505
Бұлшық еттерінде «қызыл» («баяу») талшықтар көп болатын
адамдардың бұлшықеттері орташа қарқынмен ұзақ уақыт жұмыс
істеуге бейімделген болып келеді., сондықтан оларға морофон
жүгірісіне (40км) қатысуға болады.
Миодистрофия мен денервациясы бар бұлшықеттердегі
биохимиялық өзгерістер.
1. Миофибриллярлы белоктардың мөлшері азаяды, стромалық,
кейбір саркоплазмалық белоктар және миоальбуминдер көбейеді.
2. АТФ және креатинфосфаттың
мөлшері төмендейді, карнозин мен
ансериннің мөлшері азаяды.
3. Сфинголипидтер
мен
лизофосфатидтер
жоғарылайды,
глицерофосфолипидтер төмендейді яғни липидтік құрамиы өзгереді.
4. Креатинкиназа активтілігінің азаюына байланысты креатиннің
фосфорлануы
төмендейді. Бұлшықет
тіндерінің
көптеген
патологиялары кезінде креатин
метаболизмінің бұзылыстары
байқалады және ол көптеп зәр арқылы (креатинурия) бөлінеді.
Ұзақ мерзімді қысылу синдромы (краш-синдрлом).
Гемоглобин сияқты қан плазмасында еркін жүрген миоглобин
өте улы әсер етеді. Миоглобиннің ірі молекулалары бүйрек
түтікшелерін бітеп, некрозға әкелуі мүмкін. Еркін миоглобин
тіндердің оттегімен қамтамасыз етілуін нашарлатып,
гипоксия
тудырады, себебі эритроциттердегі гемоглобинмен конкурентті
түрде өкпеде оттегіні байланыстырады,
бірак тіндерге оттегіні
босатпайды. Бос миоглобинмен организмнің улануы тіндік
гипоксия мен бүйрек жетіспеушілік салдарынан болады. Ауыр
жарақаттанудан бұлшықет тіндерінің едәуір мөлшері жаншылады
және ұсақталады, бұның салдары өлімге әкеледі. [5].
Гипокинезия
– қозғалу активтілігінің елеулі шектелуі. Соңғы
100 жылда адамдардың қозғалу активтілігі шамамен 20 есе азайды.
Қозғалу активтілігіңнің күрт төмендеуі барлық органдарға кері
әсерін тигізіп, гиподинамикалық синдромға әкелді.
Гиподинамикалық
синдром проприоцептивтік ақпараттың
бұзылыстарына немесе нашарлауына
байланысты болады және екі
кезеңде дамитын стресс шақырады:
1-ші кезең:
- контринсулярлы
гормондардың
деңгейі
жоғарылайды:
катехоламиндер, тиреоидты гормондар, глюкокортикоидтар;
- протеолиз, липолиз, глюконеогенез активтенеді:
- қан құрамында май қышқылдарының концентрациясы артады;
506
- биологиялық тотығу мен тотығудан фосфорлану ажыратылады;
- катаболизм процестері күшейеді;
- жылу өндіру артады;
Достарыңызбен бөлісу: