Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет21/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

 
байланысқан
 
беттік 
белоктар
және 
берік 
байланысқын

интегралды белоктар
болып бөлінеді. 
Беттік белоктар
- липидтермен сутектік байланыстар,
электростатикалық күштер арқылы әрекеттеседі. Беттік белоктар 
липидті биқабаттың беткі жағына жабыса орналасады және 
латеральды еркін қозғала алады. Беттік белоктар гликозилирленген 
күйде болады. Олигосахаридті қалдықтары белокты протеолизден 
қорғайды, лигандтарды және адгезияны тануға қатысады.
 
Құрылымдық белоктар - 
мембрана қаңқасын түзеді, олардың 
ширатылған аймақтарында молекулалы түтікшілер мен каналшалар 
орналасқан. 
Кейбір 
мембранадағы 
белоктардың 
көпшілігі
мембранамен байланысқан ферменттер деп аталады. 
Тасымалдаушы белоктар
арқылы мембрана клеткаға
заттардың түсуін немесе шығарылуын реттейді, яғни тасымалдау 
жүйесі қызметін тасымалдаушы белокмен іске асырды. 
Сонымен, биомембраналар өткізгіштіктің жоғары талғамды 
тосқауылы болып табылады. Иондар мен молекулалар ағымы 
арнайы тасымалдану жүйелері арқылы реттеледі.
 
Интегралды белоктар
липидтердегі көмірсутек тізбектерімен 
көптеген полярсыз байланыстар түзеді. Интегралды белоктардың 


21 
мембрана липидтеріне қараған бетінде аминқышқылдардың 
гидрофобты радикалдары орналасқан, 
 
олар липидті биқабатқа терең 
еніп немесе мембрананы тесіп келесі бетке өтіп орналасады. 
Белоктар мен крахмалдардың гидролизіне қатысатын бірқатар 
асқорыту ферменттері, ішек микротүтікше мембранасының 
интегралды белоктарына жалғасады. Мысалы, сахараза-изомальтаза 
және мальтаза-гликоамилаза комплекстерін қарастыруға болады. 
Осы асқорыту ферменттері мембранамен байланысқандықтан 
субстраттардың гидролизі жоғары жылдамдықпен жүруіне және 
гидролиз өнімдерінің клеткамен сіңірілуіне мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет