Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


Анаэробты гликолиздің энергетикалық балансы



Pdf көрінісі
бет55/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

Анаэробты гликолиздің энергетикалық балансы
 
Гликолиз кезінде 210 кДж энерия бөлінеді. Оның 80%-ы 4 
молекула АТФ-тың синтезіне жұмсалады. 
Процесс глюкозадан басталса, глюкозаның фосфарлануына және 
фруктозофосфаттың түзілуіне 2 молекула АТФ жұмсалады, ал 
гликогеннен басталса, 1 молекула АТФ фруктозодифосфаттың 
түзілуіне жұмсалады, үш АТФ үнемделеді. 
Гликолиз өте ертеден келе жатқан, жер бетінде оттегінің 
мөлшері өте төмен заманда пайда болған процесс. Ол энергия бөлу 
жағынан тиімсіз және үнемсіз, көп мөлшерде гликогенді, глюкозаны 
қажет етеді.
Соңына дейін тотықпаған өнімдер түзіледі және түзілген аралық 
өнімдері бойынша ашу процесіне ұқсайды. 
Ашыту. 
Кейбір ашыту процестерінің негізінде гликолиз жатыр
яғни анаэробты жағдайда микроорганизмдермен көмірсулар 
катаболикалық алмасуларға ұшырайды.
 
Сүт қышқылды ашу
 
(2.10). 
Спиртті ашу
 
 


60 
Ашыту, көмірсулардың анаэробты ыдырауы сияқты, клетка 
ішілік тотығу-тотықсыздану процесі арқылы өтеді, бірақ сонғы 
электрондар мен протондардың акцепторы рөлін оттегі емес, 
органикалық қосылыстар атқарады. [39]. 
Анаэробты жағдайда гликолиз реакцияларының химизмі, сүт 
қышқылының гомоферментативті ашуымен бірдей болады.
Нәтижесінде, глюкозадан жүз пайызға жуық өнім- сүт қышқылы 
түзіледі, ал гетероферментативті сүт қышқылының ашуы кезінде 
глюкозадан сүт қышқылына қоса метаболизм процесінің басқа да, 
өнімдері түзіледі. Спирттік және сүт қышқылды ашу микроб 
ферменттерінің қатысуымен жүреді. ПЖҚ түзілгенге дейін анаэробты 
гликолиз сияқты жүреді. Түзілген ПЖҚ сүт қышқылына немесе 
сәйкес этил спиртіне айналады. (2.10). [51]. 
Кейбір жағдайда ПЖҚ мен лактат глюконеогенезге жұмсалуы 
мүмкін. Бұл процесс негізінен бауырда және бүйректе үздіксіз жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет