18
Мембрана липидтері
-
амфифильді молекулалар, құрамында
гидрофильді топтар (полярлы басы) , алифатты радикалдары
(гидрофобты құйрығы) өздігінен биқабат құрастырады.
Биқабатта липидтердің гидрофобты құйрықтары бір-біріне
қарап орналасқан. Бір липидті қабаттың ені 2,5нм, оның 1нм басына,
1,5нм соңына тиесілі.
Липидтер
мембранаға жоғары электрлік
төзімділік береді. Кейбір липидтер мембрананың сыртқы қабатында
орналасса, басқалары тек ішкі қабатында орналасады.
Мысалы: фосфатидилхолин, сфинголипидтер сырт жағына
орналасқан, ал фосфатидилэтаноламин,
фосфатидилсерин ішкі
жағына орналасқан, яғни мембрана асимметриялы болып келеді.
Мембрана құрылысының заманауи сұйықтық-мозайкалы теориясына
сәйкес, липидтер сұйық болады, тіпті мембрананың ішкі жағындағы
липидтердің консистенциясы сұйықтау болады.
Мембранадағы
липидтердің
агрегаттық
күйі,
оның
құрамындағы көп қанықпаған май қышқылдарының санына және
көмірсутек тізбектерінің ұзындығына байланысты болады. Май
қышқылындағы қос байланыстар олардың көлемін ұлғайтады және
құрылымдық қабатты қопсытады.
Май қышқылдарындағы қос
байланыстар орналасқан жерден майысады, осы жерге холестерин
орналасады. Мембрананың липидті қабаты алуан түрлі. Олар
Достарыңызбен бөлісу: