Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


Су – тұзды алмасуды реттейтін гормондар



Pdf көрінісі
бет253/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

 Су – тұзды алмасуды реттейтін гормондар 
 
Қалқанша маңы безінің гормондары. 
Қалқанша маңы бездері 
адамда қалқанша безі бүйір бөлігінің артқы бетінде орналасқан. 
Жалпы массасы 0,15 гр.
Қалқанша маңы безі 2 гормон бөледі, оларға паратгормон және 
кальцитонин жатады. 
.
(8.19) 
Кальций және фосфор алмасуының реттелуі 


345 
Паратгормон сүйекке, бүйрекке әсер етеді. Бір жағынан сүйекте 
кальцийдің реабсорбциясын күшейтеді, екінші жағынан активсіз Д
3
дәруменді 
активті 
кальцитриол 

3
-(ОН)
25

формасына 
айналдыратын митохондриальді α-гидроксилазаны активтейді 
Бұл гормондар Д дәруменімен бірге кальций мен фосфордың 
алмасуын реттейді. Паратгормон негізінен қалқанша маңы безінде 
секрецияланады, ал кальцитонин сонымен қатар қалқанша безінде 
де, тимуста да секрециялана алады. (8.19).[147] 
Паратгормонның секрециялануы және әсері.
Гормонның 
нысана клеткалары бүйрек, сүйек тіні және асқазан ішек жолдары. 
Ол қандағы Ca
2+ 
мөлшерін жоғарылатады, ал фосфордың мөлшерін 
төмендетеді және фосфор мен кальцийдың бүйрек арқылы бөлінуіне 
септігін тигізеді. [38]. 
Паратгормон, химиялық табиғаты. 
Паратгормон 84 
аминқышқылы қалдықтарынан құралған бір тізбекті полипептид. 
Молекулалық массасы 9500Д. Бірінші реттік құрылымында
аминқышқылдары құрамының орналасу реті толық анықталған.
 
Паратгормон биологиялық активтілікке ие болу үшін 
полипептидтік тізбектің N-ұшынан санағанда 30 аминқышқылы 
қалдықтары дұрыс орналасуы қажет болады.
Кальций мен фосфаттар реттелуінің маңызы.
- Кальций - жүйке, бұлшықет қозғыштығын қамтамасыз етеді. 
- Әртүрлі иондар үшін мембрананың өткізгіштігін іске асырады 
- Бұлшықет қозуы мен жиырылуы арасындағы қабысуды;
- Кальцийдің сүйек тінінен деминералдану арқылы қанға түсуін; 
- Фосфаттар мен кальцийдің бүйректе реабсорциясын жүргізеді.
- Ішекте фосфаттар мен кальцийдің сіңірілуін арттырады. 
Фосфаттар қандағы буферлік жүйелердің түзілуіне, көмірсулар 
алмасуына, нуклеотидтердің фосфорлануына және нуклеин 
қышқылдарының түзілуіне қатысады және паратгормон сәйкес 
иондарға ғана әсер етеді
 

Белоктармен байланысқан немесе денедегі сұйықтықтардың 


құрамында 
болатын 
иондалмаған 
күйіндегі 
кальций 
мен 
фосфаттарға әсер етпейді.
Паратгормонның секрециялануы қан 
сарысуындағы Ca
2+
деңгейінің төмендеуі қалқанша маңы безін 
активтендіреді. 
Жануар организміне оксалат фторидін немесе кальций
хелаттаушы агенттерді енгізгенде паратгормонның секрециясы 
бірден артады. Қан құрамындағы фосфор концентрациясының 


346 
артуы да осылай әсер етеді, яғни ионданған кальцийдің 
концентрациясын төмендетеді. Керісінше қандағы Са
2+
мөлшері 
артқанда гормонның секрециясы тежеледі. Осылайша қандағы Са
2+ 
деңгейі кері байланыс механизмін қолдану арқылы оның 
секрециясын реттейді. Паратгормонның жартылай ыдырау кезеңі 20-
30 минутты құрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет