Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


тепе-теңдік бұзылса, ұлпалар мен қандағы ХСН концентрациясы  жоғарылайды,  гиперхолестеринемия



Pdf көрінісі
бет110/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

 
тепе-теңдік бұзылса, ұлпалар мен қандағы ХСН концентрациясы 
жоғарылайды, 
гиперхолестеринемия
пайда болады. Қандағы ХСН-
ң артуынан өт құрамындағы ХСН-н де көбейеді.. 
Соңғысының 
әсерінен 
өттегі 
ХСН-ң 
сұйық-кристалді 
формасын қатты кристалді күйіне айналдырады, яғни холестерол 
кристалданып, тастың түзілуіне негіз болады. 
Өт құрам бөліктерінің (ХСН, ФЛ, өт қышқылдары) ара 
қатынасы өзгеруі ХСН синтезінің жоғарылауы (ГМГ-редуктаза 
ферменті белсенділігінің артуы) немесе ХСН-ң өт қышқылдарына 
тотығуы (7-гидроксилаза белсенділігінің төмендеуі) организмнен 
шығарылуы болмаса, Фл синтезінің бұзылуы (семіздік, холин 


154 
жетіспеушілігі) тас түзілу ықтималдығының артуына ықпал етеді. 
Мұндай өттас ауруын сәтті емдеу үшін, хенодезоксихоль қышқылын 
қолдану арқылы холат-холестерол индексін жоғарылату, ГMГ-
редуктаза активтілігін тежеу және ХСН синтезін төмендету қажет. 
1г қышқыл ХСН синтезін 2 есе төмендетеді. 
Өт құрамында холестеролдан басқа, пигментті тастар болуы 
мүмкін, осындай тастардың түзілуі шамамен 10-27%-н құрайды. 
Тұнбада бос билирубиннің кальцийлі тұздары және гемоглобиннің 
ыдырау өнімдері кездеседі. Бос билирубин (тікелей емес) суда 
нашар ериді, улы, бауырда глюкурон қышқылымен усызданады, 
осылай байланысқан күйінде бауырдан бөлініп, өт қабына түседі 
және тек аш ішекке келгенде глюкурон қышқылынан бөлініп 
шығады. 
Патология 
кезінде 
бауырда 
түзілген 
немесе 
бактериялардың β-глюкорунизадасы өт шығаружолдарында немесе 
өт қабында байланысқан билирубин гидролизденіп, улы, суда 
ерімейтін бос билирубинге айналады. Соңғысы кальций мен 
байланысып, тұнбаға түседі. Демек, пигменттік тастардың түзілуі,
тек бауыр ауруларында ғана байқалмайды, сонымен қатар өт шығару 
жолдарының аурулары: өт тоқырауы, қабыну аурулары және 
гемоглобиннің қарқынды ыдырауы, гемолитикалық ауруларда, қайта 
қан құйғанда және сәйкес келмейтін үйлесімсіз қан құйғанда орын 
алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет