б) Кейін, содан үстеулерін бірде мекендік, бірде мезгілдік мағынада қолданып, әрқайсына екіден төрт сөйлем ойлап жаз. ________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
ІІІ денгей Үстеудің мағыналық түрлерін қолдана отырып, «Таңғажайып оқиға» тақырыбына шағын әңгіме жаз. ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
ЕСІҢЕ САҚТА! Үстеулер білдіретін мағынасына қарай мынадай түрлерге бөлінеді: 1) мезгіл үстеуі; 2) мекен үстеуі; 3) сын-қимыл (бейне) үстеуі; 4) мөлшер үстеуі; 5) күшейткіш үстеуі; 6) мақсат үстеуі; 7) себеп-салдар үстеуі.
Мезгіл үстеулері қимылдың жалпы мерзімін я дәлді мезгілін білдіреді де, қашан? Қашаннан сияқты сұрауларға жауап береді. Мысалы: әсте, ертеден, кейде, таңсәріде, әрқашан. т.б.
Мекен үстеулері қимылдың орнын(мекенін), бағытын білдіреді де, қайда?, қайдан? сияқты сұрауларға жауап береді. Мысалы: тысқары, жол-жөнекей, әріде, әрмен, жоғары, төмен, т.б.