Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


Анаэробты гликолиздің маңызы



Pdf көрінісі
бет56/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

Анаэробты гликолиздің маңызы. 
1. Анаэробты гликолиз арлық клеткаларда жүреді. Бұл 
авариялық жол: гипоксия жағдайында, таулы аймақта, уланғанда, 
анемия, тыныс алу жолдарының аурулары, жүрек-қантамырлары 
патологиялары кезінде организмді энергиямен қамтамасыз етеді. 
2. Гликолиздің 
кейбір метаболиттері синтез процестеріне 
жұмсалады, (триозофосфаттар, ПЖҚ, сүт қышқылы). 
Табиғаты көмірсу емес метаболиттерден глюкозаның синтезделуі 
глюконеогенез деп аталатыны белгілі. Мұндай метаболиттерге бірінші 
кезекте пируват пен лактат және гликогенді аминқышқылдары 
жатады. Глюконеогенез әсіресе омыртқалылардың бауыры мен 
бүйрегінде (қыртысты қабатында) қарқынды жүреді. 
Глюконеогенез кезеңдерінің көпшілігі гликолизге қарама қарсы 
реакциялардан тұратын, яғни бір жағынан гликолиз реакцияларына 
қарама-қарсы бағытта жүретін процесс сияқты болып көрінгенімен, 
бірақ гликолиздің үш реакциясы қайтымсыз екендігіне байланысты
осы реакцияларды басқа ферменттердің көмегімен айналып өтеді. [19].
Глюконеогенез процесі ПЖҚ мен шектеледі. ПЖҚ-дан
қымыздық сірке қышқылы арқылы ФЭП түзіледі. ПЖҚ АТФ-тің бір 
молекуласын пайдаланып карбоксильденеді, нәтижесінде ҚСҚ-ы 
түзіледі. Сонан соң ҚСҚ декарбоксильденіп, фосфорланғанда, 
фосфоэнолпируват пайда болады, 2-ші көміртегінде энергияға бай 
макроэрг байланысы бар ФЭП түзіледі.
 
(2.11). [52].


61 
(2.11) 
(2.11). 
2ПЖҚ+4АТФ+2УТФ+2НАДН

+2Н
2
О → 
→ глюкоза+4АДФ+2УДФ+6Н
3
РО
4
+2НАД 


62 
Фруктозо-1,6-дифосфат 
фруктозо-1,6-дифосфатаза 
көмегімен 
дефосфорильденіп, фруктозо-6-фосфатқа айналады.
Түзілген фруктозо-6-фосфат изомеразаның әсерінен глюкозо-6-
фосфатқа 
изомерленеді. 
Соңғысы, 
дефософрильдену 
арқылы 
глюкозаға айналады немесе глюкозо-1-фосфатқа айналып, гликогеннің
синтезіне жұмсалады. Осылайша глюконеогенез барысында алты 
жоғарғы энергетикалық байланыстарда шоғырланған энергия 
жұмсалады. Глюконеогенез бен гликолиз жылдамдықтары осы 
процестердегі жеке ферменттер активтілігінің реттелуіне байланысты 
жүреді, және бір мезгілде жоғарғы деңгейге жете алмауы 
активтіліктерінің реттелуіне байланысты болады. 
Аталаған процестердегі қайтымсыз реакцияларды катализдейтін 
ферменттердің активтіліктері реттеледі. [19]. 
АМФ фосфофруктокиназаны стимульдейді, ал фруктозо-1,6-
дифосфатазаны 
ингибирлейді.Глюконеогенез 
реакцияларының 
жалпы көрінісін төмендегідей жазуға болады. 
Яғни 
фруктозо-6-фосфаттың 
фосфорилдену 
реакциясы 
гликолиз жылдамдығы мен АТФ-тің аз мөлшерінде күшейуін 
шектейді. Фруктозо-1,6-дифосфат пируваткиназаны стимульдейді, 
ал АТФ керісінше тежейді. 
Пируваткарбоксилазаның активтілігі ацетил-КоА-мен 
стимульденеді; АМФ-пен баяулайды. Осылайша клеткада ацетил-
КоА және АТФ жеткілікті болғанда ПЖҚ-дан глюкоза синтезделеді. 
АТФ, НАДН
2
-нің жоғары концентрациясы гликолизді ингибирлейді. 
Гликолиздің 
қайтымсыз 
реакцияларын 
жылдамдататын 
ферменттер: гексокиназа, фосфофруктокиназа пируваткиназа

Бұл 
ферменттер фосфотрансферазалардың өкілдері болып табылады 
және АТФ-тен Н
3
РО
4
-тің қалдығын қайтымсыз тасымалдайды. 
Глюконеогенездің айналып өту жолындағы реакциялары 
пируваткарбоксилаза, фосфоэнолпируваткарбоксикиназа,
фруктозо-1,6-дифосфатаза
,
глюкозо-6-фосфатаза ферменттерімен
катализденеді. [19].
Глюконеогенез процесі қанда глюкозаның мөлшері 
төмендегенде, көмірсу тектес тағамды пайдаланбағанда, толық 
аштық , қант диабеті кезінде орын алады.
 
Қандағы қышқыл өнімдер - ПЖҚ, сүт қышқылы, глюкогенді 
амин қышқылдары глюконеогенез жолымен негізінен бауырда 
глюкозаның синтезіне жұмсалады және гомеостазды сақтап тұруға 
қатысады. Глюконеогенез жолымен тәулігіне кем дегенде 80 гр 


63 
глюкоза түзіледі. Бауырдың әр түрлі патологиялық жағдайларында: 
циррозда, майлы инфильтрацияда глюконеогенез бұзылады. Бұл 
кезде сүт қышқылы жиналады, ацидоз дамиды, ацидоз ОЖЖ-не 
жағымсыз әсер етеді. [7]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет