Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет22/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

Липидтерінің 
полярлы 
“бастарымен” 
байланысқан 
белоктары. 
Белок молекуласының зарядталған немесе полярлы 
домендері липидтердің полярлы “бастарымен” әрекеттесе алады, 
мұны иондық және сутектік байланыстар қамтамасыз етеді.
 
Сонымен қатар, көптеген цитозольдегі еріген белоктар, белгілі бір 
жағдайда мембрананың беткі жағымен қысқа уақытта байланысуы 
мүмкін. Кейде белоктың байланысуы ферментативті активтілік 
көрсетуге қажетті жағдай болып табылады. 
Мысалы, осындай белоктарға, протеинкиназа С, қанның ұю 
факторлары
жатады. [2]. 
Белоктың мембраналық якорьмен бекітілуі. 
Белоктардағы 
гидрофобты амин қышқылдары радикалдары “якорь”қызметін 
атқарады. Мұндай белоктарға ЭР мембрасындағы цитохром b
5
мысал бола алады. Бұл белоктар электронды тасымалдаушы ретінде 
тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысады. Сонымен қатар, 
мембрандық “якорь” қызметін белокпен ковалентті байланысқан май 
қышқылдары қалдығы (миристин-С
14
немесе пальмитин-С
16
)
атқарады. Май қышқылдарымен байланысқан белоктар плазмалық 
мембрананың ішкі бетіне орналасқан. Миристин қышқылы 
глициннің N-соңымен амидті байланыс түзу арқылы жалғасады. 
Пальмитин қышқылы цистеинмен тиоэфирлік байланыс түзеді 
немесе күрделі эфирлік байланыс арқылы серин және треонинмен 
жалғасады. Кейбір белоктар фосфатидилинозитолгликандағы 
белоктың С-соңына ковалентті жалғасқан клетканың сыртқы бетімен 
байланысады. Бұл “якорь” белок пен мембрана арасындағы ішкі 
жалғыз байланыстырушы сілтеме, сондықтан фосфолипаза С 
әсерінен белок мембранадан бөлінеді. Бірқатар липидтер якорленген 
белоктың фиксациялануына қатысады. Якорьленген белоктарға 
ацетилхолинэстераза постсинапстық мембранадағы 


22 
фосфатидилинозитолға 
фиксацияланады. 
Бірқатар 
липидтер 
якорленген белоктардың фиксациялануына қатысады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет