Вазопресин және окситоцин. Гипофиздің артқы бөлігінің
гормондарына шартты түрде вазопресин мен окситоцинді
жатқызады. Себебі, олар гипоталамустың ерекше нейрондарында
рибосомальді
жолмен
синтезделеді.
Сол
жерден
әртүрлі
нейрондармен гипофиздің артқы бөлігіне тасымалданып, тікелей
қанға түседі. Олармен бірге бір мезгілде гипоталамуста
нейрофизин-1 және нейрофизин-2 деген 2 белок синтезделеді.
нейрофизин-1 оцитоцинді, ал нейрофизин-2 вазопресинді ковалентті
емес
жолмен
байланыстырып
гипоталамустың
секреторлы
түйірлеріне тасымалдайды.
Нейрофизин-гормон комплексі аксонның бойымен жылжып,
гипофиздің артқы бөліміне барады, сол жерде комплекс
диссоцацияланады нәтижесінде гормон және нейрофизин түзіледі,
босаған гормон қанға түседі. Нейрофизиндердің біріншілік
құрылымы анықталған және таза күйінде бөлініп алынған.
Нейрофизин-1 92, нейрофизин-2 97 амин қышқылдарының
қалдығынан түзілген. Бұл гормондар
нонапептидтер- болып
табылады. Бұл екі гормон ұқсас, айырмашылығы:
-ші орындағы изолейцин
фенилаланинмен; 8 -ші орындағы лейцин
аргининмен ауыстырылған.
Орналасудың мұндай тәртібі адам, маймыл, жылқы, ірі қара мал
және иттің вазопресині үшін анықталған.
Доңыз вазопресиніндегі 8-ші
аргинин орынында лизин болады. Сондықтан
лизин-вазопрессин
деп аталады. Барлық
омыртқалыларда (сүт қоректілерді есепке алмағанда)
вазотоцин гормоны табылған. Вазопресиннің 3-ші амин қышқылы қалдығы
фенилаланинің орнына вазотоцинде изолейцин қалдығы орналасқан
ал, окситоциндегі 8-ші орындағы лейцин аргининге ауысқан.
Молекуласындағы аминдік аймағы окситоцинның құрылымына, ал
карбоксильді аймағы вазоприсинге сәйкес келеді.
Эволюция тұрғысынан қарағанда барлық нейрогипофизаралық
гормондар жеке арыбарлығына ортақ негізін салушыдан: атап
айтқанда,