9-тарау. Сулы – тұзды алмасуы. 9.1. Организм сұйықтығының таралуы, құрамы, көлемі. Организм сұйықтықтарының таралуы. Клетка өзінің ерекше
қызметін атқару үшін тұрақты өмір сүру ортасының болуы, қоректік
заттармен ағзалардың қамтамасыз етілуі қажет және зат алмасудың
соңғы өнімдері әрдайым, сыртқа шығарылуы тиіс.
Организмнің ішкі ортасының негізі сұйықтықтан құралған. Дене
массасының 60-65% сұйықтық құрайды. Организмдегі барлық
сұйықтықтар клеткаішілік және клеткадан тыс болып бөлінеді.
Клеткаішілік сұйықтық клетканың ішінде орналасады.
Ересек адамдарда клеткаішілік сұйықтық барлық сұйықтықтардың
2/3 бөлігін немесе дене салмағының 30-40% құрайдыКлеткадан тыс
сұйықтық барлық сұйықтықтың 1/3 бөлігін немесе дене массасының
20-25% құрайды. [30].
Клеткадан тыс сұйықтықтың бірнеше түрі болады.
-
Интерстициальды сұйықтық – клетканы қоршап тұрады.
-
Лимфа интерстициальды сұйықтыққа жатады.
-
Тамырішілік деп тамыр ішіндегі сұйықтықты айтады.
-
Трансцеллюлярлы сұйықтық, денедегі арнайы сұйықтық. Оған
жұлын, ми, синовиальды, көз ішілік сұйықтықтар және асқорыту
сөлдері жатады.
Сұйықтықтардың құрамы. Барлық сұйықтықтар судан және онда еріген заттардан тұрады.
Су адам ағзасының негізгі құрам бөлігі болып табылады. Ересек
адамда су дене салмағының 60%-ын, ал әйелдерде 55%-ын құрайды.
Ағзадағы судың мөлшеріне әр түрлі факторлар әсер етеді (жасы, май
тіні, жынысы).
Адамның жасына байланысты судың мөлшері өзгереді.
Жаңа
туылған нәрестеде су дене массасының 70%-ын, 6-12 айлық
нәрестеде 60%-ын, кары адамдарда 45-55%-ын құрайды.
Ағзадағы судың біртіндеп азаюы бұлшықет массасының азаю
салдарынан болады.
Майлы клеткалар құрамында су өте аз болады, сондықтан
ағзада майдың мөлшері көбейген сайын судың мөлшері азаяды.
Жынысына қарай әйелдердің ағзасында судың мөлшері
салыстырмалы түрде аз, себебі майдың мөлшері басым болады.
Сұйықтықтардың құрамы ғана емес, сонымен қатар жалпы
352
сипаттамаларының маңызы бар, оларға: сұйықтықтың мөлшері,
осмоляльдығы және рН- көрсеткіші жатады .