348
Вазопрессиннің биологиялық әсері
–
окцитоцинге ұқсас,
бірақ негізгі қызметі су алмасуды реттейді. Ол аз ғана
концентрацияда (1 кг дене масасына 0,2 нг) күшті антидиуртикалық
әсер береді – бүйрек каналшалары мембраналары арқылы судың кері
ағуын стимульдейді.
(8.20).
Қалыпты жағдайда адам организмі қан плазмасының осмостық
қысымын және су тепе-теңдігін бақылайды.
Патология жағдайында гипофиздің
артқы бөлімінің қызметі
бұзылғанда, қантсыз диабет пайда болады.
Бұл ауру зәрмен бірге өте көп мөлшерде сұйықтықтың
бөлінуімен сипатталады. Бұл жағдайда бүйректің каналшасынан
судың қайта сіңірілуі бұзылады.
Әсер ету механизмі.
Нейрогипофизаралық гормондардың әсер
ету
механизмі, атап айтқанда вазопрессин үшін аденилатциклаздық
жүйе болып табылады. Нақты механизмі анықталмаған.
Стероидты гормондар арнайы
мРНК мен сәйкес белоктардың
синтезіне әсер етеді.
Алдымен клетканың цитоплазмсында
стероид-рецептор
комлпексі түзіледі, соңынан соң
бұл комплекс цитоплазмада
өзгерістерге ұшырап, ядроға өтіп хроматинмен байланысады.
Байланыс түзуге хроматиннің қышқыл белоктары және тікелей
ДНК-ның өзі қатысады. Бірақ, бүйректе
судың тасымалдануына
вазопрессиннің қалай әсер ететіндігі, дәл анықталмаған.