Митохондриялық мембрана. Митохондрия қос қабатты мембранамен қоршалған органелла.
Ол тотығудан фосфорлану жолымен аденозинтрифосфат (АТФ)
синтездеуге маманданған.
Митохондрияның сыртқы мембранасында көп мөлшерде
порин атты айырықша ерекшелігі бар белоктар кездеседі, олар
мембрананы көптеген тесіктермен қамтамасыз етеді.
Осы тесіктер арқылы бейорганикалық иондар, метаболиттер,
молекулалық массасы 10 кД-нан төмен кішкентай белоктар еркін өте
алады. Ірі белоктар сыртқы мембранадан өте алмайды. Бұл
митохондрияның мембранааралық кеңістіктерде белоктарды ұстап
қалу және цитозольға ағып кетіп қалмауына мүмкіндік береді.
Митохондрияның ішкі мембранасында белоктардың мөлшері
70%-ды құрайды, олар негізінен каталитикалық және тасымалдаушы
қызмет
атқарады.
Митохондрияның
ішкі
мембранасының
қалыңдығы 50-60 А
'
(ангстрем) және бұл мембрана липидтері 20% -
құрайды. Мембраналық транслоказалар заттарды мембранааралық
кеңістіктен матрикске және кері бағытта таңдамалы тасымалдайды.
Биологиялық тотығу тізбегінің ферменттері электрондарды
тасымалдауға және АТФ синтезіне қатысады.[ 2].
Лизосомалық мембрана. Лизосомалық мембрана (50 ішкі бетінде орналасқандықтан
оларды шақты) активті ферментердің арасында қалқан рөлін атқару
арқылы белоктар, көмірсулар, майлар, нуклеин қышқылдары және
клеткадағы басқа заттардың ыдырау реакцияларын қамтамасыз етеді.
Мембрана құрамында бірегей белоктар, мысалы АТФ-тәуелді
протонды сорғылар кездеседі, бұлар протеазалар, липазалар
гидролитикалық ферменттердің әсер етуіне қажетті қышқылдық
ортаны (рН-5) ұстап тұрады сонымен қатар макромолекулалардың
ыдырау өнімдерінің лизосомадан кетуіне мүмкіндік береді.
Лизосомалық
мембрананың
көптеген
белоктары
күшті
гликозирленген болып келеді, олардың көмірсулы құрам бөліктері
мембрананың протеазалардың әсерінен сақтайды. [ 4].