Оқулық Т. Артыкова Қазақ тілі 9-сынып Сыныбы: 9«А» Пәні: қазақ тілі



бет6/11
Дата20.06.2018
өлшемі0,59 Mb.
#43656
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

21.Пән: қазақ тілі

Сынып: 9

Өткізілетін күні:

Сабақтың тақырыбы: Мамандық таңдау

Оқыту мақсаты: Оқушылардың мамандық таңдауы туралы ойларын кеңейту, нығайту. Мамандықты дұрыс таңдауына ықпал ететіндей, мамандықтар түрлеріне мүдделерін арттыру.

Күтілетін нәтиже:

- Мамандық туралы кеңірек танысады;

- сыни ойлау дағдылары артады;

- өздігінен тақырыпты меңгереді;
- қызығушылықтары артады;

- өз идеясын ұсынады;

- өз ойын айта алуы, өз пікірін қорғай алуы артады;

- топпен жұмыс жасауға дағдыланады.



Сабақтың кезеңдері

Уақыт

Ресурс

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Қолданылған модульдер

Ұйымдастыру кезеңі

1-3 мин.




Мұғалім оқушыларға бойларына байланысты сапқа тұруды ұсынады. Содан кейін бірінші, екінші, үшінші болып санатып шығады.

Оқушылар сапқа тұрып, санап болғаннан кейін үш топқа бөлінеді. Санау бойынша бірінші болғандар 1-топқа, екінші болғандар 2-топқа, үшінші болғандар 3-топқа топтасады.

Топтарды құру

Жас ерекшеліктер.

Сын тұрғысынан ойлау: топтарға бөлу.



Уәж туғызу кезеңі

3-10

мин


«Миға шабуыл» әдісі


Мұғалім ойлануға оқушыларға «Мамандықты дұрыс таңдау дегеніміз не? Мамандық таңдау не үшін керек?» сұрағын қояды.

Оқушылар 3 минуттың ішінде ойларына келген сөз бен сөз тіркестерін қағазға жазып шығады.

Содан кейін үш топ өз қағаздарымен алмасып, бір-бірлерінің жазғандарын толықтырып, қайтарады.



Формативті бағалау:

«Бас бармақ»




Оқытудың жаңа тәсілдері: «Миға шабуыл» әдісі


Негізгі кезең

10-25

мин


Т.М.Артыкова., М.Б.Боранбай.

Қазақ тілі 9-сынып Алматы: «Атамұра», 2013.

Үлестірмелі материал. А-4 қағазы, маркер




Мамандық таңдауда неге сүйену керек?

Жақсы маман болу үшін сендердің ойыңызша не қажет?

Мамандық таңдау туралы қандай ақыл-кеңес бере аласыңдар?

Адамның өз мамандығына қанағаттануы дегенді қалай түсінесіз?


Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан өздерің сияқты жас мемлекет, сондықтан біздің болашағымыз да жастар»,- деп тегіннен-тегін айтқан жоқ. Мемлекетіміздің бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде болғандықтан сендер  сауатты, білімді, бәсекеге қабілетті болуларың үшін өз мамандықтарыңды дұрыс таңдап, дұрыс игеріп  өмірден өз орындарыңды дұрыс таба білулерің керек! Ендеше мамандықты дұрыс таңдай алатын мектеп түлегінің моделі қандай болу керек деп  ойлайсыңдар?

«Мамандық және болашақ»

«Мамандық және қоғам»

«Мамандық және отбасы» тақырыптарында пікірлесу ұйымдастырады.




Аяқталмаған сөйлем.

Үш топқа бірдей тапсырма беріледі. Көп нүктенің орнына өз ойларын жазу, ойды аяқтау.

•   Жақсы маман ол – ...............  .

•  Мамандық таңдағанда ......... .

•  Жақсы маман болу үшін ...... .

Мектеп түлегінің моделі:

· Өзіне сенімін арттыру       

· Өз жұмысын ұйымдастыра білу     

· Жауапкершілікті болу

· Өзін-өзі оқытуға бейімді     

· Ұжымға өз үлесінқосушы      

·  Пікірталаста өз ойын біліп өз орынын қорғай алатын     

·  Тәжірибеден өзіне пайдалысын ала алатын     

· Проблемасын шеше алатын

· Өз бетімен шешім қабылдай алатын тұлға болу шарт


Формативті бағалау:

«Бас бармақ»




Сын тұрғысынан ойлау: топтық жұмыс,

Оқыту үшін бағалау.

Басқару және көшбасшылық.

Сын тұрғысынан ойлау: постер құру (Мектеп түлегінің моделі)

Сын тұрғысынан ойлау: диалогтік оқыту.


Сергіту сәті


25-27

мин.






Мұғалім бейнероликті қосады.


Оқушылар сергіту жаттығуларын орындайды.




АҚТ: бейнеролик көрсетіледі.

Қорытынды кезең

27-42 мин




Дұрыс таңдалмаған мамандық немесе мамандық таңдауда кездесетін қателіктердің келешекте қандай әсері болады  деп ойлайсыңдар?





Әдеттен тыс бағалау: шапалақтап, қошемет көрсету.

Сабақтан алған әсерін смайлик арқылы білдіреді.



Оқыту үшін бағалау.

Оқуды бағалау.



Үй тапсырмасы

42-45 мин

Т.М.Артыкова., М.Б.Боранбай.

Қазақ тілі 9-сынып Алматы: «Атамұра», 2013.



199-беттегі

4-тапсырманы орындау



Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады.





Талантты және дарынды балаларды оқыту.

Өзін-өзі реттеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет