65
3-ші кезеңде, биологиялық тотығу тізбегіне глюкозаның
аэробты тотығу процесі барысында түзілген аралық өнімдері,
тотығу - тотықсыздану реакцияларына түседі,
яғни дегидрлену
реакциялары тізбегінде, сутегі атомдары мен электрондардың
тасымалдануы кезінде энергия бөлінеді. (2.12). [53].
Осы
энегияның бір бөлігі жылу түрінде бөлініп, дене
температурасын ұстап тұруға жүмсалады, ал
тотығудан фосфорлану
реакциялары кезінде энергияның басым бөлігінен химиялық
универсалды АТФ энергиясы синтезделеді.
Сонымен қатар, глюкозаның аэробты тотығу процесі кезінде
эндогенді су түзіледі
және СО
2
бөлінеді.
Глюкозаның
оттегі
қатысуымен ПЖҚ- ға дейін тотығуын екі сатыда қарастырады.
1-сатысы: Глюкозаның аэробты ыдырауы ПЖҚ түзілгенге
дейін анаэробты гликолиз сияқты жүреді.
Түзілген ПЖҚ цитоплазмадан митохондрияға өтіп, тотығудан-
декарбоксильдену реакциясы нәтижесінде Ацетил-КоА (АСҚ) ға
айналады. (2.13). [54].
Ацетил – КоА - белок, липид, көмірсу алмасуларында маңызды
орын алады және кетон денелері,
холестерин, май қышқылдары т.б
заттардың синтезделу көзі болып табылады.
(2.13)
Бірақ, Ацетил - КоА–ң негізгі массасы (80-90%-ы)
Кребс
цикліне
түседі. Сол жерде тотығып, 2СО
2
түзіледі.
3НАД, 1ФП тотықсызданады, және 1 молекула ГТФ-те энергия
аккумулирленеді.
Сонымен
қатар,
ПЖҚ
карбоксильдену
66
реакциясына
пайдаланылады, бұл кезде қымыздық сірке қышқылы
түзіледі және қайта аминдеу реакциясына жұмсалады. Бұл реакция
энергия жүмсау арқылы жүреді
2-сатысы: Митохондрия матриксінде түзілген
активті сірке
қышқылы, үш карбон қышқылының циклінде (ҮКҚЦ) тотығады
және декарбоксилденеді. (2.14). [55].
Қымыздық сірке қышқылы ҮКҚЦ-де түзілетін соңғы өнім, ол
ҮКҚЦ –нің келесі айналымында катализаторлық қызмет атқарады.
ҮКҚЦ-ның мәні:
тотықсызданған дегидрогеназалар 3НАДН
2
және ФАДН
2
түрінде сутегі қорын түзеді.
Түзілген НАДН
2
және ФАДН
2
биологиялық тотығу тізбегінде, қайта
тотығады.
Достарыңызбен бөлісу: