64
оған спецификалы активатор ретінде АДФ қажет. Сонымен қатар
ферменттің активтілігі оптимальды болуы үшін Mg
2+
не Mn
2+
иондары қажет. Бесінші реакцияда қымыздық янтарь қышқылының
декарбоксильденуінен α-кетоглутар қышқылы түзіледі..
Алтыншы
реакцияда , α-кетоглутар қышқылы тотығудан
декарбоксильдену реакциясы нәтижесінде , НАДН
2
, СО
2
және
активті янтарь қышқылын түзеді. Реакцияны α-кетоглутарат
дегидрогеназды мультиферментті комплекс катализдейді.
Жетінші реакцияда активті
янтарь қышқылы субстраттан
фосфорлану реакцисына түседі. Реакция нәтижесінде бір молекула
ГТФ және янтарь қышқылы түзіледі. Келесі реакцияны
сукцинатдегидрогеназа
ферменті катализдейді, ФАДН
2
түзіледі.
Түзілген фумар қышқылы суды қосып алып, малатқа айналады.
Оныншы реакцияда, малат малатдегидрпогеназа
ферментінің
қатысуымен тотығу – тотықсыздану реакциясы жүреді, нәтижесінде
НАДН
2
және қымыздық сірке қышқылы түзіледі. Цикл тұйықталады,
түзілген қымыздық сірке қышқылы келесі айналымға қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: