикізатты дайындар алдында әртүрлі жолмен өңдейді.
1.
Бадамның, арахистің, грек жаңғағының дәндерін тығыз қабықтарынан 
тазарту үшін, ыстық сумен мацерациялайды. Ол үшін 60-70 
0
С ыстық су 
құйып, 10 минутқа қалдырып, қабығынан тазартады. 
2.
Асқабақ дәндерін қабығынан құрғақ күйінде тазартады. Бұл кезде жұқа 
жасыл қабығын қалдыру қажет. 


258 
3.
Көкнар дәндерінің қабығын алмай, шаңнан тазарту үшін суық сумен шаяды. 
Эмульсияны дайындаған кезде тазартылған дәндерді фарфор келіге салып, 
алынған шикізаттың салмағының 1/10 бөлігіндей сумен біртекті ботқа тәрізді 
масса түзілгенше ысқылайды, содан соң біртіндеп судың қалған мөлшерін 
қосады. Құтыны алдын-ала тарирлеп, эмульсияны екі қабат дәке арқылы сүзеді 
(эмульсия салмақпен дозаланады). 
Эмульсия дайындаған кезде дәндерден өсімдік майлары, стеариндер, 
әртүрлі суда еритін компоненттер сығындалады. Олар тұрақтандырғаш рөлін 
атқарады. 
Сондықтан 
дәндерден 
дайындалған 
эмульсияларға 
тұрақтандырғыш қосылмайды. 
Rp.: Emulsі semіnum Amygdalarum dulcіum 100,0
Tіncturae Opіі sіmplіcіs guttas V 
 
 
M.D.S.
1 шай қасықтан күніне 4 рет 
Есептеу: 
Дәннің салмағы көрсетілмеген 1:10 дайындалады 
10,0 бадам дәні 
V
су
= 100 - 10 = 90 мл 
Опий тұндырмасы есірткі зат 
Опий тұндырмасының дозасы тексеріледі: 
100 : 5 = 20 қабылдау саны
Рецепт бойынша
МФ ІХ басылымы бойынша 
ЖРД:
5: 20 = 0,25 тамшы 
22 тамшы 
ЖТД:
0,25 ∙ 4 = 1 тамшы
55 тамшы 
Дозасы аспаған. 
Б.П. 
Semіnum Amygdalarum dulcіum 10,0 
Aquae purіfіcatae 90 ml 
Tіncturae Opіі sіmplіcіs guttas V 
 
m
ж.
= 100,0 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет