Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет14/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1
21-24 мат ондеу, 2 тест, 2, 2сын, матем, казак т 2кл, байланыстар, bioorganic-chemistry-p2-M, psikh detskogo vozrasta, Қоғам және мәдениет (копия)
аномальді
гликогеннің
артық мөлшерде жиналатындығымен сипатталады.
Жиі кездесетін гликогеноз 
Грике ауруы
. Бұл аурудың 
патологиялық белгілері нәресте өмірінің 1-ші жылында пайда 
болады: бауыры, жиі бүйректері ұлғаяды.
Гипогликемия нәтижесінде құрысу, өсудің тежелуі, ацидоз 
болуы мүмкін. Қан құрамында лактат және пируват мөлшері
жоғарылайды.[1].
Адреналин 
немесе 
глюкагон 
енгізгенде 
гипергликемия емес, керісінше гиперлактацидемия шақырады, 
себебі бауырда глюкоза-6-фосфатаза ферменті жоқ болғандықтан 
бос глюкоза түзілмейді. 
Зат алмасуды 
зерттеуде - бүкіл организм, оқшауланған 
органдар, тіндердің кесінділері, клетка дақылы, тіндердің 
гомогенаты, оқшауланған клеткалық органеллалар, молекулярлы 
деңгейлері (тазаланған ферменттер, рецепторлар пайдаланылады). 
Көбінесе метаболизмді зерттеу үшін радиоактивті изотоптарды 
(
3
Н; 
32
Р,
14
С,
35
S,
18
О) қолдану арқылы, ағзаға егетін заттарды 
белгілейді. Сонан соң осы заттардың клеткада орналасқан жерлерін 
бақылауға және олардың жартылай ыдырау кезеңін және 
метаболикалық жолдарын анықтауға болады.[27] 
 
1.3 Биологиялық мембрана 
 
Тіршілікке қабілетті организмдер клеткадан тұрады. Барлық 
клеткалар мембранамен қоршалған. Мембрана өте жоғары деңгейде 
ұйымдастырылған құрылымдар. Клетканың ішкі кеңістігі белок, 
липид, көмірсулардың көмегімен шектелген немесе кіші бөліктерге 
бөлінген. Клетканы қоршаған ортадан оқшаулап жеке бөліктерге 
бөліп тұратын, 
компартмент 
деп аталатын мембраналық 
құрылымдар жүйесі, метаболиттердің клеткаға түсуін немесе 
клеткадан 
шығарылуын 
және 
метаболизм 
жолдарын 
ұйымдастырушы құрылым ретінде, сигналдарды қабылдауды және
жеткізуді қамтамасыз етеді. Мембраналық жүйелер қоршаған 
ортаның өзгерістерін жылдам қабылдайды және келісімді қызмет 
атқару 
арқылы, 
рецепторлар, 
ферменттер, 
тасымалдаушы 
механизмдер мен бірлесе отыра клетка гомеостазының тұрақты
сақталуына көмектеседі. [13]. 
Биомембрана – инертті емес, статикалық өзгермейтін 
клетканың құрам бөлігі. Олар тірі ағзаның құрам бөлігі ретінде, 


14 
өзінің қызметтерін орындайды және үнемі жаңарып отырады.
Биомембрана жуандығы 6 нм-ден 10 нм аралығында (бірнеше 
молекулалық қабат) ауытқи алады, оның құрам бөліктері тығыз 
жинақталып орналасқан, әдетте (құрғақ салмаққа шаққанда) клетка 
массасының жартысынан көбі тиесілі болады. [40].
Мембрананың өсінділер түзу қабілеті бар, осылайша жалпы 
беттік көлемі көп есе ұлғаяды, бұл тағам өнімдерін сіңіруде маңызы 
рөл атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет