Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет11/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

 
Ядрода
ДНҚ репликациясы, РНҚ транскрипциясы жүреді. 
Рибосомада:
белок биосинтезі-трансляция процесі жүреді.
 
Лизосомада:
гидролаза класының ферменттері орналасқан.
 
Гольджи 
комплексінде:
секреторлы 
көпіршіктер 
мен 
плазматикалық мембраналар түзіледі. 
Микросомада:
аминқышқылдар оксидазасы және каталазасы 
локализацияланады.
 
Эндоплазматикалық торда:
липидтер синтезделеді. 
Митохондрияда: 
үш карбон қышқылдарының циклі (ҮКҚЦ), 
тіндік тыныс алу тізбегі, май қышқылдарының тотығуы, тотығудан 
фосфорлану жүреді.

Метаболизм реакциялары:


 
1. Организмді энергияға бай тағамдық заттардың ыдырауынан
түзілетін химиялық универсалды энергиямен қамтамасыз етеді. 
2. Тағамдық заттарды құрылым материалдарына айналдырады 
және клеткада макромолекулалардың биосинтезіне жұмсалады. 
3. Тірі организмнің макромолекулаларын күрделі биополимерге
айналдырып, пластикалық, энергетикалық қолдау көрсетеді. 
4. Клеткалар мен организмнің спецификалық қызметтерін атқаруға 
қажетті биомолекулалардың синтезделуі мен ыдырауы сияқты 
әртүрлі қызметтер атқарады. 
Метаболикалық жол
– бұл организмдегі белгілі бір заттың 
бірізділікті химиялық айналымы. Осы процесс барысында түзілетін 
аралық өнімдер – 
метаболиттер
деп аталады, ал метаболикалық 
жолдағы соңғы қосылыс – соңғы өнім болып табылады. 
Гликолиз, холестериннің синтезі метаболикалық жолдарға 
мысал бола алады. Адам организміндегі ең маңызды метаболикалық 
циклдердің бірі үш карбон қышқылының циклі (Кребс циклі), және 
мочевинаның түзілуі (орнитин циклі). Метаболикалық цикл деп 
процесс соңында түзілген өнімнің бірі, реакцияға қатысқан


11 
қосылыстардың біреуімен бірдей болатын метаболикалық жол.
Метаболикалық реакциялар өзара тығыз байланысты болады, себебі 
барлығы дерлік маңызды рөл атқаратын ферментативті реакцияның 
өнімі, келесі бір реакцияның субстраты қызметін атқарады. [2]. 
1.2. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет