Жаңа сабақты бекіту жұмысы
Үстеуді мағыналық тобына, тұлғасына қарай ажырат.
Бұдан бұрынғы екі күндік жолда үлкендер жылдам жүрмей, баланың шыдамын әбден тауысқан-ды. Құлағы көптен мүкіс тартқан кәрі әжесінің ең бір жақсы көретін немересі Абай-ды. Абай жалт қарап барып, жаңа көрді. (М.Ә). Тал түсте үйіне зорға жетті. Бәрі де Нұртаза мен Мұсабайдан төмен отырды. (М.Ә.). Күндіз өзіне жем іздейді, не өзінің басқаға жем болмауын көздейді.(Ғ.Мұст.).
Үлгі: жылдам - негізгі үстеу, қалай? сын-қимыл.
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
ІІІ кезең
Деңгейлік тапсырмалар
І деңгей
1. Көп нүктенің орнына мезгіл үстеулерді қойып жаз.
Парк
… заманда адамдар үйлерінің маңына көкініс, жеміс ағаштарын, емдік өсірген. … олар көркімен көз тартатын небір әдемі өсімдіктерді еге бастады. ….. бастап, парктер дүниеге келген.
II деңгей
1. Мына тұрақты тіркестердің мағынасын анықтап жаз.
Кісі аяғы басылғанда, шай қайнатым, сүт пісірім, ит өлген жерде, ит арқасы қияңда, көз байлана.
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2. а) Мынадай үстеулер қай жұмбақтарда кездесетін еді? Мағынасына қарай бұлар қандай үстеулер?
а) Таңертең, түсте, кешке;
ә) Таң атқанша, таң атқан соң;
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |