Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


катаболизм  деп ал, жай  заттардан күрделі заттардың түзілуін қамтамасыз ететін реакциялар  жиынтығы -  анаболизм



Pdf көрінісі
бет10/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1
21-24 мат ондеу, 2 тест, 2, 2сын, матем, казак т 2кл, байланыстар, bioorganic-chemistry-p2-M, psikh detskogo vozrasta, Қоғам және мәдениет (копия)
катаболизм 
деп ал, жай 
заттардан күрделі заттардың түзілуін қамтамасыз ететін реакциялар 
жиынтығы - 
анаболизм
процесі деп аталады. Анаболикалық 
процестер энергия жұмсау арқылы өтеді, ал катаболизм барысында 
энергия бөлінеді. Анаболизм мен катаболизм бір-біріне қарама-
қарсы жүретін жай реакциялар емес. Анаболикалық жолдардағы 
ферментативті реакциялардың жоқ дегенде біреуі тәуелсіз реттелуі 
үшін катаболизм жолдарынан өзгеше болуы қажет. [1] 
Осы ферменттердің белсенділігін бақылау арқылы, заттардың 
синтезделуі және ыдырау реакциялары жалпы жылдамдығының 
реттелетіндігін анықтауға болады. Бүкіл процестің жылдамдығын 
анықтайтын ферменттер шешуші ферменттер деп аталады. 
Бір заттың катаболикалық жүру жолдарын кері бағытта 
жүргізу арқылы, сол затты қайта синтездеп алу энергетикалық 
тұрғыдан мүмкін болмайды. Мысалы, бауырда жүретін глюкозаның 
пирожүзім 
қышқылына 
дейін 
ыдырауы, 
спецификалы 
ферменттермен катализденетін 11 жүйелі реакциядан тұратын 
процесс. Ал, глюкозаның биосинтезі (глюконеогенез) бауырда 
басқаша жүреді. Бұл процеске 11 ферментативті реакциялардың тек 
8-і ғана қатысады, ал жетіспей тұрған 3 саты басқа ферменттер 


10 
тобының қатысуымен жүреді. Бұл ферментативті реакциялар тек 
биосинтетикалық жолдарда ғана орын алады. 
Катаболизм мен анаболизм реакциялары бір-бірінен мембрана 
арқылы бөлінген және клетканың әртүрлі компартменттерінде өтеді. 
Мысалы, гепатоциттердегі 
кейбір 
метаболикалық 
жолдардың 
компартментациялануын қарастыруға болады. 
Цитозольде:
гликолиз, глюконеогенез реакциялары көптеген 
амин қышқылдарының активтенуі, БМҚ- ң биосинтезі жүреді. 
Плазматикалық 
мембранада:
энерготәуелді тасымалдау 
жүйелері қызмет атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет