23. Сабақтың тақырыбы: «Мектеп тірегі-ұстаз»
Мақсаты: Оқушылар Мектеп тірегі ұстаз туралы мәліметпен танысады, ұстаз еңбегі туралы диалогқа түседі.Оқушылар жаңа тақырып бойынша білімдерін бекітеді сызбаға салады, қолданады.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Құрал жабдықтар: АКТ, оқулық, слайд, үлестірме парақшалар, БББ кестесі, рефлексивті күнделік, бағалау парақшалары, сергіту сәті
Әдіс - тәсілдері: диалогтік оқыту, «сөзжұмбақ» әдісі, «үш қадам диалог» әдісі, «ыстық орындық» әдісі.
. Күтілетін нәтиже:
- Сыни ойлау дағдылары қалыптасады.
- Өздігінен тақырыпты меңгереді.
Табыс критерий
-тақырып бойынша жұмыс істей алады;
-сыныптастарын тыңдай алады;
Сабақ кезеңдері
|
Уақыты
|
Мұғалім іс әрекеті
|
Оқушы іс әрекеті
|
Бағалау
|
Қолданылатын модуль
|
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал
|
1 минут
2 мин
|
Амандасу. Оқушыларға « екі шындық бір жалған» тренингін өткізу
|
Оқушылар1-2-3 саны арқылы тобына бөлінеді
|
Қол шапалақтау
|
Жас ерекшеліктеріне сай оқыту
|
Үй тапсырмасын тексеру
|
6 мин
|
Үй тапсырмасын сөзжұмбақ әдісімен бекіту.Жаңа сабаққа шығу
|
|
Бағалау парақшасын
|
|
Қызығушылықты ояту
Сабақ мақсатын айқындау
|
1 мин
|
Ұстаз болу – жүректің батырлығы
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы
Азбайтұғын адамның алтындығы
|
Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды. Білемін кестесін толтырады
|
|
АКТ
Т және Д
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
|
Мағынаны тану
Мәтінді оқып-танысу
Сергіту сәті «Қара жорға»
|
7 мин
2 мин
|
Ұстаз жүгі-ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, баланы ренжітпей қателігін сездіре білу ұстаздың міндеті. Ұстаздық-ұлы құрмет.Себебі ұрпақты ұстаз тәрбиелейді. Өмірге ұрпақ берген ананы қалай құрметтесек,біз сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды солай құрметтеуіміз керек.
Ұстаз болу – қиынның қиыны. Шәкіртінің жан дүниесін байытып, қоғам кетігіне кірпіш болып қалануына ұстаздың қосар үлесі зор. Тарыдай болып білім ордасының табалдырығын аттаған күннен бастап, таудай болып өмірге етене араласқанға дейін шәкірт ұстазының ойлы сөздерін жадына жаттап өседі. Ұстаздың арманы – шәкіртінің дұрыс азамат болуы. Өйткені олар – халқымыздың анасы!
Оқушыларға мәтінді оқуға арналған тапсырмалар беру.
|
Оқушылар топқа бөлініп отырады. Мәтінді тренер,ойыншы әдісі арқылы меңгереді.
|
Бағалау парақшасына жазба жұмысын бағалау
|
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Мәтінді талқылау
|
10 мин
5мин
|
Грамматикалық тапсырма
Болды,тапты,безендірді етістіктерін рай тұлғасына қойып жазу.
|
Бағалау критерийі арқылы тексереді
|
|
Оқытуды басқару және көшбасшылық
|
Қорытынды
Ой толғаныс Сабақтың басты сәтін еске түсіру
|
5 мин
|
|
«Үш шындық бір жалған» әдісімен сабақты қорытындылау.Білгім келеді кестесін толтыру
.
|
Өзін-өзі бағалау
|
Дарынды балалармен жұмыс
|
Үйге тапсырма
|
1 мин
|
Үй тапсырмасын түсіндіреді
|
Менің алғашқы ұстазым эссе
|
|
|
№
|
Ақпарат
|
шын
|
жалған
|
1
|
Ұстаз жүгі-жеңіл жүк
|
|
|
2
|
Ұстаздық-ұлы құрмет
|
|
|
3
|
Ұстаз болу қиынның қиыны
|
|
|
4
|
Ұстаздың арманы-шәкіртінің жаман адам болуы
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |