Катаболизмнің ортақ және арнайы жолдары Катаболизм 3 сатыда қарастырылады:
Полимерлер мономерлерге айналады: белоктар - амин
қышқылыдарына; көмірсулар - моносахаридтерге; липидтер -
глицерол және май қышқылдарына гидролизденеді.
Мономерлер ортақ өнім - пирожүзім қышқылына айналады, ал
басым көпшілігі Ацетил-КоА-ға тотығады. Химиялық энергияның
бір бөлігі жылу түрінде таралады, біразы коферменттердің
тотықсызданған түрінде (НАДН
2
, ФАДН
2
) жиналады, ал біраз бөлігі
АТФ-тің
макроэргиялық
байланыстарында
шоғырланады.
(субстраттан фосфорлану).
Катаболизмнің 1-ші және 2-ші сатылары арнайы жолдармен
жүреді, сондықтан белоктар, липидтер және көмірсулардың
метаболизмі ерекше бірегей болады.
Катаболизмнің ортақ жолында – ацетил-КоА үш карбон
қышқылының циклі реакцияларында СО
2
мен H
2
O дейін тотығады
(Кребс циклі). Катаболизмнің ортақ жолының тотығу реакциялары
тіндік тыныс алу тізбегімен түйіскен. Осы процесс кезінде бөлінген
энергия (40-45%) АТФ түрінде қорға айналады (тотығудан
фосфорлану). Катаболизмнің
ерекше
арнайы
және
ортақ
жолдарында биополимерлер: белоктар СО
2
, Н
2
О және NH
3
–дейін
тотығады, ал липидтер СО
2
, Н
2
О және ацетонға дейін ыдырайды,
бұлар катаболизмнің соңғы өнімдері болып табылады.
Қалыпты және патология жағдайындағы метаболиттер. Тірі клеткада әр секунд сайын жүздеген метаболиттер түзіледі.
Бірақ, олардың концентрациясы белгілі бір деңгейде сақталады және
спецификалы биохимиялық константада немесе референтті
(мөлшерде) болады. Ауру кезінде биохимиялық лабораториялық
метаболиттердің концентрациясы өзгереді. Бұл биохимиялық
лабораториялық диагностика арқылы анықталады.
Дені сау адамның организміндегі бірқатар заттар, тек белгілі
бір сұйықтықтарда ғана кездеседі, бұл олардың метаболизм
ерекшеліктеріне байланысты болады. Мысалы: қан сары суының
12
белоктары қалыпты жағдайда бүйрек сүзгісі арқылы өте алмайды,
осыған байланысты зәрде кездеспейді.
Қан сары суындағы антиденелердің басым көпшілігі