Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет20/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1
21-24 мат ондеу, 2 тест, 2, 2сын, матем, казак т 2кл, байланыстар, bioorganic-chemistry-p2-M, psikh detskogo vozrasta, Қоғам және мәдениет (копия)
Мембрана белоктары 
- мембрана құрамындағы липидтер 
негізінен биқабатты тұрақтандыру болса, белоктар мембрананың 
биологиялық активтілігіне жауап береді.
Мембрана құрамы олардың атқаратын қызметіне байланысты 
болады. Олардың бірі иондардың және белгілі бір молекулалардың 
тасымалдануын қамтамасыз етеді, екіншілері биокатализаторлық 
қызмет атқарады, үшіншілері цитоқаңқаның клетка сыртындағы 
матрикспен байланысуына қатысады немесе гормондардың 
(медиаторлар, эйкозаноидтар, липопротеиндер, азот тотығы (NO)) 
рецепторлары қызметін атқарады. Белоктар әрбір мембраналардың 
жұмыс істеу ерекшеліктерін анықтайды.


20 
Энергияны бір түрден 2-ші түрге ауыстыру қызметін атқаратын 
мембрана құрамындағы белоктар 75% құрайды. жоғары 
ферментативті активтілікке ие, тасмалдаушылық қызмет атқаратын 
мембраналарда- ферменттер, рецепторлар, түтікшелер көп кездеседі, 
олардағы белоктар 50%-ға жетеді. Оқшауландыратын қабат 
қызметін атқаратын мембраналарда белоктар 18 %-ға дейін болады. 
Мембрана белоктары липидті биқабаттың гидрофобты 
бөлігімен амфифильді қасиет көрсетеді. Биқабаттың жоғарғы май 
қышқылдары тізбектерімен белок молекуласындағы, зарядсыз 
полярлы емес амин қышқылдары радикалдары гидрофобты 
әрекеттеседі. Липидті биқабаттың полярлы аймағына белок 
молекуласының гидрофильді радикалдары шоғырланады. 
 
Мембрана белоктары біркелкі орналаспайды, ерекшеліктері 
бар, құрамы алуан түрлі болады. Олар атқаратын қызметіне қарай 
ферменттер, рецепторлар, тасымалдау жүйелері, құрылымдық 
белоктары болып бөлінеді. Мембрана белоктары суда липидтермен 
биологиялық 
активті 
комплекстер 
түзеді, 
бұл 
мембрана 
белоктарының ерекше қасиеттерінің бірі болып табылады. 
Беріктілік дәрежесіне қарай белок- липидті комплекстер әлсіз


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет